Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шiлдеде № 34803 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 23.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 104-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 58 бұйрығына
қосымша

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Сақтандыру қағидалары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 7-бабының 104-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарына, қағидаларына және кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пулдың шеңберінде қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы;

      2) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі – Бірлескен қызмет туралы шарт) - Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру жөніндегі пулға қатысушылардың бірлескен қызметін регламенттейтін және реттейтін құжат;

      4) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – Пул) – заңды тұлға құрмайтын Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған сақтандыру ұйымдарының бірлестігі;

      5) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға.

      6) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      7) пулдың әкімшісі – сақтандыру брокері және (немесе) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) – медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін Ортақ сақтандыру шарттарын жасасу, сүйемелдеу және орындау үшін Пулдың барлық қатысушыларының атынан және тапсырмасы бойынша шарт пен Сақтандыру қағидалары негізінде әрекет ететін, Пул қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы;

      8) сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын (Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттары бар азаматтығы жоқ адам болып табылатын), Сақтанушының медициналық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын және Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) тармақшаларымен көзделген медицина қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері;

      9) сақтанушы – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия және оған қосымшалар негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын және медициналық ұйымдар үшін ұжымдық шарт және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін жеке шарт түріндегі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бар денсаулық сақтау субъектісі.

2-тарау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру, сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерін белгілеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) және сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдері

      3. Денсаулық сақтау субъектілері Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) тармақшаларымен көзделген медициналық қызметті жүзеге асырғанға дейін медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады.

      Шарт медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісімен, бұл ретте Кодекстің 27-бабына сәйкес "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына кәсіптік медициналық қызметпен айналысуға тартылған шетелдік мамандарды қоспағанда, медициналық көмекті (қызметтерді) көрсететін, соның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар медицина қызметкерімен жасалады.

      4. Медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларымен (бұдан әрі – Пулдың әкімшісі) жасалатын ортақ сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.

      5. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүддесі болып табылады.

      6. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады. Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

      Зиян келтіру фактісі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен, ал оның шешімдерімен келіспеген жағдайда заңды күшіне енген сот актісімен расталады (белгіленеді).

      7. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы Тәуелсіз сараптама комиссиясы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар-жоғын анықтаған және растаған кезде немесе пациент немесе медицина қызметкері тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімімен келіспеген кезде заңды күшіне енген сот актісі бойынша басталған болып есептеледі.

      8. Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.

      9. Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының медицина қызметкерінің денсаулық сақтау субъектісімен кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.

      10. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы – Пул әкімшісінің немесе сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      11. Ортақ сақтандыру шартында Сақтанушы, Сақтандырылушы (медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері) көрсетіледі.

      12. Ортақ сақтандыру шарты интернет-платформада құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалады.

      Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты жыл сайын жасалады, сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және бірінші туындаған сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданысын тоқтатпайды.

      Ортақ сақтандыру шартының қолданылуы барысында сақтандыру тәуекелінің өзгеруі мынадай мән жайлар болып есептеледі:

      1) жаңа персоналды жұмыстан шығаруды немесе қабылдауды, сондай-ақ Сақтандырылушылардың кез келген мүшесінің медициналық қызмет бейінін өзгертуді қоса алғанда, Сақтандырылушылар тізіміндегі кез келген өзгерістер;

      2) ортақ сақтандыру шартына қосымша сақтандырылушыларды қосу;

      3) медициналық қызметтің өзге де бейіндерінде қызметті жүзеге асыру.

      Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелі азайған немесе ұлғайған кезде сақтандырушы сақтандырудың аяқталмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) қайта есептеуді жүзеге асырады және қосымша төлеуге немесе қайтаруға жататын сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) есептейді. Сақтанушының қосымша төлеуіне немесе сақтанушыға қайтарылуына жататын сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) сақтандыру өтемін өзгертудің немесе толықтырудың тиісті шарттарын көрсете отырып, ортақ сақтандыру шартына қосымша келісіммен белгіленеді.

      Сақтанушы сақтандырылғандар тізіміне енгізілген қосымша медицина қызметкерлері туралы Пулдың әкімшісін хабардар еткен немесе кейбір сақтандырылғандарға қатысты тәуекелдің ұлғаюы туралы хабарлаған кезде сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді.

      13. Электрондық нысанда ортақ сақтандыру шартын жасасу, өзгерту және бұзу денсаулық сақтау субъектісі мен Пул әкімшісі арасында ақпарат алмасу жолымен жүргізіледі.

      14. Денсаулық сақтау субъектісі интернет-платформада құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда сақтандыруға өтініш береді.

      15. Пулдың әкімшісімен сақтандыру шартын жасасу кезінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-4-бабында көзделген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде және сақтандыру жағдайын реттеу кезінде жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

      Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескеріп сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      16. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді, он екі ай бойы қолданысты болады және бірінші сақтандыру жағдайының басталуы бойынша өзінің қолданысын тоқтатпайды.

      17. Пул әкімшісі ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы ұсынған мәліметтердің сақтандыруға арналған өтініште сәйкестігіне тексереді.

      18. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар немесе оның еншілес ұйымдары үшін дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникалары үшін ортақ сақтандыру шарты "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39 және 41-баптарына сәйкес жасалады.

      19. Сақтандырушы-қатысушыға, Пул әкімшісінің өкіліне өз өкілеттіктерін жазбаша нысанда растау берілген жағдайда Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысына қатысуға рұқсат етіледі.

      Сақтандырушы, Пул әкімшісінің өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысында:

      1) іс материалдарымен танысады;

      2) көшірмелерін жасайды;

      3) құжаттар мен мәліметтердің рұқсат етілуі мен толықтығына қатысты жазбаша нысанда пікір білдіреді;

      4) сақтандырылған медицина қызметкерінің, пациенттің және зиян келтіру фактісін анықтауға тартылған өзге де адамдардың денсаулық сақтау субъектісіне қосымша құжаттар, жазбаша немесе ауызша түсініктемелер беру қажеттігі туралы мәлімдейді;

      5) қарастырылып отырған зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша түсініктеме береді;

      6) сақтанушының, сақтандырылушының, пациенттің өкілдерінен бетпе-бет сауалнама жүргізу кезінде сұралатын адамға сұрақтар қояды;

      7) келіспеген немесе зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша ерекше пікір болған кезде комиссияға, сондай-ақ пул әкімшісіне келіспеушіліктің немесе ерекше пікірдің жазбаша негіздемесін жібереді.

      20. Қазақстан Республикасы ортақ сақтандыру шартының (сақтандыру аумағы) қолданылу орны болып табылады.

      21. Ортақ сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) сақтандыру объектісі өмір сүруін тоқтатқан кезде;

      2) сақтандыру жағдайының туындау мүмкіндігі жойылып, сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

      3) сот ортақ сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағанда;

      4) ортақ сақтандыру шартының мерзімі өткеннен кейін.

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тараптардың келісімі бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;

      6) сақтанушының бастамасы бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;

      7) Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайларда немесе заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Сақтандырушының бастамасы бойынша Ортақ сақтандыру шартын бұзу.

      22. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектілері есебінен жүзеге асырылады.

      23. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең аз мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      24. Сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) Кодекстің 7-бабының 104-3) тармақшасына сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша аудару жолымен біржолғы төлеммен жүргізеді.

      Сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша түскен күн болып есептеледі.

      Сақтанушыға жылдық сақтандыру сыйлықақысы әрбір Сақтанушы үшін интернет-платформада автоматты түрде белгіленеді.

      25. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлер Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағында айқындалған.

      Сақтанушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде пациенттен немесе оның заңды өкілінен зиянды өтеу туралы талаппен өтініштің интернет-платформада немесе өзге де қолжетімді құралдармен келіп түскені туралы хабардар етеді.

      Сақтандыру төлемдерін Пул әкімшісі Сақтанушы ұсынған мынадай құжаттардың көшірмелері негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:

      1) тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімі немесе пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің талап арызы бойынша соттың шешімі;

      2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің өтініші немесе талап арызы;

      3) Сақтанушының (сақтандырылушының) медициналық қызметті ұсыну құқығын растайтын құжат;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;

      5) пациенттың ауру тарихы;

      6) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама;

      7) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;

      8) бұзушылықтардың сақтандыру жағдайымен организм функцияларының тұрақты бұзылуымен себеп-салдарлық байланысын растайтын құжаттар (пациент қайта куәландырылған және мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы анықталған жағдайда ұсынылады);

      9) пациенттің аурумен байланысты нақты шығыстарының төленгенін растайтын қаржылық құжат;

      10) Пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын құжаты;

      11) Сақтанушының, Сақтандырылушының қорғауға жұмсалған шығыстарымен байланысты шеккен нақты шығыстарын растайтын құжаттар;

      12) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін толық банктік деректемелерді көрсете отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініш.

      Пул әкімшісі сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетпейтін құжаттар туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Пул әкімшісінің интернет-платформасында құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы хабарлайды.

      Сақтандыру төлемін жүзеге асыру күші сақтандыру төлемін алышуға ақшалай қаражат түскен күн болып есептеледі.

      Пациенттің денсаулығының нашарлаған (мүгедектікті немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу) не сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиға нәтижесінде пациент қайтыс болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы немесе сот шешімі негізінде Пулдың әкімшісі Кодекстің 270-4-бабына сәйкес сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізеді.

      Сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады, бірақ Кодекстің 270-4-бабына сәйкес осы сақтандыру жағдайы (лимиті) бойынша жауапкершіліктің шекті көлемінен аспайды.

  Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
1-қосымша

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшері

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

Жылына 1 штат бірлігіне сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшері (ең төменгі есептік көрсеткіш)

Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсетпейтін ұйымдар

Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсететін ұйымдар

Өзге ұйымдар

1. Авиациялық және ғарыштық медицина

0

0

7,8

2. Ересектер, балалар акушериясы және гинекологиясы

17,1

23,1

0

3. Ересектер, балалар аллергологиясы және иммунологиясы

7,8

7,8

0

4. Ересектер, балалар ангиохирургиясы

11,7

13,8

0

5. Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

17,6

20,7

0

6. Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы

11,6

11,6

0

7. Гематология (ересектер)

7,8

11,6

0

8. Гериатрия

1,9

1,9

0

9. Ересектер, балалар дерматовенерологиясы

3,9

3,9

0

10. Балалар хирургиясы

11,7

15,9

0

11. Ересектер, балалар инфекциялық аурулары

11,6

13,3

0

12. Ересектер, балалар кардиология

9,9

13,3

0

13. Ересектер, балалар кардиохирургия

20,6

24,2

0

14. Кинезиотерапия

3,9

3,9

0

15. Клиникалық фармакология

3,3

4,5

0

16. Еңбек медицинасы (кәсіптік патология)

3,9

3,9

0

17. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы

0

0

11,6

18. Медициналық генетика

6,6

9

0

19. Ересектер, балалар неврологиясы

6,6

9

0

20. Ересектер, балалар нейрохирургиясы

20,6

24,2

0

21. Неонатология

12,5

13,8

0

22. Ересектер, балалар шұғыл медицинасы

11,6

13,8

13,8

23. Ересектер, балалар нефрологиясы

6,6

9

0

24. Жалпы дәрігерлік практика

7,8

0

0

25. Жалпы хирургия

11,7

15,9

0

26. Онкология

17,1

23,1

0

27. Балалар онкологиясы және гематологиясы

17,1

23,1

0

28. Радиациялық онкология

17,1

23,1

0

29. Химиотерапиялық онкология

17,1

23,1

0

30. Ересектер, балалар оториноларингологиясы

7,8

11,7

0

31. Ересектер, балалар офтальмологиясы

6,9

7,9

0

32. Химиотерапиялық онкология

6,6

7,8

7,8

33. Педиатрия

8,3

8,3

0

34. Ересектер, балалар пластикалық хирургия

17,6

23,8

0

35. Ересектер, балалар психиатриясы

1,6

2,2

0

36. Ересектер, балалар пульмонологиясы

6,6

9

0

37. Радиология

9,9

11,6

0

38. Ересектер, балалар ревматологиясы

6,6

9

0

39. Отбасылық медицина

7,8

0

0

40. Мейіргер ісі (академиялық бакалавриат)

1,5

1,7

0

41. Стоматология

8,6

8,6

0

42. Сот-медициналық сараптама

0

0

5,2

43. Терапия

6,6

9

0

44. Ересектер, балалар травматологиясы - ортопедиясы

17,6

23,8

0

45. Ересектер, балалар урологиясы

11,7

15,9

0

46. Ересектер, балалар физикалық медицинасы және оңалту

3,3

4,5

0

47. Ересектер, балалар фтизиатриясы

6,6

9

0

48. Ересектер, балалар жақ-бет хирургиясы

11,7

13,8

0

49. Ересектер, балалар эндокринологиясы

7,8

7,8

0

50. Эрготерапия

3,9

3,9

0

51. Ядролық медицина

0

11,6

11,6

52 Мейіргер ісі

1,5

1,7

0

53. Емдеу ісі

1,5

1,7

0

54. Акушерлік ісі

1,5

1,7

0

55. Стоматология (маман)

1,5

1,5

0

56. Зертханалық диагностика

1,5

1,7

0

57. Медициналық оптика

1,5

1,7

0

58. Ортопедиялық стоматология (маман)

1,5

1,5

0

59. Гигиена және эпидемиология

11,6

13,3

0

60. Күтім бойынша әлеуметтік жұмыс

1,9

1,9

0

61. Парамедицина

3,9

3,9

0

62. Фармация

3,9

4,7

0

63. Денсаулық сақтау менеджменті (Қоғамдық денсаулық сақтау)

0

0

0

3,9

4,7

0

64. Қоғамдық денсаулық (медициналық-профилактикалық іс, биомедицина, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс)

3,9

4,7

0

  Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
2-қосымша

Сақтанушыдан/Сақтанушыдан/Пайда алушыдан туындаған сақтандыру жағдайының басталуы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш (керегінің астын сызу)

      Сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сақтандыру төлемін жүргізуді сұраймын.

      Сақтандыру жағдайының себептері мен мән-жайлары:


 
Ортақ сақтандыру шарты № ______________________________________________ бастап
____________________________
Сақтанушының Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) : ____________________________________________________________________

Сақтанушының туған күні мен жері:


ЖСН:


Азаматтығы:


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):


Шетелдік салық резиденттігі туралы мәліметтер (бар болса резидент елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету):

☐ Ия☐ Жоқ

Тұрақты мекен жайы:


Байланыс нөмірі:


Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға қатыстылығы?

☐ Ия ☐ Жоқ

 
Сақтандыру жағдайы: ________________________________________________ орын алды:(уақыт, күн, ай, жыл)
Оқиға орны: _______________________________________________________________________
Диагноз:
___________________________________________________________________________________
Нәтижесі (белгілеу керек):
Ерікті сақтандыру түрлері үшін:
☐ өлім; ☐ мүгедектік; ☐ ауруханаға жатқызу; ☐ уақытша еңбекке жарамсыздық;
☐ ауыр ауруы; ☐ дене жарақаты;
☐ өзгелері:
_____________________________________________________________________________
Сақтандырудың міндетті түрлері үшін:
☐ КЕА (еңбек жарақаты); ☐ КЕА (кәсіптік ауру)
☐ өзгелері:
_____________________________________________________________________________

Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларының қысқаша сипаттамасы:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төлемге негіздеме (сақтандыру жағдайын растайтын құжаттар):

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________

Сақтандыру төлемін алушы (Пайда алушы):

 
Пайда алушының ТАӘ (бар болған жағдайда):
____________________________________________________________________

Пайда алушының туған күні мен жері:


ЖСН:


Азаматтығы:


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):


Шетелдік салық резидент туралы мәліметтер (бар болса резиденттік елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету):

☐ Ия ☐ Жоқ

Тұрақты мекенжайы:


Байланыс нөмірі (қала/оператор коды бар):

8












Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға тиесілігі?

☐ Ия ☐ Жоқ

 
Виза туралы мәліметтер (шетел азаматтары үшін):

нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі:


 
Көші-қон карточкасының мәліметтері (шетел азаматтары үшін):

нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі:


 
Клиенттің сенім білдірілген тұлғасы (өкілі) туралы мәліметтер (бар болса):

Сенім білдірілген тұлғаның (өкілдің)ТАӘ:


Туған жері мен күні:


ЖСН:


Азаматтығы:


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):


Сенім білдірілген тұлға әрекет ететін негіздеме құжат (атауы, нөмірі, қолданылу мерзімі):


Байланыс деректері (тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмірі):


Виза туралы мәліметтер:


Көші-қон карточкасының мәліметтері:


 

Сақтандыру төлемін мына деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын:

 
Банктің атауы ______________________________________ Банктің БСК _______________________

Банктің есеп айырысу шоты





















 

Дербес (ағымдағы) шот/
карточкалық шот (астын сызу)









































 
Ақша алушының ТАӘ (бар болған жағдайда) /атауы
______________________________________________________________

БСН













 

      1. Мен сақтандыру төлеміне өтініште берген барлық ақпарат менің білімім мен сеніміме сәйкес дұрыс және толық екенін мәлімдеймін.

      2. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы келісімдер жасасу кезінде қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      3. Құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған құжаттар тізімін алдым.

      _________________________________________________________________________

      (қолы) ТАӘ (бар болған жағдайда) (Сақтандырушы/Сақтанушы/Пайда алушы) толығымен

      Күні "______" ____________________________ 20___ж.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839 - бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылады

  Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
3-қосымша
  Кімге: Медицина
қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру жөніндегі бірыңғай
сақтандыру пулы
кімнен ______________________
(ТАӘ)
______ (байланыс телефондары)

Дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы КЕЛІСІМ

      Мен, ___________________________________(пациент), ___-____-______

      туған жылы, ЖСН ____________, № құжаттың (керегінің астын сызу керек: жеке

      куәлігі, төлқұжаты, ықтияр хат) __________, берілді _________ жылғы __________ ж.,

      ____________________________________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын, ______________________ медициналық

      қызметтерді (емдеу)___________________(түрі көрсетілсін қызмет) кезеңі

      ___________ бойынша __________ медициналық ұйымда

      ___________________________ диагнозы ________________, сақтандыру төлемін

      толық көлемде алдым және аталған медициналық ұйымға, медицина персоналына

      және Біріңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларына көрсетілген

      қызметтердің сапасы бойынша наразылығым жоқ және болмайды.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес дауды реттеу және пациенттің денсаулық

      сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы

      келісімдер жасасу кезінде қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді

      жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      ________________________

      (ТАӘ)

      ________________________

      (қолы)

      ________________________

      (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады