"Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы №29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

      2-тармақта:

      7)-тармақша мыныдай редакцияда жазылсын:

      "7) Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген орган (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) – облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттер және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (әскери, көлік);";

      8)-тармақша алып тасталсын;

      9)-тармақша мыныдай редакцияда жазылсын:

      "9) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлері мен (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде олардың сұрау салулары бойынша ғана электрондық ақпараттық ресурстарды алуға мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе;";

      76-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:

      "Газ, су және кәріз құбыр жолдары өтетін үйжайларға картотека орналастыруға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрімен 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес АЕҚ-ны жарықпен, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимдермен қамтылған тиісті жағдайларда сақтау қажет.";

      80-тармақ мыныдай редакцияда жазылсын:

      "80. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың сұрау салулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, Комитетте және оның аумақтық органдарында тексеру күнінде мынадай:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға, оның ішінде сотталғандықты өтеу, алып тастау мерзімдеріне, жазаны тарту, соттау және өтеу күніне қарамастан шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты;

      2) қылмыстық жауаптылықтан босататын келесі жағдайларды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар не оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылған адамдар:

      ақтайтын негіздер бойынша;

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;

      ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;

      3) келесі негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қоспағанда, ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақтары (1997 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған адамдар:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;

      ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;

      4) іздестіруде жүрген адамдар (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/ жауапкерлер, хабарсыз жоғалғандар);

      5) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      6) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;

      7) есептен шығарылған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;

      9) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен шығарылған адамдар;

      10) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдар туралы қолда бар барлық мәліметтер ұсынылады.";

      93-тармақтың бірінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:

      "93. АЕА ААЖ-да өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша процестік шешімдер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ АДАЖ-да ұсталғаны немесе күзетпен ұсталғаны (қамаққа алу) туралы мәліметтер бола тұра, АЕА ААЖ-да осы адамға қатысты қандай да бір мәліметтердің болмауымен бірқатар, Комитеттің аумақтық органының қызметкері тегі бойынша картотекадан тиісті әліпбилік есепке алу карточкасының болуын тексереді және оның:

      бар болғаны жағдайда, АЕА ААЖ-ға карточканың графикалық көшірмесін қоса сала отырып, мәліметтерді енгізеді. Егер әліпбилік есепке алу карточкасы МАБ-қа жіберілуге жататын болса, онда оның екінші нұсқасын құрастырады және Комитетке бөлек ілеспе хатпен есепке алу себебі көрсете отырып жібереді;

      болмаған жағдайда, тексерілетін адамды ұстауды немесе күзетпен ұстауды (қамаққа алу) жүзеге асырған орган, аумақтылығы бойынша Комитеттің тексеру жүргізетін аумақтық органына жататын болса, дактилоскопиялық картотекада процестік шешім туралы мәліметтердің болуын тексереді, сондай-ақ тиісті қылмыстық қудалау органдарына, тергеу изоляторына, гауптвахтаға, сот пен архивтерге осы іс бойынша ақпарат алу үшін сұрау салуды жібереді.";

      95-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:

      "7) тармақшаның мәліметтерін қоспағанда, қорғаушылардың сұрау салуларын Комитеттің аумақтық органы осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсына отырып, бес жұмыс күні ішінде орындайды.";

      96-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:

      "7) тармақшаның мәліметтерін қоспағанда, Комитеттің аумақтық органы жеке сот орындаушыларының сұрау салуларын келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсына отырып, орындайды.";

      Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сот әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 111 бұйрығына
қосымша

  Қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған,
қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылық жасаған үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған және адамдарды
арнайы есепке алуды және ұстап
алынған, күзетпен ұсталатын
және сотталған адамдарды
дактилоскопиялық есепке алуды
жүргізу, пайдалану және
сақтау қағидаларына
13-қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі

      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне (бұдан әрі – МАБ) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған адамдарға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) жіберілуге жатады:

      1) 99-бап (адам өлтіру);

      2) 101-баптың 1, 2-бөліктері (аффект жағдайында жасалған адам өлтіру);

      3) 105-баптың 3-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету);

      4) 106-баптың 1, 2, 3-бөліктері (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру);

      5) 110-баптың 2-бөлігі (қинау);

      6) 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою);

      7) 118-баптың 3-бөлігі (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру;

      8) 120-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (зорлау);

      9) 121-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері);

      10) 121-1 бап (он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу);

      11) 122-баптың 2, 3, 4-бөліктері (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу);

      12) 123-баптың 2-бөлігі (жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету);

      13) 124-бап (он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру);

      14) 125-бап (адамды ұрлау);

      15) 126-баптың 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);

      16) 128-баптың 2, 3, 4-бөліктері (адам саудасы);

      17) 132-бап (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);

      18) 133-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту);

      19) 134-баптың 2, 3, 4-бөліктері (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге);

      20) 135-бап (кәмелетке толмағандар саудасы);

      21) 136-бап (баланы ауыстыру);

      22) 143-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету);

      23) 146-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар);

      24) 157-баптың 2-бөлігі (ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу);

      25) 160-бап (басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу);

      26) 161-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру);

      27) 162-бап (жаппай жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу);

      28) 163-бап (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану);

      29) 166-бап (қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру);

      30) 168-бап (геноцид);

      31) 170-бап (жалдамалылық);

      32) 171-бап (жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру);

      33) 172-бап (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу);

      34) 173-бап (халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау);

      35) 174-бап (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру);

      36) 175-бап (мемлекетке опасыздық жасау);

      37) 176-бап (тыңшылық);

      38) 179-бап (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту);

      39) 180-бап (сепаратистік әрекет);

      40) 181-бап (қарулы бүлік);

      41) 182-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу);

      42) 184-бап (диверсия);

      43) 185-баптың 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету);

      44) 188-баптың 3, 4-бөліктері (ұрлық);

      45) 188-1-бап (мал ұрлау);

      46) 190-баптың 2, 3, 4-бөліктері (алаяқтық);

      47) 191-баптың 2, 3, 4-бөліктері (тонау);

      48) 192-бап (қарақшылық);

      49) 193-бап (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру);

      50) 194-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қорқытып алу);

      51) 197-бап (мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу);

      52) 200-баптың 3, 4-бөліктері (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);

      53) 202-баптың 2, 3-бөліктері (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру);

      54) 203-бап (ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру);

      55) 210-баптың 2, 3-бөліктері (зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату);

      56) 211-бап 3-бөлігі (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату);

      57) 218-баптың 2, 3-бөліктері (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));

      58) 231-бап (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу);

      59) 232-бап (жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу);

      60) 234-бап (экономикалық контрабанда);

      61) 242-бап (банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну);

      62) 255-бап (терроризм актісі);

      63) 256-бап (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру);

      64) 257-бап (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу);

      65) 258-бап (террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік);

      66) 259-бап (террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру);

      67) 260-бап (террористік немесе экстремистік даярлықтан өту);

      68) 261-бап (адамды кепілге алу);

      69) 262-бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

      70) 263-бап (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

      71) 264-бап (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

      72) 265-бап (трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

      73) 266-бап (қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу);

      74) 267-бап (заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру);

      75) 268-бап (бандитизм);

      76) 269-бап (ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу);

      77) 269-1-бап (күзетілетін объектіге заңсыз кіру);

      78) 270-бап (әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу);

      79) 271-бап (теңіз қарақшылығы);

      80) 272-бап (жаппай тәртіпсіздік);

      81) 273-бап (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау);

      82) 281-баптың 2, 3-бөліктері (жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);

      83) 282-баптың 2, 3-бөліктері (ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);

      84) 283-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу);

      85) 284-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу);

      86) 285-бап (радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу);

      87) 286-баптың 2, 3, 4-бөліктері (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы);

      88) 287-баптың 2, 3, 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);

      89) 288-баптың 2, 3-бөліктері (қаруды заңсыз жасау);

      90) 289-бап (атыс қаруын ұқыпсыз сақтау);

      91) 290-баптың 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау);

      92) 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық);

      93) 294-бап (тағылық);

      94) 296-бап (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);

      95) 297-баптың 1, 2, 3, 4-бөліктері (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу);

      96) 308-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелікпен айналысуға тарту сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге);

      97) 309-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге);

      98) 312-бап (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту);

      99) 313-бап (қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату);

      100) 313-1-бап (өзін-өзі өлтіруді насихаттау);

      101) 360-баптың 2-бөлігі (халықаралық ұшу қағидаларын бұзу);

      102) 392-баптың 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту);

      103) 402-бап (сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер);

      104) 14-бап (қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы).

      2. Баптың саралануына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты АЕҚ-ны МАБ-қа жіберуге жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады