"Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығы бұйрығына толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34685 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20412 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысында:

      18-тармақ келесі мазмұндағы 26) тармақшасымен толықтырылсын:

      "26) кондоминиум объектісінде пәтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады