ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 Қаулыға қосымша |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
2-тарау. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібі
3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бойынша құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
4. Оған қоса берілетін құжаттары бар өтініш беттері тігілген, нөмірленген, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (бар болса) куәландырылған түрде қағаз тасымалдағышта ұсынылады.
Уәкілетті орган тазартулары, үстінен жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі-жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініш берушіге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
8. Ұсынылған құжаттар Мемлекеттік реттеу туралы заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, жауапты бөлімше Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушіге пошта арқылы, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін оларды жою мерзімін көрсете отырып, ескертулері бар хат жолдайды.
9. Комиссия 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.
Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жіберіледі. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген және сәйкестік туралы актіге қол қоймаған жағдайда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.
Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.
10. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
11. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш беруші (ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
12. Комиссияның өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 10 (оң) жұмыс күні ішінде оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартудың жобасын дайындайды және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.
13. Жауапты бөлімшенің қызметкері оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
14. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жазбаша түрде жүргізіледі.
Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Уәкілетті органның атына келіп түскен оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
16. Шағымда:
1) шағымды қарайтын органның атауы;
2) өтініш берушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны;
3) уәкілетті органның толық атауы және (немесе) шешімі (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
5) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
6) шағымға қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі.
Шағымға өтініш беруші не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (БСН 191240019852) |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш
_________________________________________________________________________
(өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
телефон нөмірі, факс)
2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жылы, байланыс телефондарының
нөмірлері), жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)
_________________________________________________________________________.
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
5. Өтініш беруші өзінің "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
6. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі,
күні және атауы)
7. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "____" ___________
Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
__________________________________________________________________________
(қолы)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 2-қосымша |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Банктік және микроқаржы активтерін сататын оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш;
2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмайтын немесе уәкілетті органның оларды "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмайтын жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға _____________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) сәйкестігі туралы акт
_____________________ | 20__ жылғы "__" _________ |
жасалған күні | берілген күні |
Осы _____________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні дайындаған:
уәкілетті органның өкілдері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Комиссияның жұмысына өтініш берушінің өкілдері қатысады:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Тексерілген объектілер мен комиссия зерделеген құжаттардың нақты сипаттамасы:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Өтініш беруші өкілдерінің түсініктемелерінің қысқаша мазмұны:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Комиссияның ______________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
(қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның ақпараттық қызметтер
нарығында қызмет етуін бастау (жалғастыру) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)
Өтініш беруші ____________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Осы сәйкестік актісіне мынадай техникалық құжаттаманы және комиссия актіне қоса берілген өзге құжаттарды ұсынды:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Комиссия мүшелері:
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
Комиссия жетекшісі:
__________________________________________________________________________
(қолы)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
Нөмірі ____________ | Берілген күні 20__ жылғы "____" ________ |
__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
осы банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат берілді.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөр орны