Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 тамызда № 34936 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 5-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Л. Мерсалимова

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 697 бұйрығына
қосымша

Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 5-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес әзірленген және оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖМААЖ) – атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;

      2) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын ақпараттық жүйе, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады;

      3) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;

      4) оңайлатылған іс жүргізу – аумақтық әділет орган (бұдан әрі – аумақтық орган) АІЖМААЖ-і арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;

      5) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы – оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдау тәртібі

      3. Атқарушылық құжаттар оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде АІЖМААЖ-не ӘІБТ-ден, біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйесінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен электрондық нысанда келіп түседі.

      4. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы мынадай атқарушылық құжаттар қабылданады:

      1) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;

      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;

      3) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;

      4) берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.

      Айлық есептік көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.

      5. АІЖМААЖ-і арқылы электрондық нысандағы атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаулы шығарылады.

      6. Борышкерге оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы хабарлама Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы не (және) электрондық үкіметтің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында push-хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Хабархатта оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулымен танысуға және жүктеуге арналған сілтеме бар.

      7. Борышкер оңайлатылған іс жүргізудің кез келген сатысында оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулымен танысқаннан кейін алынған сілтеме бойынша өтіп, АІЖМААЖ-де көрсетілген "Терезеде" "Келіспеймін" батырмасын басу арқылы оңайлатылған іс жүргізуде атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тарта алады.

      Борышкер оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тарту не атқарушылық құжаттың талаптарын орындалуымен байланысты мәселелері бойынша тиісті жазбаша өтінішпен аумақтық органға жүгіне алады.

      Борышкер сілтеме бойынша өту жолымен оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда, аумақтық орган АІЖМААЖ-де Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығымен бекітілген Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12848 болып тіркелген) көзделген тәртіппен атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының орындауына беру туралы қаулысын (бұдан әрі – атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының орындауына беру туралы қаулы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дереу қалыптастырады.

      Аумақтық органда борышкердің өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде АІЖМААЖ-де атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының орындауына беру туралы қаулыны аумақтық орган қалыптастырады.

3-тарау. Мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау тәртібі және атқарушылық құжаттарды оңайлатылған іс жүргізуде орындау мерзімдері

      8. Оңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін борышкер туралы мәліметтер автоматты түрде Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

      9. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мыналар болып табылады:

      1) борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына тыйым салу;

      2) борышкерге мүлікке билік ету бойынша белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу.

      10. Аумақтық орган басшысының немесе оның орынбасарының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған аумақтық органның АІЖМААЖ-де қалыптастырылған, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шоттардың нөмірлері және онда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң АІЖМААЖ-і арқылы ұсынылады.

      АІЖМААЖ-і мен банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасындағы оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде өзара іс-қимыл электрондық форматта жүзеге асырылады.

      11. Аумақтық органға оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде АІЖМААЖ-де қалыптастырылған және аумақтық орган басшысының немесе оның орынбасарының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған қаулысы негізінде, жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда оңайлатылған іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер беріледі.

      12. АІЖМААЖ-і арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық органның қаулысы негізінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салу кезінде тыйым салынатын ақша сомасы атқарушылық құжатта көрсетілген сомадан аспауы тиіс.

      13. Оңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде АІЖМААЖ-і арқылы борышкерге мүлікке билік ету жөнінде белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады, ол туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қаулы шығарылады.

      14. Банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасын өндіріп алу АІЖМААЖ-де қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады. Инкассолық өкім оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн өткен соң электрондық нысанда өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттарды қоса бере отырып, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданады.

      15. Аумақтық орган оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі инкассолық өкімді АІЖМААЖ-де сот орындаушысының ЭЦҚ-сы қол қойған борышкердің жалақысына және табысының өзге де түрлеріне өндіріп алу туралы қаулы және инкассолық өкім болған жағдайда қоймайды.

      16. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуде орындау Заңның 10-4-бабында көрсетілген мерзімдерде аяқталуы тиіс.

4-тарау. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары

      17. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:

      1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;

      2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса, тоқтатылады.

      18. Борышкердің оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеуі АІЖМААЖ-мен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

      19. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган АІЖМААЖ-де осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес дереу қаулы шығарады.

      20. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі мәжбүрлеп орындату шаралары жойылады, бұл туралы оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыда көрсетіледі.

      21. Аумақтық орган оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, АІЖМААЖ-де орындалмаған инкассолық өкімдерді төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімнің негізінде кері қайтарып алады.

5-тарау. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары

      22. Егер:

      1) Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе;

      2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі.

      23. Аумақтық орган оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, АІЖМААЖ-де қойылған инкассолық өкімдерді төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімнің негізінде кері қайтарып алады.

      Атқарушылық құжаттың талаптары ішінара орындалған жағдайда оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде өндіріп алынған сомалар туралы мәліметтер атқарушылық құжатпен бірге жеке сот орындаушысына беріледі.

      Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беру туралы банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды хабардар ету электрондық форматта жүзеге асырылады.

      24. Атқарушылық құжатты берген кезде аумақтық орган АІЖМААЖ-де атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының орындауына беру туралы қаулы шығарады. Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындауға қабылдау туралы қаулы шығарады.

      25. Атқарушылық құжаттың талаптары оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде ішінара орындалған жағдайда, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу Заңның 118-бабының 2-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      26. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден берілгеннен кейін оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданған мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жоюды жеке сот орындаушы жүзеге асырады.

  Оңайлатылған іс жүргізуді
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы ҚАУЛЫ

      20__жылғы "___" ________                         ______________________

                                                            (облыс, қала атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Аумақтық органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжатты берген соттың не органның атауы көрсетіледі)

      20__ жылғы "____" ______ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік

      автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне келіп түскен

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне

      келіп түскен күні)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер (тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі)

      қарап,

АНЫҚТАДЫ:

      Атқарушылық құжат атқарушылық құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

      Атқарушылық құжаттың ұсыну мерзімі өтпеген.

      Жазылғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Оңайлатылған іс жүргізу қозғалсын.

      2. Оңайлатылған іс жүргізуге № _________________ берілсін.

      3. Атқарушылық құжатты қозғалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалмаған жағдайда, атқарушылық құжаты жеке сот орындаушысының мәжбүрлеп орындауына жіберілетіндігі туралы

      __________________________________________________________________________

      (борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) ескертілсін.

      4. Қабылданған шешім туралы оңайлатылған іс жүргізу тараптарына хабарлансын.

      5. Қаулы шыққан күнінен бастап күшіне енеді және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      Аумақтық органның басшысы/

      басшысының орынбасары ____________________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның орны

  Оңайлатылған іс жүргізуді
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының орындауына беру туралы ҚАУЛЫ

      20__жылғы "__" ________                               ___________________

      (облыс, қала атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Аумақтық органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатты берген соттың немесе органның

      атауы, берілген күні) негізінде қозғалған 20__ жылғы "____"

      __________________________________________________________________________

      № ____________ (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) оңайлатылған іс жүргізу материалдарын

      қарап,

АНЫҚТАДЫ:

      Атқарушылық құжаттың талаптары оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде толық көлемде орындалмаған.

      Жазылғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-6-бабын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. ________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатты берген соттың немесе органның

      атауы, берілген күні)

      _________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер (тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған жағдайда)) автоматты түрде таратылуға берілсін.

      2. Берешек ішінара өтелген жағдайда төлем туралы мәліметтер атқарушылық құжат келіп түсетін жеке сот орындаушысына іс жүргізуіне берілсін.

      3. Қабылданған шешім туралы оңайлатылған іс жүргізу тараптарына хабарлансын.

      4. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      5. Қаулы шыққан күнінен бастап күшіне енеді және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      Аумақтық органның басшысы/

      басшысының орынбасары ____________________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның орны

  Оңайлатылған іс жүргізуді
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шоттардың нөмірлері және онда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету және оларға тыйым салу туралы ҚАУЛЫ

      20__жылғы "__" ________                                     __________________

                                                                  (облыс, қала атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Аумақтық органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатты берген соттың не органның

      атауы, берілген күні) негізінде қозғалған 20__ жылғы "____"

      _________________________________________________________________________

      № ____________ (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) оңайлатылған іс жүргізу материалдарын

      қарап,

АНЫҚТАДЫ:

      Атқарушылық құжаттың талаптарын орындау үшін оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 32-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылданады.

      Жоғарыдағылардың негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. ________________________________________________________________________

      (Аумақтық органның атауы)

      борышкерге (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) қатысты банк шоттарының нөмірлері және ақшаның болуы туралы ақпарат берілсін және ___________ теңге көлемінде ақшаға тыйым салынсын.

      2. Қаулыны орындау үшін және осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты _________________________ (аумақтық органның атауы) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылу үшін екінші деңгейдегі банктерге және "Қазпошта" АҚ-ға жіберілсін.

      3. Қабылданған шешім туралы оңайлатылған іс жүргізу тараптарына хабардар етілсін.

      4. Қаулы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      Аумақтық органның басшысы/

      басшысының орынбасары ____________________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның орны

  Оңайлатылған іс жүргізуді
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Борышкердің белгiлi бiр әрекеттер жасауына тыйым салу туралы ҚАУЛЫ

      20__жылғы "__" ________                                     __________________

                                                                  (қала, облыс атауы)

      __________________________________________________________________________

                        (Аумақтық органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатты берген соттың немесе органның

      атауы, берілген күні) негізінде қозғалған 20__ жылғы "____"

      _________________________________________________________________________

      № ____________ (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) оңайлатылған іс жүргізу материалдарын

      қарап,

АНЫҚТАДЫ:

      Атқарушылық құжаттың талаптарын орындау үшін оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шара қабылданады.

      Жазылғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабын, 32-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Борышкерге

      __________________________________________________________________________ борышкерге қатысты деректер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мүлікке, мүліктік

      құқықтарға билік ету бойынша белгілі бір әрекеттер (мәмілелер) жасауға тыйым

      салынсын.

      2. Қаулының орындалуы туралы ақпарат

      __________________________________________________________________________

      ____________

      (аумақтық органның атауы)

      атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылсын.

      3. Қаулы орындау үшін Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге жолдансын.

      4. Қабылданған шешім туралы оңайлатылған іс жүргізу тараптарына хабарлансын.

      5. Қаулы шыққан күнінен бастап күшіне енеді және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      Аумақтық органның басшысы/

      басшысының орынбасары ____________________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның орны

  Оңайлатылған іс жүргізуді
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату туралы ҚАУЛЫ

      20__жылғы "__" ________                                     __________________

                                                                  (облыс, қала атауы)

      __________________________________________________________________________

                  (Аумақтық органның атауы)

      _________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатты берген соттың немесе органның

      атауы, берілген күні) негізінде қозғалған 20 __ жылғы "____"

      _________________________________________________________________________

      № ____________ (атқарушылық құжаттың талаптары, борышкерге қатысты деректер

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) оңайлатылған іс жүргізу материалдарын

      қарап,

АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізі)

      Жазылғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-5-бабы 2-тармағының, 10-5-бабы 1-тармағының ) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ

      1.________________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың талабы, борышкерге қатысты деректер (тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      20__жылғы "____" __________ № ___________ оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылсын.

      2. Мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылсын.

      3. Қабылданған шешім туралы оңайлатылған іс жүргізу тараптарына хабарлансын.

      4. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      5. Қаулы шыққан күнінен бастап күшіне енеді және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      Аумақтық органның басшысы/

      басшысының орынбасары ____________________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады