"Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 шілдеде № 34690 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20856 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарының Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаменті осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 149 Бұйрығына
1 қосымша
  Құрып кету қаупі төнген
жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық
сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын өсімдіктер
дүниесі объектілерін,
олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан
Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға
және (немесе) кері
экспорттауға әкімшілік
органның рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша

"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік қызмет көрсету үшін міндетті құжаттар тізімі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) кері экспортына рұқсат не дәлелді бас тарту.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар бергені үшін мемлекеттік баж "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес алынады және 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем қолма – қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ электрондық үкіметті төлем шлюзі порталы арқылы жүргізіледі.

7

Көрсетілген қызметті берушінің Мемлекеттік корпарацияның және ақпарат обьектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес сағат 17.00-ден кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Экология, және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында – www.ecogeo.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімі;
2) порталда.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш;
2) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесін.
3) Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, орман билеті туралы, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның VI - бабының талаптарына жауап келеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 149 Бұйрығына
2 қосымша
  Құрып кету қаупі төнген
жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық
сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын өсімдіктер
дүниесі объектілерін,
олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан
Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға
және (немесе) кері
экспорттауға әкімшілік
органның рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
комитеті (кімнен)
  _____________________
  (заңды тұлғаның толық
  атауы, жеке тұлғаның
  (жеке кәcіпкердің) аты,
  әкесінің аты (бар болса),
  тегі) мекенжайы
  __________________
  (индекс, облыс, қала,
  аудан, көше, үй №, пәтер
  № (бар болса), телефоны)
  Деректемелері
  _______________ (бизнес
  сәйкестендіру нөмірі,
  жеке сәйкестендіру нөмірі)

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтініш

      Үлгілерді __________________________________ импорттауға,

      (қажеттісінің астын сызу керек)

      экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беруді сұраймын.

1

Импорттау, экспорттау және (немесе) реэкспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, жылжымалы көрмелер, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке басына беру)


2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі


3

Үлгінің сипаттамасы (тірі өсімдіктер, тұқымдар, гүлдер, жапырақтар, тамырлар, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі өсімдіктер үшін - жасы, сәйкестендіру белгілерінің бар-жоғы)


4

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және тағы басқалар)


6

Жеке мақсатта импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт деректер,.


7

Үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификат деректері.


8

Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын деректер.


9

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында мекендеу табиғи ортасынан алып қойған жағдайда орман билетінің нөмірі мен күні.


10

Экспорттаушы мен импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, төлқұжат деректері)


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күні 20____жылғы __"___"______________

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөр орны

      (дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады