"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35050 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31288 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.";

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының (бұдан әрі – Министрлік) террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды айқындайды.".

      5-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қандай да бір объектінің меншік елері, иеленушілері, басшылары мен (немесе) лауазымды адамдары терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада жасайды".".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау табиғи ресурстар мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады