Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 504 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде № 34864 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 504 Бұйрыққа
қосымша

Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін қоршаған ортаны қорғау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы уәкілетті органдардың (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалаты жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге не бақылаудағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға сәйкес келмейтін өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді жоюға, сондай-ақ карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қоюға және жоюға қолданылмайды.

      2. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғаның, оның ішінде тауарлардың декларанты болуға құқығы бар дара кәсіпкердің (бұдан әрі – Өтініш беруші) өтініші (бұдан әрі – Өтініш) Қорытынды беру үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Қорытындыны қабылдау және тіркеу тәртібі

      3. Өтініш Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы және (немесе) қағаз түрінде тауарлардың жойылуы болжанатын жер бойынша тиісті уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық уәкілетті орган) ұсынылады, онда мыналар:

      1) толық және қысқартылған (болған кезде) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (болған кезде), заңды тұлға үшін- заңды мекенжайы (орналасқан жері);

      2) жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу мекенжайы;

      3) телефон нөмірлері , электрондық пошта мекенжайлары (ол болған жағдайда);

      4) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін);

      6) оларға қатысты Қорытынды алу қажет тауарлардың атауы;

      7) тауарлардың саны, тауарлардың өлшем бірліктері;

      8) жойылудың (көмудің, залалсыздандырудың) болжамды тәсілдері мен орындары;

      9) тауарларды жою рәсімін қолдану үшін негіздер (тауарларды жою себебі) көрсетіледі.

      4. Өтінішке мыналарды қамтитын құжаттар:

      1) жоюдың кедендік рәсімімен орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу үшін негіздеме;

      2) тауарларды жоюдың болжамды тәсілдері мен орындары туралы мәліметтер қоса беріледі.

      5. Өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге қабылдау, тіркеу ол келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Өтініш аумақтық уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

3-тарау. Қорытындыны беру тәртібі

      7. Қорытындыны аумақтық уәкілетті орган жоюға мәлімделген тауарлар туралы мәліметтерді (тауардың атауы, саны, өлшем бірлігі), тауарларды жою тәсілін, тауарларды жою орнын, тауарларды жою рәсімін қолдану үшін негіздерді (қажет болған жағдайда өзге де мәліметтерді) көрсете отырып немесе жоюдың мүмкін емес болу себептерін көрсете отырып, еркін нысанда жасайды.

      8 Қорытынды Өтініш берушіге аумақтық уәкілетті органның басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат түрінде және (немесе) аумақтық уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған қағаз түрінде жолданады.

      9. Қорытынды Өтініш берушіге тиісті Қорытынды қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады