"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су тарту арналары, газ терминалдары, теңіз дәліздері және фарватерлер) қоспағанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы келесі жағалау аудандарында режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатылсын.
Түпқараған мүйісінен бастап Үрдек мүйісіне дейін;
Саура кісі тұрмайтын кентінен Сағындық мүйісіне дейін;
Скалистый мүйісінен бастап Песчаный мүйісіне дейін;
Тоқмақ мүйісінен бастап Адамтас мүйісіне дейін.
Осы жағалау аудандарында аталған мерзімде белгіленген акваторияда жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға) және мұз үстімен жылжитын құралдарға теңізге екі мильге дейін қашықтыққа еркін шығуға рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |