Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34686 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 49 Бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21562 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы"

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 105-бабының 3) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №ҚР ДСМ-62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23627 тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген "Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Осы "Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №ҚР ДСМ-13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22157 тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ ҚР ДСМ-169/2020
бұйрығымен бекітілген

Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 3) тармағына сәйкес әзірленген және халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алуды мен есептілігін жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу тәртібі

      2. Халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу және есепке алу пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан, аурудың анықталған орны бойынша жүргізіледі.

      3. Медициналық ұйымдарда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2-тармақтарына сәйкес инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғалары жеке есепке алынуға жатады.

      4. Аумақтық бөлімшелерде инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу және жеке есепке алу, инфекциялық немесе паразиттік ауру (күдік) анықталғаны туралы электронды шұғыл хабарлама негізінде жүргізіледі.

      5. Аудандық (қалалық) фтизиопульмонология ұйымы (бөлімше, кабинет) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге алынған хабарламаның негізінде белсенді туберкулезбен ауыратын жаңадан анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді салыстыру үшін жібереді.

      6. АИТВ инфекциясы оқиғаларын есепке алуды және тіркеуді АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күні аумақтық бөлімшеге АИТВ инфекциясының жаңадан анықталған оқиғаларының саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды.

      8. Медициналық ұйымдарда жеке есепке алуға және аумақтық бөлімшелерде жиынтық есепке алуға Тізбенің 3-тармағына сәйкес инфекциялық аурулар жатады.

      9. Тұмаумен, оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларымен, АИТВ-инфекциясымен және басқа да функционалдық ішек бұзылулары аурулары оқиғаларында хабарлама берілмейді, осы ауруларды есепке алу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда жүргізіледі.

      10. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге науқастардың саны туралы жиынтық деректерді хабарлайды.

      11. Меншік нысанына қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда, ұйымдардың медициналық кабинеттерінде меншік нысанына қарамастан Кодекстің 7-бабының 31) тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша инфекциялық ауруларды есепке алу электронды журналы жүргізіледі, оған науқас туралы мәліметтер енгізіледі.

      12. Медициналық ұйымдарда инфекциялық және паразиттік ауруларды тіркеу, есепке алу үшін медициналық ұйымдарда басшы қамтамасыз етеді.

      13. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте басқа өңірлерден келген адамдарда инфекциялық, паразиттік ауру және (немесе) улану оқиғасы анықталған жағдайда аумақтық бөлімше аурулардың ошақтарында тиісті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін науқастардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшені хабардар етеді.

3-тарау. Халықтың инфекциялық, паразиттік аурулары және (немесе) улануы оқиғаларын тергеп-тексеру тәртібі

      14. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің (бұдан әрі – ИКҚК) барлық жағдайлары, сондай-ақ ИКҚК-ке күдікті жағдайлар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті және шұғыл хабарлауға жатады.

      15. ИКҚК-ның есеп беру нысанын медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МАЖ) толтырады. ИКҚК жағдайларын беруге қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) МАЖ интеграциясы болмаған жағдайда, хабарлама ҚР ДСМ АЖ-не толтырылады.

  Инфекциялық, паразиттік
аурулар және (немесе)
улану оқиғаларын,
иммундаудан кейінгі
қолайсыз көріністерді
тіркеу, есепке алу мен
есептілігін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасында тіркеуге және есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесі

      1. Медициналық ұйымдарда және аумақтық бөлімшелерде жеке есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:

      1) тырысқақ (А00);

      2) іш сүзегі (А01.0);

      3) А, В, С, нақтыланбаған қылауы (А01.1-А01.4);

      4) басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02);

      5) шигеллез (бактериялық дизентерия) (АОЗ);

      6) басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9);

      7) Yersіnіa enterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6);

      8) басқа айдарларда аурулардың жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05);

      9) амебиаз (А06);

      10) вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08);

      11) ротавирусты энтерит (А08.0);

      12) туберкулез (А15-А19);

      13) оба (А20);

      14) туляремия (А21);

      15) күйдіргі (А22);

      16) бруцеллез (А23);

      17) лептоспироз (А27);

      18) пастереллез (А28.0);

      19) листериоз (А32);

      20) сіреспе (А33-А35);

      21) дифтерия (А36);

      22) көкжөтел (А37);

      23) жәншау (А38);

      24) менингококк инфекциясы (А39);

      25) легионерлер ауруы (А48.1);

      26) орнитоз, пситтакоз (А70);

      27) риккетсиоздар (А75-А79);

      28) жіті полиомиелит (А80);

      29) нақтыланбаған және басқа да параличті жіті полиомиелиті (А80.3)

      30) құтырма (А82);

      31) вирусты менингит (А.87.0; А.87.1; А.87.8; А.87.9);

      32) буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99);

      33) сары қызба (А95);

      34) желшешек (В01);

      35) қызылша (В05);

      36) қызамық (В06);

      37) аусыл (В08.8);

      38) вирусты гепатит (В15-В18);

      39) эпидемиялық паротит (В26);

      40) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Streptoccus pneumoniae (В95.3);

      41) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Haemophilus influenzae (Haemophilus influenzae) (В96.3);

      42) нақтыланбаған бактериалдық менингит (G00.9);

      43) медицналық түсік (О 04.0; О 04.5);

      44) көбінесе босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты асқынулар (О85; О86; О90.0; О90.1; О 91);

      45) перинатальдық кезеңге тән инфекциялық аурулар (Р35.0; Р35.3; Р35,8; Р36-Р39);

      46) басқа да айдарларда жіктелмеген хирургиялық және терапиялық араласу асқынулары (Т.80.2; Т.81.3; Т.81.4; Т.82.6; Т.82.7; Т.83.5; Т.83.6; Т.84.5-Т.84.7; Т.85.7; Т.88.0; Т.88.1;);

      47) коронавирустық инфекция CОVID-19 (U07.1; U07.2

      48) егеуқұйрықтың тістеуі (W53);

      49) иттің тістеуі немесе соққысы (W54);

      50) басқа сүтқоректілердің тістеуі немесе соққысы (W55);

      51) іш сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.0);

      52) асқазан-ішек ауруларының қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.1);

      53) дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2);

      54) басқа нақтыланбаған бактериялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық(Z22.3).

      2. Медициналық ұйымдарда және аумақтық бөлімшелерде жеке есепке алынуға жататын паразиттік аурулар:

      1) лямблиоз (А07.1);

      2) Лайм ауруы (А.69.2);

      3) вирустық кене энцефалиті (А84);

      4) дерматофития, оның ішінде эпидермофития, трихофития, микроспория, фавус (В35);

      5) безгек (В50-В54);

      6) лейшманиоз (В55);

      7) токсоплазмоз (В58);

      8) гельминтоздар (В65-В83);

      9) педикулез (В85);

      10) қышыма (В86);

      11) басқа да инфекциялық аурулардың қоздырғышын тасымалдаушылық (безгек) (Z22.8).

      3. Медициналық ұйымдарда жеке есепке алынуға және аумақтық бөлімшелерде жиынтық есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:

      1) көбінесе жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар (А50-А53);

      2) гонококк инфекциясы (А54);

      3) хламидиялық инфекция (А55; А56);

      4) адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған ауру (АИТВ) (В20-В24);

      5) оқшаулануы нақтыланбаған вирустық инфекциясы (В34.0; В34.1; В34.2);

      6) оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары (J06);

      7) тұмау (J10-J11);

      8) басқа да функционалдық ішек бұзылулары (К59.1; К59.9);

      9) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудырған симптомсыз инфекциялық мәртебе (Z21).

  Инфекциялық, паразиттік
аурулар және (немесе)
улану оқиғаларын,
иммундаудан кейінгі
қолайсыз көріністерді
тіркеу, есепке алу мен
есептілігін жүргізу
қағидаларына
2 қосымша
Нысан

Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер туралы хабарлау нысаны


Тіркелген ИКҚК сәйкестендіру №:



*Науқастың ТАӘ:
*Науқастың толық мекенжайы:
Телефон:
Жынысы: ☐ Е ☐ Ә
*Туған күні (КК/АА/ЖЖЖЖ): __ __/__ __/__ __ __ __ __ __

*Хабарлаушы тұлғаның ТАӘ
Мекеме/лауазымы/бөлім/мекенжайы
Телефон және е-mail
Денсаулық сақтау жүйесін хабардар ету күні
(КК/АА/ЖЖЖЖ): _ _ / _ _ / _ _ _ _
Ағымдағы күн (КК/АА/ЖЖЖЖ): _ _ / _ _ / _ _ _ _


Мекеменің атауы (немесе егу пунктінің атауы):

Вакцина

Еріткіш

* Егілген вакциналардың атауы

* Вакцинациялау күні

* Вакцинациялау уақыты

Доза (мысалы., 1-ші, 2-ші және т.б.)/

* Сериялық/партиялық номері

Жарамдылық мерзімі

* Сериялық/партиялық номері

Жарамдылық мерзімі

Дайындық және ерітінді уақыты




















* Қолайсыз жағдай (лар):

ИКҚК сипаттаңыз (белгілері және симптомдары):

☐ Ауыр жергілікті реакция
☐ >3 күн
☐ жақын буынның сыртында
☐ Ұстамалар
☐ фебрильді
☐ афебрильді
☐ Абсцесс
☐ Сепсис
☐ Энцефалопатия
☐ Токсикалық шок синдромы
☐ Тромбоцитопения
☐ Анафилаксия
☐ Қызба ≥38°C
☐ Басқа (көрсетіңіз)................................
ИКҚК даму күні мен уақыты (КК/АА/ЖЖЖЖ):
__ __ / __ __ / __ __ __ __ ☐☐ сағ. ☐☐ мин.
Науқас ауруханаға жатқызылды? ☐ Иә ☐ Жоқ
Науқастың медициналық көмек көрсету жүйесіне жүгінген күні (КК/АА/ЖЖЖЖ):
__ __ / __ __ / __ __ __ __


* Ауыр жағдай? Иә / Жоқ;
Егер Иә
☐ Өлім;
☐ Өмірге қауіп;
☐ Мүгедектік;
☐ Ауруханаға жатқызу;
☐ Туа біткен ауытқулар
*Нәтиже:
☐ Қалпына келу процесінде
☐ Сауығып кетті
☐ Асқынулармен қалпына келді
☐ Қалпына келмеді
☐ Белгісіз
☐ Қайтыс болды
Егер қайтыс болса, өлім күнін көрсетіңіз (КК/АА/ЖЖЖЖ): __ __ / __ __ / __ __ __ __
Аутопсия жүргізілді ма?:
☐ Иә ☐ Жоқ ☐ Белгісіз

Өткен медициналық тарих (ұқсас реакция немесе басқа аллергия эпизодтарын қоса), дәрі-дәрмектерді қатар қолдану және басқа да өзекті ақпарат (мысалы, басқа жағдайлар).
Қажет болса, қосымша парақты пайдаланыңыз:

      Шешім қабылдаудың бірінші деңгейінде толтырылады:

Тергеу қажет?
☐ Иә ☐ Жоқ

Егер иа, тергеудің жоспарланған күнін көрсетіңіз?
(КК/АА/ЖЖЖЖ): __ __ / __ __ / __ __ __ __

      Ұлттық деңгейде толтырылады:

Хабарламаны ұлттық деңгейде алған күні/
(КК/АА/ЖЖЖЖ): __ __ / __ __ / __ __ __ __

ИКҚК жаһандық бірегей сәйкестендіру номері:

Пікірлер орны:

      *Толтыруға міндетті өрістер

      ИКҚК жағдайлары үшін негізгі айнымалылар

Ұсынылатын тақырып

Негізгі көрсеткіштің сипаттамасы

1

Сәйкестендіру ақпараты

Ұлттық орталықта ИКҚК туралы хабарламаны алғаш алған күні

ИКҚК жағдайы туралы ақпарат алғаш рет ұлттық деңгейде түскен күн

2

ИКҚК туралы хабарлаған ел

Бұл деректер алғаш енгізілген елдің атауы

3

Орналасқан жері (мекенжайы)

Жағдайдың географиялық орналасқан орны (мекенжайы)

4

Жеке халықаралық нөмір

Халықаралық деңгейде жағдайдың толық мәліметтері туралы хабарлау үшін пайдаланылатын жеке нөмір

5

Жағдай

Науқастың идентификаторы

Елдің шешімі бойынша науқастың аты немесе аты-жөні

6

Туған күні (немесе)

Туған кезі


ИКҚК басталған кездегі жасы (немесе)

Жасы


ИКҚК басталған кездегі жас тобы

Жас тобы (< 1 жыл, 1-5 жыл, > 5 жыл)

7

Жынысы

Ер немесе әйел

8

Ауру тарихы

Еркін нысандағы мәтін

9

Вакцина

Негізгі күдікті вакцинаның атауы (Жалпы атауы)

Осы ИКҚК-ны туғызды деп күдіктенген вакцина

10

ИКҚК басталғанға дейін алынған басқа вакциналар

Тікелей ИКҚК басталғанға дейін алынған басқа вакциналар

11

Вакцина сериясының нөмірі

Жоғарыда көрсетілген вакциналардың әрқайсысы сериясының нөмірлері

12

Күдікті вакцина дозасының нөмірі

Осы ИКҚК-ны туғызды деп күдіктенген вакцина дозасының нөмірі

13


Еріткіш сериясының нөмірі

Еріткіш сериясының нөмірі (егер қолданылса)

14

Оқиға

Иммундау күні мен уақыты

Вакцинаны енгізу күні мен уақыты

15

ИКҚК симптомдарының пайда болу күні мен уақыты

ИКҚК алғашқы симптомдарының пайда болу күні мен уақыты

16

Клиникалық көріністер

Жағдайдың диагнозы + белгілері мен симптомдары

17

ИКҚК нәтижесі

Сауығу/ қалыпты жағдайды қалпына келтіру; сауығу/ қалыпты жағдайды қалпына келтіру процесінде; сауығу/ қалыпты жағдайды қалпына келтіру болған жоқ; салдарымен сауығу/қалыпты жағдайды қалпына келтіру; өлім; белгісіз

18

Ауырлық дәрежесі

Егер ауру өлімге, өмірге қауіп төндірсе, мүгедектікке, ауруханаға жатқызуға әкелсе, туа біткен даму аномалиялары

19

Кім хабарлады

ИКҚК туралы бірінші хабарлаған адамның аты

ИКҚК туралы алғаш рет хабарлаған адамның аты

20

Мекеме/ орналасқан жері

ИКҚК туралы алғаш рет хабарлаған адамның орналасқан жері (мекенжайы)

21

Лауазымы / бөлімше

Хабарлаған адамның лауазымы

22

Электрондық пошта мекенжайы

Хабарлаған адамның электрондық пошта мекенжайы

23

Телефон

Хабарлаған адамның телефон нөмірі

24


Хабарлама күні

Хабарлама жасалған күн

25

Басқалары

Ескертпелер (егер бар болса)

Еркін нысандағы мәтін

      Қысқартулар тізімі:

      1. ИКҚК – иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер

      2. КК/АА/ЖЖЖЖ – күн/ай/жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады