БҰЙЫРАМЫН:
1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
4) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;";
7 және 8-тармқтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтінішхатты тіркеген күні пана іздеген адамға "Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27181 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.
Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, оған ХЖҚЖАО басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылады.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі пана іздеген адамның куәлігі берілген күннен бастап үш ай мерзімге ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
Пана іздеген адам куәлік алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде дактилоскопиялауға жатады.
8. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда сол күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
Кейіннен пана іздеген адам және өтінішхат ХЖҚЖАО-ға өтінішхатты тіркеу және куәлік беру үшін беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап бір тәулік ішінде ХЖҚЖАО-ға жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) Шекара қызметінен ХЖҚЖАО-ға келіп түскен өтінішхатты ХЖҚЖАО-ға өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні ХЖҚЖАО -ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін пана іздеген адамға міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі.
Пана іздеген адамға медициналық куәландырудан өту тәртібі, одан өтуден бас тарту, сондай-ақ босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қараудың одан әрі рәсімдерін жүргізу үшін ХЖҚЖАО-ға келмеу салдары түсіндіріледі.
Пана іздеген адам міндетті медициналық куәландырудан өткеннен кейін медициналық куәландырудан өткенін растайтын анықтаманы ХЖҚЖАО-ға жеке өзі ұсынады.
Міндетті медициналық куәландырудан өту мерзімі өткен кезде, сондай-ақ пана іздеген адам сауалнама парағын ресімдеумен әңгімелесуден (оның ішінде қосымша) немесе босқын мәртебесін беру туралы одан әрі рәсімінен өту үшін ХЖҚЖАО-ға келмеген кезде ХЖҚЖАО-ға келмеу себептерін түсіндіру үшін ХЖҚЖАО-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі – жазбаша хабарлама) жолдайды.
Егер пана іздеген адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде ХЖҚЖАО-ға келмесе, сол тәртіпте жазбаша хабарлама қайта жолданады. Пана іздеген адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде ХЖҚЖАО-ға келмеген жағдайда өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша хабарлама жолданады.
Өтінішхатты қарауды тоқтатқан жағдайда бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға хабарланады.
26. Өтінішхатты қарау мерзімін ұзарту үшін негіз болған жағдайда ХЖҚЖАО-ның бастығы тиісті шешім қабылдайды, ол туралы пана іздеген адамға 2 (екі) жұмыс күні ішінде пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хатпен хабарланады.
Пана іздеген адам ХЖҚЖАО-ға 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішхатты қарау мерзімін ұзартуға келмеген кезде өтінішхатты қарау тоқтатылады.
Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша ХЖҚЖАО-ның бастығы күнтізбелік бір күн ішінде өтінішхат бойынша шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы пана іздеген адамға 5 (бес) жұмыс күні ішінде босқын куәлігін беру немесе дәлелді бас тарту арқылы хабарланады.";
1, 2 және 3-қосымша осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат
Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруді сұраймын.
Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Туған күні және жері ____________________________________________
Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ___________________________
Ұлты (этникалық тиесілігі) ________________________________________
Мынадай тілдерді білемін ______________________________________
Қазақстан Республикасына келу күні _______________________________
Заңды (заңсыз) келді ____________________________________________
Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар
_______________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Туған күні | Туыстық дәрежесі |
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгіндіңіз бе)
Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз
___________________________________________________
____________________________________________________
_____________________ ______________________________
(өтініш беру күні) (пана іздеген адамның қолы)
Өтінішхатты қабылдаған ХЖҚЖАО-ның қызметкері _________________
____________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) (күні)
Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:
Тіркелді _________________________________________________________________
(күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы)
_______________________
"Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен
міндеттермен таныстым.
Менің және отбасы мүшелерімнің дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
____________________________________
(қолы) (шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (бар болса) (күні)
Пана іздеген адамдарды тіркеу журналы
Р/с № | Пана іздеген адамның және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты | Туған күні және туған жері | Азаматтығы | Кету елі және бұрын тұрған мекенжайы | Қазақстан Республикасына келу күні | Өтінішхатты қабылдау және тіркеу күні | Қазақстан Республикасындағы болатын мекенжайы | Қабылдау жүргізген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
--------------------- | Пана іздеген | |адамның | |суреті | -------------------
Пана іздеген адамды есепке алу карточкасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________
2. Туған күні, айы, жылы ___________________________________________
3. Туған жері _____________________________________________________
4. Азаматтығы ____________________________________________________
5. Ұлты _________________________________________________________
6. Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
7. Отбасы жағдайы ____________________
8. Отбасы құрамында __________________ адам
9. Пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелері туралы мәлімет:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Паспорттың немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың №, сериясы | Ұлты | Азаматтығы |
10. Қазақстан Республикасында болатын жері және телефон нөмірі
________________________________________________________________
11. Отбасының барлық мүшелері көрсетілген мекенжай бойынша бола ма?
Егер "болмаса" отбасының қай мүшесі тұрмайтыны және оның қандай мекенжай бойынша болатыны көрсетілсін
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
12. Бұдан бұрын босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінді ме
_______________________________________________________________
(қайда және қашан)
13. Сапар бағыты _________________________________________________
_________________________________________________________________
14. Тілдерді меңгеруі ______________________________________________
15. Мүгедектігі, оның ішінде отбасы мүшелерінде - (бар/жоқ). Егер "мүгедек болса", кім және нешінші топтағы мүгедек екені көрсетілсін
________________________________________________________________
________________________________________________________________
16. Әскери қызметі, қызмет өткерген уақыты және жері, әскери атағы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
17. Пана іздеген адам немесе пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелерінің біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма ______________ (иә/жоқ).
Егер тартылса кім, қашан, қай соттың үкімі бойынша және қандай мерзімге екені көрсетілсін
________________________________________________________________
________________________________________________________________
18. Бұрынғы тұрақты тұрған елі және мекенжайы
________________________________________________________________
19. Тұрған елінен кету күні және себебі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
20. Қазақстан Республикасында туыстары бар ма – (иә/жоқ). Егер болса туыстық
дәрежесі және олардың тұратын жері көрсетілсін _______________________
__________________________________________________________________
21. Қоныстанудың болжамды орны (қала, облыс, аудан, елді мекен көрсетілсін)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
22. Білімі, кәсібі, оның ішінде отбасы мүшелерінің білімі, кәсібі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
23. Партиялардағы, ұйымдардағы, топтардағы мүшелігі _____________________
24. Қазақстан Республикасында бұрын болды ма ______________ (иә/жоқ).
Егер болса келу күні мен мақсаты көрсетілсін ___________________________
25. Қосымша мәліметтер ____________________________________________
__________________________________________________________________
26. Өтінішхатты қабылдаған органның атауы және қабылдаған күні
__________________________________________________________________
27. Өтінішхаттың ХЖҚЖАО-ге келіп түскен күні __________________________
28. Әңгімелесу жүргізу күні ___________________________________________
29. Өтінішхаттың тіркелген күні ________________________________________
30. Пана іздеген адамның куәлігі: тіркеу № 20_ж. ____ ________
Берілген күні 20 __ ж. __ _______
Қолданылу мерзімі __________________________________________________
Пана іздеген адамның куәлігін алдым __________________________________
(қолы, күні)
Пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімі ______________________
дейін ұзартылды ____________________________________ _______ _________
(карточканы толтырған қызметкердің лауазымы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (күні)