"Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 435 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35057 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 121) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

      1, 2, 2-1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін айқындайды.

      2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

      2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының (бұдан әрі – Сыныптауыш) екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі. Сыныптауыштың екінші деңгейінде "басқа әлеуметтік ғылымдар" немесе "басқа технологиялар" мамандығы көрсетілген кезде ғылыми атақ Сыныптауыштың үшінші деңгейінде көрсетілген мамандық бойынша беріледі.

      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.

      4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаға (бұдан әрі – үміткерлер):

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 (екі) жыл үзіліссіз еңбек өтілі болған жағдайда беріледі.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы еңбек өтілі талап етілмейді;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақаласы және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы болған жағдайда беріледі.

      Халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған 2 (екі) ғылыми мақалада үміткер бірінші автор немесе хат-хабарлардың авторы болып табылады.

      Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыттағы (Multidisciplinary (Малтидисциплинари), Interdisciplinary (Интердисциплинари), (General (Дженерал), Miscellaneous (Мисцеллэниэс), сондай-ақ аралас ғылым салалары бойынша бағыттағы халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі. Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль не Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына не үміткердің аттестаттау ісін уәкілетті органға беру сәтіне ескеріледі. Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшен Репортс) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веф оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу тоқтатылған кезде үміткердің осы журналдағы барлық мақаласы есепке алынбайды.

      Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар) 3-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілетін санынан асатын ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли & Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында (бұдан әрі – сенімді баспа) шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 (үш) баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған кезде (ізденушіге кемінде 1 (бір) баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан (жиырма пайыздан) аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-нан (жиырма пайызынан) көбін алмастыра алмайды;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда шығарылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылады); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 3 (үш) ғылыми мақаласы не сенімді баспада жарияланған монографиясы немесе монографиядағы тарауы (ізденушіге кемінде 3 (үш) баспа табағы тиесілі) болған кезде, осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.";

      4-5 және 4-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үміткерлерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мыналар болған жағдайда беріледі:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Сот төрелігі академиясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз еңбек өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде есепке алынады.

      4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы, аға әділет кеңесшісі сыныптық шенінен төмен емес немесе отставкадағы судья атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қызметкерлерге және жұмыскерлерге мыналар:

      1) осы Ереженің 4-5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте үзіліссіз еңбек өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кезде кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;

      3) осы Ереженің 4-5-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы немесе оқу (оқу-әдістемелік) құралы болған жағдайда беріледі.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде есепке алынады";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар үміткерлерге мыналар:

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда сәйкес келетін лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 (екі) жыл үзіліссіз еңбек өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын) 3 (үш) ғылыми мақала болған жағдайда беріледі.

      Халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған 3 (үш) ғылыми мақалада үміткер бірінші автор немесе хат-хабарлардың авторы болып табылады.

      Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыттағы (Multidisciplinary (Малтидисциплинарни), Interdisciplinary (Интердисциплинари), General (Дженерал), Miscellaneous (Мисцеллэниэс), сондай-ақ аралас ғылым салалары бойынша бағыттағы халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль не Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына не үміткердің аттестаттау ісін уәкілетті органға беру сәтіне ескеріледі. Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшен Репортс) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веф оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу тоқтатылған кезде үміткердің осы журналдағы барлық мақаласы есепке алынбайды.

      Мақаланың мазмұны Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 3-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілетін санынан асатын ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде сенімді баспада шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 (үш) баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған кезде (ізденушіге кемінде 1 (бес) баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайенс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20 %-дан (жиырма пайыздан) аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20 %-нан (жиырма пайызынан) көбін алмастыра алмайды;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылады); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.

      Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 5 (бес) ғылыми мақаласы не сенімді баспада жарияланған монографиясы немесе монографиядағы тарауы болған кезде, осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

      5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мыналар:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 (сегіз) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 (екі) жыл үзіліссіз еңбек өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 (қырық екі) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 (отыз) және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 (бес) ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 (екі) монографиясы (авторлығы кемінде 10 (он) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 12 (он екі) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылады); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 (төрт) тұлғасы болған кезде беріледі.

      Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 (жеті) ғылыми мақаласы не сенімді баспада жарияланған монографиясы немесе монографиядағы тарауы (ізденушіге кемінде 3 (үш) баспа табағы тиесілі) болған кезде, осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.";

      5-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-6. Профессор ғылыми атағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-дағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мыналар:

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Сот төрелігі академиясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз еңбек өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы болған жағдайда беріледі.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Осы Ереженің 4, 4-1 және 4-3-тармақтарында көрсетілген қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткерлер үшін және 5, 5-1, 5-2 және 5-4-тармақтарында көрсетілген профессор ғылыми атағын алуға үміткерлер үшін уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалар ретінде ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялауға ұсынылған Басылымдар тізбесінің 1 және 2-Тізімдеріндегі журналдарда жарияланған мақалалар есепке алынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ұсынады.

      Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурсында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдаланатын мәліметтерді қамтитын материалдарды орналастыру кезінде).

      Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:

      1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;

      2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

      3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;

      4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);

      6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орны растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нұсқалардағы түпнұсқасы;

      9) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі.

      3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдаланатын мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.

      Қандай да бір құжат болмаған кезде Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп, аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қайтарады. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хатын ұсына отырып, қайта жібереді.";

      7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:

      1) сұратылған мамандықтың атауы және шифры көрсетілген олар жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты;

      2) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;

      3) шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын алуға ізденушілердің аттестаттау істерінің осы Ережеге сәйкестігі Комитеттің консультативтік-кеңес беру органы болып табылатын Сараптамалық кеңесте анықталады.

      Аттестаттау ісін қарау нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қорытынды қабылдайды.

      Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыға қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады.

      Ғылыми атақ беру туралы шешім Комитеттің интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Ғылыми атақты беруден бас тарту туралы шешім ЖЖОКБҰ-ға немесе ғылыми ұйымға шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарланады. Ғылыми кеңес осы атақты беру туралы жаңа ұсынымды кемінде 1 (бір) жылдан кейін береді.

      Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында, оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материал болған жағдайда, Комитет теріс шешім қабылдайды. Ол ЖЖОКБҰ-ға немесе ғылыми ұйымға шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Осы тұлға бойынша қолдау хат Комитетке қайта берілмейді.";

      3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші және қырқыншы абзацтарын қоспағанда, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы соты

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 435 бұйрығына
1- қосымша
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған профессор
(доцент), профессор)
беру ережесіне
3-қосымша
  Нысан

      _________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      20__ ж. "____" ________                   № _______ хаттама

      Тыңдалды: _________________________________________ Ғылыми кеңесі ұсынған

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      _____________________________________________ мамандығы бойынша

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы

      № ______________ іс.

      Сарапшы __________________________________________тыңдай келе

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар(жоқ)________________________________________________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар ________________________________________________________________;

      3) үміткер Сот төрелегі академиясында, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орнында немесе ғылыми ұйымда немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында жұмыс істейді және полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы, аға әділет кеңесшісі сыныптық шенінен төмен емес немесе отставкадағы судья атағы бар ______________________________.

      Аттестациялық іс Ереженің ____ тармағына сәйкес қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық жаттықтырушылық-педагогикалық жұмыс өтілі (қажеттісінің астын сызу), оның ішінде талап етілетін лауазымдағы жұмыс өтілі: ____________________

      _________________________________________________________________.

      3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденушінің

      ______ғылыми мақаласы бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынған басылымдарда _________;

      шетелдік ғылыми журналдарда _________;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3-ші квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда _________;

      Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда _______;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына енгізілген халықаралық рецензияланатын журналдарда _______;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасына енгізілген шетелдік потенттер _____;

      шығармашылық еңбектері______;

      басқа жарияланымдар_______.

      4. Білім беру процесінде пайдаланылатын, көлемі _____баспа табақ болатын жеке жазылған және жарияланған оқу (оқу-әдістемелік) құралы, оқулық немесе монография ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (атауы, шығарылған орны мен жылы, кім ұсынған)

      5. Үміткердің жетекшілігімен (керегін толтыру):

      1) диссертацияны оның басшылығымен қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлға дайындалған

      ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қорғау және бекіту күні)

      2) республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары құрған), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________;

      3) Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері

      ____________________________________________________________ дайындалған.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында, оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылғаны туралы мәлімет

      _____________________ бар / жоқ

      7. Аттестаттау ісіндегі құжаттар Ереженің 7-тармағына

      _____________________________________________________________

      (сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың бірі толтырылады):

      1) үміткер____________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      Ереженің барлық талаптарына сәйкес келеді. Сараптау кеңесі Комитетке

      _________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      ________________________________________________________ мамандығы

      бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткер ____________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      аттестаттау ісі Ереженің ______ тармағына сәйкес келмейді.

      __________________________________________________________________

      (аттестаттау ісінің Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      Сараптау кеңесі Комитетке үміткер

      __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      ________________________________________________________ мамандығы

      бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруден бас тартуды

      ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:

      "жақтап" дауыс бергені _____

      "қарсы" ____________

      "қалыс қалғаны" ___________

      Төраға             _____________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Ғалым хатшы       ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Сарапшы             ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

  бұйрығына
2-қосымша
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған профессор
(доцент), профессор)
беру ережесіне
4-қосымша
  Нысан

      _________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      20__ ж. "____" ________ № _______ хаттама

      Тыңдалды: _________________________________________ Ғылыми кеңесі ұсынған

                        (ұйымның атауы)

      ______________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      _____________________________________________мамандығы бойынша

      профессор ғылыми атағын беру туралы № ______________ іс.

      Сарапшы ________________________________________тыңдай келе

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің қауымдастырылған профессор (доцент), аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар (жоқ)________________________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар

      _________________________________________________________________;

      3) үміткер Сот төрелегі академиясында, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орнында немесе ғылыми ұйымда немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында жұмыс істейді және полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы, аға әділет кеңесшісі сыныптық шенінен төмен емес немесе отставкадағы судья атағы бар___________________________________.

      Аттестаттау ісі Ереженің ____ тармағына сәйкес қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық жаттықтырушылық-педагогикалық жұмыс өтілі (қажеттісінің астын сызу), оның ішінде талап етілетін лауазымдағы жұмыс өтілі: ____________________

      _________________________________________________________________.

      3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденушінің

      ______ғылыми мақаласы бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынған басылымдарда _________;

      шетелдік ғылыми журналдарда _________;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда _________;

      Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда _______;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына енгізілген халықаралық рецензияланатын журналдарда _______;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасына енгізілген шетелдік потенттер _____;

      шығармашылық еңбектері______;

      басқа жарияланымдар_______.

      4. Білім беру процесінде пайдаланылатын, көлемі _____баспа табақ болатын жеке жазылған және жарияланған оқулық/ монография _________________________________________

      __________________________________________________________________

      (атауы, шығарылған орны мен жылы, кім ұсынған)

      5. Үміткердің жетекшілігімен (керегін толтыру):

      1) диссертацияны оның жетекшілігімен қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлға дайындалған

      ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қорғау және бекіту күні)

      2) республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары құрған), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері _______________________________________________________________ _________________________________________________________________;

      3) Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері

      ______________________________________________________________ дайындалған.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияда, оқулықта авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылғаны туралы мәлімет

      _____________________

      бар / жоқ

      7. Аттестаттау ісіндегі құжаттар Ереженің 7-тармағына

      _____________________________________________________________

      (сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың бірі толтырылады):

      1) үміткер____________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      Ереженің барлық талаптарына сәйкес келеді. Сараптау кеңесі Комитетке

      _________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      ________________________________________________________ мамандығы

      бойынша профессор ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткер ________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      аттестаттау ісі Ереженің ______ тармағына сәйкес келмейді.

      __________________________________________________________________

      (аттестаттау ісінің Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      Сараптау кеңесі Комитетке үміткер

      _________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      ________________________________________________________ мамандығы

      бойынша профессор ғылыми атағын беруден бас тартуды ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:

      "жақтап" дауыс бергені _____

      "қарсы" ____________

      "қалыс қалғаны" ___________

      Төраға             _________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Ғалым хатшы       _________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Сарапшы             ________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады