Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегi № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35159 болып тіркелді

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 711 бұйрығымен
бекітілген

Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі

      1. Стационарлық объектілерді күзету кезінде:

      бір тәуліктік күзет бекетіне 4,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

      он екі сағаттық бір күзет бекетіне 2,25-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

      сегіз сағаттық бір күзет бекетіне 1,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

      күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі.

      2. Магистралдық құбырларды күзету кезінде:

      айналма жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трассадан өтетін жолдың бойын, елді мекендерден алшақтығын, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистралдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 – 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;

      күзетілетін магистралдық газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 – 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін.

      3. Теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін белгіленген бір тәуліктік күзет бекетіне штат күзетшісінің 4,5 бірлігінен аспайтын нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады