"Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 35123 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:

      5-тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13) көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары – мыналарды қамтитын жобалар:

      Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) кез келген көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін теңіз жобалары;

      газ немесе газ конденсатының кенжатыны немесе мұнайға қаныққан бөлігі көлемінің үлесі кенжатынның немесе кен орнының жалпы көмірсутектер көлемінің жиырма бес және одан аз пайызы болатын кен орны бар жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін құрлықтағы газ жобалары;

      мынадай: құрамында дәстүрлі емес көмірсутектер қоры болатын; анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын; табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын; табылған кенжатын (кен орны) ұңғыманың оқпанындағы сұйықтықтың тығыздығы 1000 кг/м3 болатын гидростатикалық қысымға қабаттық қысымның қатынасы ретінде айқындалатын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан жоғары аномальдық жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын; табылған кенжатын (кен орны) қалыңдығы 100 метрден асатын тұзды шөгінділердің астында орналасатын; табылған кенжатын құрылымдық емес тұтқыштарға жататын параметрлердің кем дегенде біреуі болатын жер қойнауының кез келген учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді көздейтін құрлықтағы жобалар;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады