"Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 233 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 29 маусымда № 34682 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары

      "21-1. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру

      21-2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу түрінде жедел ден қою шараларын қолдануға:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген талапты;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген талапты;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген талапты;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген талапты бұзу негіз болып табылады.

      21-3. Алты ай мерзімге ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 30-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген талаптарды;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 31-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзу негіз болып табылады.

      21-4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген талапты;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаның 2 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарды;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген талап;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 25-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген талапты;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 26-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген талапты;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 27-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген талапты;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 28-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген талапты;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 30-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген талапты;

      9) осы бірлескен бұйрыққа 31-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген талапты бұзу негіз болып табылады.

      21-5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты ай мерзімге қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаның 3 және 5-тармақтарында көрсетілген талаптарды;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген талапты бұзу негіз болып табылады.";

      көрсетілген өлшемшарттарға 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі __________Н. БайбазаровҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы __________А. Бердалин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары –
  Ұлттық экономика министрі
  2024 жылғы 29 маусымдағы № 56
  мен Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  міндетін атқарушы
  2024 жылғы 28 маусымдағы
  № 233 бірлескен бұйрығына
  қосымша
  Ветеринария саласындағы
  тәуекел дәрежесін
  бағалау өлшемшарттарына
  2-қосымша

Ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін анықтауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер, xi

1-шарт / мәні

2-шарт / мәні

1

2

3

4

5

1. Ірі қара малды (1000 және одан да көп шартты бастардан бастап), ұсақ малды (1000 және одан да көп шартты бастардан бастап), шошқаларды (1000 және одан да көп шартты бастардан бастап) өсіру, азықты және азықтық қоспаларды; бал және балара шаруашылығы өнімдерін өндіру; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтау; азықты және азықтық қоспаларды сақтау және өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін анықтауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалмауы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

 
10

 
Орындалуы / 0%

 
Орындалмауы / 100%

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

2.

Есепке алу нөмірінің болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
40

 
Болуы / 0%

 
Болмауы /100%

2. Құстарды (1000 және одан да көп шартты бастардан бастап) өсіру; балық және балық өнімдерін дайындау және өңдеу; етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеу; жануарларды сою; сүт өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін анықтауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптау туралы есепті ұсынбауы (индексі: 1-вет, ай сайын)

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
50

 
Есептің уақтылы ұсынылуы / 0%

 
Есептің ұсынылмауы / 100%

2.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалмауы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

 
10

 
Орындалуы / 0%

 
Орындалмауы / 100%

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

3.

Есепке алу нөмірінің болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
40

 
Болуы / 0%

 
Болмауы /100%

3. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптау туралы есепті ұсынбауы
(индексі: 1-вет ай сайынғы)

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
50

 
Есептің уақтылы ұсынылуы / 0%

 
Есептің ұсынылмауы / 100%

2.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалмауы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

 
10

 
Орындалуы / 0%

 
Орындалмауы / 100%

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

3.

Оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
50

 
Сәйкес келеді / 0%

 
Сәйкес келмейді / 100%

4. Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың бар-жоғы және олардың жұмсалуы туралы есептің ұсынылмауы (индексі: 3-вет, ай сайынғы)

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
40

 
Есептің уақтылы ұсынылуы / 0%

 
Есептің ұсынылмауы / 100%

2.

Жануарлардың аурулары туралы есептің ұсынылмауы (индексі: 5-вет, ай сайынғы)

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
50

 
Есептің уақтылы ұсынылуы / 0%

 
Есептің ұсынылмауы / 100%

3.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалмауы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

 
10

 
Орындалуы / 0%

 
Орындалмауы / 100%

5. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Ветеринариялық препараттарды өндiру туралы есептің ұсынылмауы (индексі: 4-вет, ай сайынғы)

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
50

 
Есептің уақтылы ұсынылуы / 0%

 
Есептің ұсынылмауы / 100%

2.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалмауы

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

 
10

 
Орындалуы / 0%

 
Орындалмауы / 100%

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

3.

Оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
50

 
Сәйкес келеді / 0%

 
Сәйкес келмейді / 100%

6. Ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті; дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дегельминтизация жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

1.

Оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
50

 
Сәйкес келеді / 0%

 
Сәйкес келмейді / 100%

7. Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзуді; жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін

1.

Есепке алу нөмірінің болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

 
50

 
Болуы / 0%

 
Болмауы /100%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады