2024-2025 жылдар кезеңінде арналған озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 шілдеде № 34691 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 308-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2024-2025 жылдар кезеңіне арналған озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.

      2. "2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20671 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оныңҚазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін хабардар етуді;

      5) Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілгені туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 150 бұйрығымен
бекітілген

2024-2025 жылдар кезеңіне арналған озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары)

Жылдар

Квоталар (тонна)*

2024

4,5

2025

0

      Ескертпе:

      * цифрлар Еуразиялық экономикалық одағының мүше мемлекеттерге үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге рұқсат беру тәртібі қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары кеңесінің шешіміне сәйкес (№ XXIX/14, 2017 жыл) белгіленген.

      Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2020-2023 жылдары әкелген пропорционалды көлемге (Vi(2020), Vi(2021), Vi(2022), Vi(2023) жүзеге асырылады.

      Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11074 тіркелді) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште (бұдан әрі – өтініш) көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi) аспауы тиіс.

      2024 жылдың ішінде белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтінім берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемді (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vi=ki*Vжалпы

      мұндағы:

      Vжалпы - мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2024 жылда тұтынуға рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      ki - сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:



      мұндағы:

      Vi(2020) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2020 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2021) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2021 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2022) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2022 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vi(2023) - сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2023 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2020) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2020 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2021) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2021 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2022) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2022 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;

      Vжалпы(2023) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2023 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады