Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 476 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 қазанда № 35218 болып тіркелді

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 476 Бұйрыққа
қосымша

Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерге қолданылады.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын, жұмыс істеп тұрған бейнеарналардың, бейнедеректерді жазу мен сақтаудың бағдарламалық және техникалық құралдарының, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;

      2) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;

      3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;

      4) күзет қызметінің субъектілері – бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке меншік күзет ұйымдары;

      5) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;

      6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – объектінің аумақтық бөлінген, жарылыс-өрт қаупі бар, қауіпті химиялық заттар, қару мен оқ-дәрілер, уытты заттар мен препараттар, технологиялық тізбектердің, жүйелердің, жабдықтардың немесе құрылғылардың элементтері қолданылатын, сақталатын немесе пайдаланылатын аймақтары (учаскелері), құрылымдық және технологиялық элементтері, объектінің қауіпті аймақтары, сондай-ақ объектідегі адамдар көп болуы, терроризм актісінің жасалуы өмір мен денсаулыққа залал келтіруі, аварияның, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғатын төтенше жағдай қаупінің туындауы, кейіннен терроризм актісін жасауда пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдардың ұрлануы ықтимал орындар;

      7) оқу (профилактикалық) іс-шаралары – персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын ала тәсілдері;

      8) оқытушы – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және оқытушының білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, әдістемелік қолдау немесе білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

      9) өткізу режимі – адамдардың рұқсатсыз кіруін (шығуын), көлік құралдарының кіруін (шығуын), мүлікті кіргізуді (шығаруды), әкелуді (әкетуді) болғызбайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;

      10) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;

      11) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

      12) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;

      13) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы.

      4. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар объектілер аумағында терроризм актілерінін жасалуына (оларды жасау тәуекелін төмендетуге) кедергі келтіретін жағдайлар жасауға, ықтимал террористік қауіптердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған.

      5. Қорғау шараларын ұйымдастыру алдын ала, сараланған тәсіл, барабарлық және кешенділік принциптеріне негізделген.

      6. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мыналарға бағытталған жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі:

      1) объектілерге заңсыз кіруге кедергі жасау:

      объектілерде өткізу режимін белгілеу және оны мүлтіксіз сақтау;

      объектіге заңсыз кіруді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен объектіні инженерлік-техникалық жағынан нығайту бойынша шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі;

      2) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау:

      объектілердегі және жақын маңдағы аумақтағы жағдайды күдікті адамдар мен заттарды анықтау тұрғысынан бақылау;

      білім алушылар арасында экстремизмнің алдын алу (құқықтық ағарту, экстремизмге теріс эмоционалды қатынасты қалыптастыру;

      объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру тұрғысынан материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі;

      3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу:

      объектілерді күзетуді объектінің дайындалған қызметкерлерінің күшімен жүзеге асыру немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу;

      келушілер мен көлік құралдарының объектілеріне кірудің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;

      ұжымда, оның ішінде педагогикалық және білім алушыларда қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

      объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау бойынша шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі;

      4) объектілерде болуы мүмкін террористік қауіптердің салдарын барынша азайту және жою:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) объектілерінің ерекшеліктеріне барабар террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу;

      терроризм актісі жасалған кезде және одан кейін білім алушыларды, қызметкерлерді немесе күзет қызметі субъектілерінің жұмыскерлерін тиісті даярлау;

      объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда уәкілетті органдарды, қызметкерлерді, білім алушыларды, олардың іс-әрекеттері бойынша уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;

      объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау және ұстау, оны тиісінше сақтау бойынша шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі.

      7. ЖЖОКБҰ объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын объектінің бірінші басшысы ұйымдастырады.

      8. Басшының бұйрығымен объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам айқындалады.

      Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау терроризмге қарсы іс-қимылдың ерекшелігіне неғұрлым сәйкес келетін соңғысының құзыреті мен лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүргізіледі.

      Жауапты қызметкер мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы керек:

      1) соттылықтың болмауы;

      2) қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың болмауы;

      3) қауіпсіздік саласында, оның ішінде құқық қорғау және арнаулы органдарда, әскери құрылымдарда не күзетпен және қауіпсіздікпен байланысты кәсіпорындарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      Объектінің басшысы тиісті бұйрық шығарады, қызметкердің функциясы лауазымдық міндеттеріне енгізіледі.

      9. Объектілердің иелері, меншік иелері, басшылары немесе басқа лауазымды тұлғалары жалға алынған ғимаратқа (бөлмеге) орналасқан кезде объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын жасайтын, объектіні күзететін, заманауи инженерлік-техникалық құралдармен жабдықтайтын тараптардың жалға алу келісім шартында анықталуын қамтамасыз етеді, олардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалайды, өткізу режимін ұйымдастырады және іс-шараларды қаржыландырады.

2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      10. Осы тарау объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетін объектілерде өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

      11. Объектілердің меншік иелері, иелері, басшылары барлық топқа жатқызылған 6-тараудың 76-тармағына сәйкес объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына сәйкес жекеменшік күзет ұйымдарымен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген).

      12. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде ЖЖОКБҰ басшысы күзет қызметтері шартында терроризмге қарсы қорғалуды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды көрсетеді, оларға мыналар жатады:

      1) қызметкерлерді, профессорлық-оқытушылық құрамды (бұдан әрі - ПОҚ), білім алушыларды, көлік құралдарын объектіге немесе оның бір бөлігіне (аймағына) рұқсатпен кіруін ұйымдастыру;

      2) объектінің аумағында құқыққа қайшы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ оларды өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселер мен заттарды анықтау;

      3) объектіні күзету, объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін және сыни аймақтарды қорғау (бақылау), оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;

      4) жасалған террористік актінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған алғашқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен, сондай-ақ әкімшілік персоналмен және ПОҚ-пен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

      5) осы Нұсқаулықтың 6-тарауында көзделген террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес объектіде белгіленген техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану.

      13. Объектідегі өткізу режимі объектінің әкімшілігі әзірлейтін өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және басшының бұйрығымен немесе басшы органның нормативтік актісімен бекітіледі.

      14. ЖЖОКБҰ басшысы өткізу режимінің тәртібін, оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты адамдарды айқындайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау көзделеді.

      15. Объектілер үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі:

      1) объектілер қызметкерлерінің жұмыс кестесі және оларды жұмыс және жұмыс уақытынан тыс уақытта өткізу тәртібі;

      2) келушілерді объектіге өткізу тәртібі;

      3) материалдық құндылықтарды кіргізу (шығару), әкелу (әкету) тәртібі;

      4) егер өзге де құқықтық актілерде көзделмесе, объектілерге әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі;

      5) объектілердің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесі (кіру қақпасы, кіру есігі, қосалқы шығу, бірінші қабаттың терезелері, жертөле үй-жайы).

      Кіру учаскесі (кемінде екі негізгі учаске белгіленеді):

      бірінші учаске – білім алушылар мен келушілердің кіруіне шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

      екінші учаске – адамдардың белгілі бір санатына кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар – электр қалқандары, қазандықтар, физика, химия кабинеттерінің зертханалары, ЖОО-да – күрделі техникалық жабдықтары бар үй-жайлар.

      16. Жоғары білім беру объектілері үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі осы тараудың 15-тармағында аталған мәліметтерден басқа, білім алушыларды сабаққа жаппай жіберуді жүзеге асыру үшін орындарды (негізгі және қосалқы) және оларды бақылау тәртібін көздейді.

      17. Әрбір объектіде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібі негізінде оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, объектінің басшысы немесе жеке күзет ұйымының басшысы (объект басшысымен келісім бойынша) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі лауазымдық нұсқаулықты әзірлейді:

      1) ұйымға кірген кезде жеке басын куәландыратын тиісті құжаттарды тексеруді;

      2) автокөлік құралдарын объектінің аумағына өткізу кезінде тиісті құжаттарды тексеруді және әкелінетін жүктердің сипатын;

      3) қызметтік істер бойынша объектіге баратын басқа ұйымдардан келген адамдардың құжаттарын және келу мақсаттарын тексеруді, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасауды;

      4) объектілердің аумағын ішкі үй-жайларды тексеру, объектінің периметрін тексеру үшін және қоршаулардың зақымдануын тексеруді, бөгде, жарылыс қаупі бар және күдікті заттарды анықтау тұрғысында тұрақты түрде аралауды;

      5) объектінің басшысына және (немесе) күзет ұйымындағы өзінің тікелей бастықтарына анықталған барлық бұзушылықтар туралы дереу баяндауды;

      6) белгіленген қағидаларды бұза отырып, объектінің аумағына кіруге және (немесе) қызметкерлерге, әкімшілік персоналға, ПОҚ пен білім алушыларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасауға тырысатын адамдар анықталған кезде, объектінің периметріне жақын жерде ұзақ уақыт тұрған белгісіз автокөлік табылған кезде нақты объектінің жарақтандырылуын негізге ала отырып, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеттерін көздейді.

      18. ЖЖОКБҰ объектілерінде осы тараудың 18-тармағында көзделген іс-шаралардан басқа, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың лауазымдық нұсқаулығы қызметкерлер, ПОҚ жұмысқа және сабаққа жаппай (жалпы) келген және жұмыс пен сабақ аяқталғаннан кейін кеткен кезінде олардың ғимаратқа кіруі және шығуы үшін кіру есіктерінің бос болуын көздейді.

      19. Лауазымдық нұсқаулық иесіздендірілген және әрбір объекті үшін оның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.

      20. Объектіде өткізу режимін сапалы ұйымдастыру мақсатында мекеменің дайындалған қызметкерінің немесе мердігерлік күзет ұйымының қызметкерлерінің бекетін көздеу қажет.

      21. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар талаптарының заңдылығын түсіндіретін, азаматтардың құқықтарын шектейтін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі туралы хабарламаларды объектінің әкімшілігі көру үшін қолжетімді орындарға (объектіге кірген кезде) орналастырады.

3-тарау. Профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      22. Объектілердің меншік иелері, иелері, басшылары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушы болып табылады.

      23. Профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында объектінің басшысы оларды үйлестіреді, сондай-ақ аталған іс-шараларды ЖЖОКБҰ объектісінің әкімшілік персоналымен, ПОҚ және білім алушыларымен өткізеді, объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адамға жүктеледі.

      24. Профилактикалық іс-шаралардың мақсаты объектісінде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.

      25. Оқу іс-шараларының мақсаты білім беру объектілерінің қызметкерлерін, педагогтерді, білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ата-аналарды (заңды өкілдерді) терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыру, терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде және ол жасалғаннан кейін сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      26. Профилактикалық және оқу іс-шаралары нұсқамалар, сабақтар (практикалық және теориялық) түрінде:

      1) объектінің қызметкерлері;

      2) ПОҚ;

      3) білім алушылар;

      4) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен өткізіледі.

      27. Қызметкерлермен, ПОҚ-пен, білім алушылармен алдын профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге объект басшысының бұйрығымен бекітілген қызметкер жүзеге асырады.

      28. Аталған іс-шараларды өткізуге объектінің орналасқан жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясының келісімі бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ объектінің неғұрлым дайындалған қызметкерлері тартылады.

      29. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтіріледі.

      30. Білім алушылармен профилактикалық іс-шаралар білім беру процесінің де, тәрбие жұмысының да шеңберінде жүзеге асырылады.

      Профилактикалық іс-шараларына әкімшілік персоналы мен ПОҚ-тың, білім алушылардың мекеменің ішкі тәртіп ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау жөніндегі іс-әрекеттері жатады.

      31. Мердігерлік күзет ұйымының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізу оның басшысына жүктеледі.

      32. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалармен терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларына ие болу және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

      33. Сабақтар (практикалық және теориялық) объектінің басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес өткізіледі.

      34. Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам қызметкерлердің жекелеген топтары үшін олардың қызметін және білім алушылар үшін оқыту тілін ескере отырып, іс-шаралар кестесін жасайды.

      35. Теориялық сабақтар қызметкерлер, ПОҚ, білім алушылар арасында терроризм идеологиясының таралуын алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға, терроризм идеологиясын әртүрлі көріністерде қабылдамауын қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

      36. Практикалық сабақтар қызметкерлердің, ПОҚ-тың, білім алушылардың және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеттерінің барынша үйлесімділігі мен айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

      37. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, объектінің үй-жайларында және аумағында террористік актінің жасалу қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша практикалық сабақтар терроризмге қарсы комиссияны үйлестіру кезінде жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      38. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтар өткізу осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, ПОҚ және білім алушыларының іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізіледі.

      39. Нұсқаманы өткізу қызметкерлер мен ПОҚ-ты терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыруға, сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға арналған.

      40. Жоспарлы нұсқама объект ұжымының әрбір тобы (әкімшілік персонал, ПОҚ, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар, білім алушылар) үшін жылына кемінде екі рет жүргізіледі.

      41. Жоспардан тыс нұсқама:

      1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына сәйкес өңірде террористік қауіптілік деңгейінің бірі енгізілгенде: объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары"), шекті ("қызыл") іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде;

      2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қаупі туралы ақпараттың болуы;

      3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабты үйлестіру кезінде сабақтарға, жаттығу іс-шараларына дайындалуға, бөлімшелердің, күзетшілер мен объектінің персоналының іс-қимылдарын бағалау;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын өткізуге дайындау кезінде өткізіледі.

      43. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      43. Объектіде жұмыс істеп жүрген қызметкерлер тобына немесе жеке-жеке (тек жұмысқа, оқуға түскен адамдар үшін) нұсқама жүргізіледі.

      44. Профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу үшін арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар) орналастыру, тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор орнату, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалану үшін орындар бөлінетін барлық немесе белгілі бір қызметкерлер тобы, білім алушылар орналасқан үй-жай пайдаланылады.

      45. Іс-шара аяқталғаннан кейін оның нәтижелері осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы қорғау жөніндегі оқу іс-шараларды есепке алу журналына (бұдан әрі - Журнал) енгізіледі.

      46. Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң реттілікті сақтай отырып жүргізіледі.

      47. Журналды жүргізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам жүзеге асырады.

      48. Нұсқамаға немесе сабаққа 20-дан астам адам қатысқан кезде аталған іс-шараны құжаттау хаттама түрінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      49. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл терроризм актілерінің алдын алу және ескерту, қызметкерлерді, білім алушыларды, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды оқыту және даярлау, объектіде терроризм актісіне қауіп төнген немесе жасалған жағдайда объектінің іс-әрекетке дайындығын айқындау мақсатында ұйымдастырылады.

      50. Терроризмге қарсы комиссия өзара іс-қимыл объектінің террористік сипаттағы ең ықтимал қауіптерін нақтылау арқылы профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгіленеді.

      51. Объектідегі террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қауіптерге, объектінің ерекшеліктеріне (объектінің типіне, іске асырылатын оқыту бағдарламаларына, күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері мен қызметкерлерінің санына, объектінің орналасқан жеріне) негіздене отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қызметкерлерінің, ПОҚ және білім алушыларының іс-қимыл алгоритмі нақтыланады.

      52. Бұл алгоритмдер уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың жоспарларына сәйкес өткізілетін терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі сабақтарды, жаттығу іс-шараларын дайындау және өткізу, объектінің күзет бөлімшелері мен персоналының іс-қимылдарын бағалау барысында пысықталады.

      53. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб объектіні терроризмге қарсы көп деңгейлі сабақтар, жаттығу іс-шараларын өткізуге, объектінің күзет бөлімшелері мен персоналының іс-қимылдарын бағалауға тартқан жағдайда объектінің басшысы, сондай-ақ объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы жәрдем көрсетеді, қызметкерлердің, оқушылардың, күзет қызметкерлерінің қажетті топтарын тартуды және аталған іс-шараларды өткізуге олардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      54. Терроризмге қарсы көп деңгейлі сабақтарды, жаттығу іс-шараларын өткізу, объектінің күзет бөлімшелері мен персоналының іс-қимылдарын бағалау қорытындылары бойынша тиісті жоспарларға, кестелер мен алгоритмдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      55. Террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

      56. Объектілердің басшылары, объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде:

      1) терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардан терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі туралы ақпарат алған кезде;

      3) аумақтық ішкі істер органдарын қызметкерлердің, оқушылардың, күзет қызметкерлерінің қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлау, заңсыз сатып алу фактілері туралы, сондай-ақ оларды сақтау орындары туралы уақтылы хабардар ету бойынша алғашқы ден қою алгоритмдерін әзірлейді.

5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және қолдануға қойылатын талаптар

      57. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – Паспорт) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдардың объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде пайдалануға арналған.

      58. Эвакуациялау орны, жиналу орындары, хабарландыру жүйесі туралы ақпарат ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілгеннен кейін паспортқа енгізіледі.

      59. Паспорттың мәліметтері шектеулі сипатта болады, олармен жұмыс істеу тәртібі қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қойылатын заңнама талаптарымен айқындалады.

      Объектілердің басшылары терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметінде паспортқа оны әзірлеуге қатыспаған адамдардың қол жеткізуін шектеу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау бойынша шаралар қабылдайды.

      60. Объектінің басшысы Паспортты әзірлеуге, оны сақтауға және Паспорт деректерін уақтылы жаңартуға жауапты (жауаптылар) адамды (адамдарды) тағайындайды.

      61. Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада (ҚР ӘМ-де 2023 жылғы 29 маусымда № 32950 тіркелген) әзірленеді.

      62. Объект бірнеше құқық иеленушілері бар ғимаратта, құрылыста (ғимараттар мен құрылыстар кешенінде) орналасқан жағдайларда, Паспорт жасау құқық иеленушілері, объектілердің барлық құқық иеленушілері немесе олардың біреуі арасындағы жазбаша келісім бойынша жүзеге асырылады.

      63. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарлама алған сәттен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

      64. Әзірленген паспорттың жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық ішкі істер органының басшыларымен келісіледі.

      Паспорттың жобасын келісу мерзімі үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға Паспорт келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Келісуші адамнан Паспорт жобасына ескертулер болған кезде пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды, ал қайта қайтарылған кезде 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      65. Келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Паспортты (оның ішінде оны жаңарту кезінде) объектінің басшысы бекітеді.

      Бірлесіп жасаған кезде Паспортты объектілердің барлық құқық иелері бекітуі тиіс.

      Бір құқық иеленуші жасаған кезде Паспортты ол объектінің басқа құқық иеленушілерімен келісім бойынша бекітеді.

      66. Объектінің паспорттарын есепке алу номенклатуралық істер форматында жүзеге асырылады.

      67. Әзірленгеннен және бекітілгеннен кейін Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) оны сақтауға және Паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты адамда сақталуы тиіс.

      68. Терроризм актілерінің зардаптарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға Паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында Паспортқа екі данада құжаттарды уақытша беру актісі жасалады.

      69. Құжаттарды уақытша беру актісінің бір данасы Паспортпен бірге терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Тізімдеменің екінші данасы Паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.

      70. Паспорттың екінші данасы мен электрондық нұсқасы (электрондық ақпарат тасығышта PDF форматында) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      71. Паспорт:

      1) меншік құқығы;

      2) объектінің басшысы;

      3) объектінің атауы;

      4) объектінің негізгі мақсаты;

      5) объектінің жалпы ауданы мен периметрі, іргелес аумақты салу немесе күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен имараттарды) және инженерлік жүйелерді қайта жаңарту аяқталғаннан кейін, егер конструкцияда өзгерістер жүргізілген болса;

      6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;

      7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда түзетуге жатады.

      72. Өзгерістер түзету үшін негіздер пайда болғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдері ұлғайған кезде объектінің басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді.

      Паспортта сақтауға жауапты қызметкер объект басшысының немесе Паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен куәландырылған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгі енгізеді. Өзгерістер болған Паспорттың элементтері ғана ауыстырылуға жатады.

      Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат Паспорттың электрондық нұсқасын бір мезгілде ауыстыра отырып, Паспорттың екінші данасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.

      73. Паспорт:

      1) кемінде бес жылда бір рет;

      2) Паспорт мәтінінің жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстырылуға жатады.

      74. Паспорт тиісті акті жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуы тиіс.

      Акт объектінің құқық иесі болып табылатын ұйымда қалады. Актінің көшірмесі Паспорттың екінші данасының сақтау орны бойынша жіберіледі.

6-тарау. Террористік тұрғыдан осал ғылым және жоғары білім саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      75. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып, ғылым және жоғары білім аумақтық объектілері мынадай топтарға бөлінеді:

      1) бірінші топқа персонал мен білім алушылардың нақты саны 100-ден 2000 адамға дейінгі ғылым және жоғары білім объектілері;

      2) екінші топқа кадрлар мен білім алушылардың нақты саны 2000-нан асатын ғылым және жоғары білім объектілері;

      3) үшінші топқа қызметкерлердің санына қарамастан Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне және оған тікелей бағынысты ұйымдардың әкімшілік ғимараттары, оның ішінде апаттың туындауына, төтенше жағдай қаупіне және терроризм актісінің жасалуына себеп болатын қауіпті химиялық және биологиялық (бактериологиялық, улы) заттарды әзірлеуге, өндіруге, сынауға, зерттеуге және сақтауға арналған сондай-ақ жарылыс-өрт қауіпті заттарды, прекурсорларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, бақылау болмаған жағдайда қабілетті улы заттар мен препараттарды пайдаланатын персонал мен қызметкерлердің санына қарамастан ғылым және жоғары білім объектілері жатады.

      76. Бірінші топтың объектілері:

      ескерту жүйесімен;

      аумақтық ішкі істер органдарының ЖБО-ға (кезекші бөлімдеріне) бейнебақылау жүйесімен;

      күзет қызметі субъектілерін және ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерін пультке шығаратын дабыл беру құралымен (дабыл түймесі);

      стационарлық (рамалық) және портативті (қолмен) металл детекторлармен;

      рупорлы дауыс зорайтқыштармен жарақтандырылады.

      77. Екінші топтың объектілері осы тараудың 77-тармағында көзделген техникалық жарақтандыруға қосымша СКУД (турникеттер) кіруді бақылау және басқару жүйелерімен жарақтандырылады. Турникет құрылғыны қолмен және автоматты түрде ашудың және құлыптаудың әдісін қамтамасыз етеді.

      78. Осы тараудың 77 және 78-тармақтарында көзделген техникалық жарақтандыруға қосымша үшінші топтың объектілері:

      объектінің периметрі бойынша қоршаумен;

      күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен және құралдарымен;

      күзеттік жарықтандыру жүйелерімен және құралдарымен;

      байланыс жүйелері мен құралдарымен;

      резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      79. Объектілер мемлекеттік қорғалуға жататын объектілерге жатқызылған жағдайда, олар осы тараудың 76-тармағында көрсетілген топтар бойынша бөлінуіне қарамастан "Мемлекеттік қорғалуға жататын объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қорғалуға жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығаюы жөніндегі талаптарға сәйкес жарақтандырылады.

      80. Басшының шешімі бойынша объектіде объектінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады.

      81. Объектінің инженерлік-техникалық жабдықтары әрдайым жұмыс күйінде сақталады.

      82. Бейнебақылау жүйесі объектідегі жағдайға бақылау жүргізу, сондай-ақ жағдайды бағалау және бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу үшін рұқсатсыз кіру фактісін көзбен шолып растау мақсатында белгіленеді.

      83. Жеке ғимаратты (ғимараттар кешенін) алып жатқан объектіде бейнебақылау жүйесімен:

      1) объектіге іргелес аумақтың периметрі;

      2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);

      3) негізгі және қосалқы кіреберістер мен ЖЖОКБҰ объектілерінде білім алушыларды сабаққа жіберу үшін барлық кіретін орындар жабдықталады;

      4) объектіде адамдар көп жиналатын орындар жабдықталады. Білім беру объектілерінде мұндай орындар дәліздер, спорт және акт залдары, асханалар, фойе, киім ілетін орындар, сондай-ақ білім беру объектілерінің учаскелерінде жайластырылған ойындарға, спорт пен демалуға арналған алаңдар болып табылады;

      5) қауіпті учаскелері бар аумақ пен үй-жайлар, оларға қарай баратын үй-жайлар (орындар), дәліздер;

      6) тексеру үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеру учаскелері (бар болса);

      7) объект басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша үй-жайлар мен аумақтар жабдықталады.

      84. Ғимараттың бір бөлігін алып жатқан объектіде бейнебақылау жүйесі:

      1) объектіде адамдар көп жүретін орындарды;

      2) негізгі және қосалқы кіреберістерді (бар болса) қамтиды.

      85. Бейнеқылау жүйесі:

      1) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерінің бекетінде орнатылған көрнекі ақпаратты телекамералардан техникалық құралға немесе алынған ақпаратты жинаудың, өңдеудің, көрсетудің және тіркеудің техникалық құралдарының жиынтығына беруді;

      2) автоматтандырылған режимдегі жұмысты;

      3) қазіргі уақыт режимінде объектідегі жағдайды бағалауды;

      4) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылуды;

      5) 30 тәуліктен кем емес мерзімде ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді.

      86. Тәуліктің қараңғы уақытында, егер үй-жайлардың және объектілердің іргелес аумақтарының жарығы телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының (ол болған жағдайда) жарығы қосылады.

      87. Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төмен техникалық шарттарына сәйкес келеді.

      88. Объектілер қызметкерлерді, ПОҚ-ты, білім алушылар мен объектіге келушілерді штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісін жасау немесе жасау қаупі және туындаған салдарлар туралы) туралы жедел хабардар ету және олардың іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында хабарлау жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      89. Объектінің қызметкерлерін, ПОҚ-ты, білім алушылар мен келушілерді хабарландыру алдын ала әзірленген жоспарға сәйкес басқа да техникалық және жылжымалы байланыс құралдарының (дабыл беру) көмегімен ішкі байланыс желілері бойынша жүзеге асырылады және:

      1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты немесе уақытша болатын объект аумағының учаскелеріне дыбыстық және жарық сигналдарын беруді;

      2) үй-жайларда объектілерде қауіптілік сипаты, эвакуациялауды немесе бұғаттауды жүзеге асыру қажеттілігі мен тәртібі, сондай-ақ персоналдың, білім алушылар мен объектіге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар туралы автоматты режимде де (бұрын жазылған мәтінді оқу), сондай-ақ микрофонның көмегімен сөйлеу ақпаратын таратуды қамтамасыз етеді. Эвакуация туралы хабарландыру жүйелері және үй-жайларды бұғаттау сигналдармен ерекшеленеді.

      90. Хабарлау құралдарының саны және олардың қуаты адамдардың тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарында дұрыс естуін қамтамасыз етеді, эвакуация жүргізілген жағдайда оны жүргізу үшін қажетті есептелген уақыт ішінде әрекет етеді.

      91. Дабыл беру құралы (мобильді не стационарлық) (дабыл түймесі) объектіде терроризм актісін жасау қаупі туралы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында орнатылады.

      92. Дабыл беру құралы міндетті түрде объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам отыратын пост және жаппай өткізуге арналған объектіге кірумен жабдықталады.

      93. Дабыл беру құралы аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруді қамтамасыз етеді.

      94 Объектілерге қоршау адамдардың еркін өтуіне және көлік құралдарының объектіге және объектіден өтуіне кедергі жасау мақсатында орнатылады.

      Қоршаумен аумағы бар тиісті объектілердің периметрі жабдықталады.

      Қоршаудың:

      1) еркін өтуді болдырмайтын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биіктік пен топыраққа тереңдігі;

      2) дизайн қарапайымдылығы, жоғары беріктігі мен беріктігі болу қажет;

      3) еңсеруді жеңілдететін тораптар мен конструкциялар болмауы керек.

      Периметрлік қоршау мынадай сипаттамаларға:

      1) барлық маусымдардың және тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділігіне;

      2) көлік құралдары тудыратын кедергілерден және индустриялық кедергілерден, құстар мен жануарлардың әсерінен қорғалуына сәйкес келеді.

      95. Күзетілетін объектілер қызмет көрсету аумағы шегінде күзет нарядтары арасындағы екі жақты радиобайланысты қамтамасыз ету мақсатында байланыс жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      96. Объектілер күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, жарықтандыру, бейнебақылау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен және құралдарымен жарақталады.

      97. Объектілердің топқа жатқызылуына қарамастан, олардың кіру топтары, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің көлік құралдарының қозғалыс жолдарына тікелей жақын жерде жаппай ашық орындар орналасқан жағдайда объектілер көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдарымен жабдықталады.

      98. ЖЖОКБҰ объектілері соқтығысу қаупін болдырмау мақсатында көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдарымен жабдықталады.

      99. Көлік құралдарының жылдамдығын төмендету гүл құмыраларын, сәулет және ландшафт элементтерін, боллардтарды және басқа құралдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

      100. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі іс-шаралардың аяқталу мерзімі объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе беру туралы хабарлама алған сәттен бастап 6 айдан аспайды.

  Ғылым және жоғары білім
беру саласындағы қызметті
жүзеге асыратын террористік
тұрғыдан осал объектілерінің
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Сабақ тақырыптарының нұсқалары

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) басшылары мен персоналы үшін:

      1. ЖЖОКБҰ басшылары мен персоналының объектінің мина қойылғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимылы.

      2. Жасалған теракт кезінде ЖЖОКБҰ басшылары мен персоналының іс-қимылы.

      3. Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

      4. ЖЖОКБҰ терроризмге қарсы қауіпсіздігін ұйымдастыру.

      5. ЖЖОКБҰ қауіпсіздік шаралары.

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін:

      1. Жарылғыш заттарды тану және жарылыс қаупі кезіндегі тәртіп ережелері.

      2. ЖЖОКБҰ жанында қоғамдық тәртіпсіздіктер туындаған және кепілге адамдарды алу қаупі туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      3. ЖЖОКБҰ терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

      4. Террористік акт жасау қаупі төнген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      Терорристік акт жасалған кезде ЖЖОКБҰ басшыларының іс-қимылы.

      Нұсқамалар өткізу шеңберінде:

      1. Қызметкерлерді, ПОҚ, білім алушылар мен объектіге келушілерді эвакуациялау және эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

      2. Объект аумағының шегінде терроризм актісі жасалған жағдайда өзін-өзі ұстау және әрекет ету тәртібімен объектінің әрбір қызметкерін егжей-тегжейлі таныстыру.

      Практикалық сабақтарды өткізу шеңберінде:

      1. Иесіз заттар мен күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша қызметкерлердің, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың практикалық іс-қимылдарын пысықтау:

      1) иесіз заттарды, күдікті заттарды тапқан кезде және минаның табылғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-әрекеттер;

      2) ұйымның аумақтық ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, иесіз заттарды, күдікті заттарды тапқан және объектіні миналау туралы хабарлама алған кезде күзету;

      3) объекті персоналы, ПОҚ. білім алушылар мен келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру;

      4) объекті персоналы, ПОҚ. білім алушылар мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыру.

      Көрсетілген іс-шараларға сәйкес мынадай жаттығулар өткізіледі:

      1) объектіге мина қойылғандығы туралы хабарлама алған кездегі персоналдың іс-қимылы;

      2) иесіз заттар мен күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекеттер;

      3) адамдарды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдар.

  Ғылым және жоғары білім беру
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, профессорлық-оқытушылық құрамының, білім алушыларының іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қызметкерлерінің, ПОҚ және білім алушыларының іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған жағдайларда ЖЖОКБҰ тұрақты жұмыс істеуін арттыру жөніндегі іс-шараларды басқару мақсатында әзірленді және оларды алдын алуға және жоюға бағытталған.

      Террористік қатерлердің алдын алу адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, террористік қатерді жүзеге асыру тәуекелін барынша азайтуға және терроризм актісін жасауды барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау ЖЖОКБҰ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Терроризм актісі жасалған жағдайда ЖЖОКБҰ басшылары мен қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы құқық қорғау және арнаулы органдарды дереу хабардар етеді және персоналды, ПОҚ, білім алушылар мен келушілерді эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

      Терроризм актісін жасау қаупінің туындауын алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кезінде объектілерге және бөгде адамдардың осал объектілеріне (учаскелеріне, жабдықтарына) еркін кіруін болдырмауға ерекше назар аудару маңызды, бұл террористік құралдарды жеткізуді, сондай-ақ бақылау, автоматика аппаратураларының, байланыс құралдарының істен шығуын болдырмайды.

      Террористік іс-әрекетті дайындау мен жүзеге асырудың негізгі белгілері:

      1) мінез-құлқында террористік шабуыл объектісінің жақын ортасындағы жағдайды зерделеу, оның қызметіндегі белгілі бір аспектілерге жоғары немесе жеткіліксіз уәжделген қызығушылық байқалатын адамдардың пайда болуы;

      2) таңдалған объектілерде күдікті адамдардың бірнеше рет пайда болуы және олардың фото және бейнетүсірілім жүргізуі;

      3) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен және персоналмен негізсіз байланысқа түсу, олардан жұмыс режимін, қол жеткізу тәртібін, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және шығаруы;

      4) жертөлелер мен шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың кіруі;

      5) бөгде келушілерде (күдік тудыратын адамдарда) объектінің ғимаратына кіреберісте күзетпен тексеру ұсынушының жеке басы туралы ақпарат бермейтін құжаттардың болуы;

      6) жалған ақпарат объектісінің әкімшілігі мен қызметкерлеріне хабарлау;

      7) осал учаскелерді және оларға қол жеткізу тәртібін, өткізу режимі жүйесінің және объектіні күзетудің тәртібін зерделеу.

      Террористік шабуылдың үлгілік сценарийлерін алдын ала талдау негізінде оларды төтенше жағдайларды дамытудың әрбір кезеңінде қолайлы, оң жаққа өзгерту мақсатында нақты бастапқы, аралық және қорытынды жағдайларға тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенін әзірлеу және нақты уақыт режимінде іске асыру маңызды.

      Түрлі жағдайларды алдын ала пысықтау терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде қызметкерлердің, ПОҚ және білім алушылардың іс-қимыл алгоритмін, оның ішінде әдеттегі экстремалды жағдайларда іс-қимылдарды реттейтін мекенжай нұсқаулықтары мен жадынамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      ЖЖОКБҰ терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруды Заңда және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқық актілерінде белгіленген құзырет шегінде олардың басшылары ұйымдастырады.

      3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар олардың туындауы мен олардан келтірілуі мүмкін залалды ескере отырып жүргізіледі.

      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындау қолданыстағы заңнамада белгіленген өз құзыреті шегінде ЖЖОКБҰ басшыларына жүктеледі.

2-тарау. Ғимаратта және оның аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, профессорлық-оқытушылық құрамының және білім алушыларының іс-қимыл тәртібі

      4. Тәртіп ЖЖОКБҰ және олардың аумақтарында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде қызметкерлердің, ПОҚ және білім алушылардың іс-әрекеттерін жүйелейді және үндестіреді.

      Бұл тәртіпті ЖЖОКБҰ басшысы әрбір қызметкерге, оқытушыға және білім алушыға жеткізеді.

      5. ЖЖОКБҰ терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде шұғыл іс-қимылдар қабылдау үшін:

      қызметкерлердің, ПОҚ-тың, білім алушылардың бірінің күдікті нәрсені анықтауы;

      телефон арқылы немесе жазбаша түрде қоқан-лоққы жасауы;

      қызметкерлерге, ПОҚ және білім алушыларға қарулы шабуыл жасау;

      террористердің қызметкерлерді, ПОҚ немесе білім алушыларды кепілге алуы және / немесе ғимаратта немесе оның аумағында болуы;

      терроризм ЖЖОКБҰ объектілеріне шабуыл жасауы негіз болып табылады.

      6. Жоғарыда аталған жағдайларда ЖЖОКБҰ басшылығы болған оқиға туралы:

      ішкі істер органдарының "102" нөміріне, "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығына дереу хабарлайды.

1-параграф. Күдікті затты анықтау

      7. Иесіз сөмке, пакет, жәшік, қорап, сымдары бар ойыншықтар, күдікті дыбыстар (шерту, тықыл) және ерекше иістер (бадам, хлор, аммиак) күдікті зат деп түсініледі.

      Бұл заттар жарылғыш құрылғы немесе улы химиялық заттармен (УХЗ), биологиялық агенттермен (қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары, сібір жарасының түрі, табиғи шешек, туляремия) пакетпен толтырылған болуы мүмкін.

      8. Қауіпті немесе күдікті затты тапқан тұлғалар бұл туралы ішкі істер органдарының "102" нөміріне немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлайды және шұғыл әрекет ету күштері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болады және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайындалады.

      Басшының іс-әрекеті:

      1) ЖЖОКБҰ тұрақты қызметкерлері арасынан шеп құру;

      2) шұғыл әрекет ету қызметтерінің (ішкі істер органдарының бөлімшелері, жедел медициналық көмек қызметтері, өрт сөндіру есептері, жедел-құтқару қызметтері) қауіпті немесе күдікті нысанасы табылған жерге кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті;

      3) ЖЖОКБҰ білім алушылары мен қызметкерлерін эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

      10. Персоналдың әрекеттері (қызметкерлер, ПОҚ):

      1) ЖЖОКБҰ басшылығына (телефон арқылы) хабарлауы және ғимаратқа ешкімді жібермеуі (олар келгенге дейін) тиіс;

      2) білім алушыларды күдікті заттан қауіпсіз қашықтыққа (100 метрден жақын емес) алыстату, жақындатпау, қол тигізбеу, ашпауы және табылған заттың орнын ауыстырмау;

      3) күдікті затты тапқан тұлғалар шұғыл әрекет ету күштері келгенге дейін қауіпсіз қашықтықта болу және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болу;

      4) иесіз заттың иесін анықтау мақсатында айналасындағылардан сұрау;

      5) радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды заттың жанында пайдаланбау;

      6) табылған уақыты мен орнын жазып алу;

      7) қауіпті аймаққа іргелес аумақтан білім алушыларды эвакуациялауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      8) қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) паналау, бақылау жүргізу;

      9) объектіден шығу, мүмкін болмаған жағдайда - күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтыққа жасырыну.

      11. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) дүрбелең туғызбау, әкімшілік персоналдың, ПОҚ өкілдерін тыңдау;

      2) күдікті затты ұстамау, ашпау және жылжытпау;

      3) қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттардың (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) артына паналау;

      4) объектіден кету, мүмкін болмаған жағдайда - күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтыққа жасырыну.

      12. ЖЖОКБҰ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) күдікті затқа қол тигізбеу, жақындамау, қозғамау;

      2) иесіз заттың иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрау;

      3) радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;

      4) иесіз заттың табылған уақыты мен орнын жазып алу;

      5) күдікті заттың табылғаны туралы ішкі істер органдарының "102" нөміріне немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау;

      6) күдікті заттың сыртқы түрін және оны табу мән-жайларын сипаттауға дайын болу;

      7) дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуі қажет адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      8) күдікті затқа және қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;

      9) қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдастырылған эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      10) қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) паналау, бақылау жүргізу.

      Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсас зат анықталған кезде ұсынылатын эвакуация және қоршау аймақтары:

      1) граната - 50 метр;

      2) салмағы 200 грамм тротил дойбы – 45 метр;

      3) жарылғыш құрылғы - кемінде 200 метр, сыра банкісі 0,33 литр - 60 метр;

      4) дипломат (кейс) - 230 метр, жол чемоданы - 350 метр;

      5) жеңіл автомашина - кемінде 600 метр. шағын автобус - 920 метр;

      6) жүк көлігі (фургон) - 1240 метр.

2-параграф. Телефон арқылы қоқан-лоққы жасау

      13. Мұндай сигналдың ешқайсысын назардан тыс қалдырмау. Әңгімені сөзбе-сөз есте сақтауға тырысу және оны қағазға түсіру. Әңгіме фактісін және оның мазмұнын таратпау, ақпаратқа ие адамдардың санын мүмкіндігінше шектеу қажет.

      14. Телефон арқылы қоқан-лоққы жасалған тұлғаның (басшы, қызметкер, оқытушы, білім алушы) іс-әрекеті:

      Әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін:

      1) дауысын (қатты немесе тыныш, төмен немесе жоғары), сөйлеу қарқынын (жылдам немесе баяу);

      2) айтылуы (айқын, бұрмаланған, кекештенген, сыбырлаған, екпінмен немесе диалектімен);

      3) сөйлеу мәнерін (бос, мазақ, балағат сөздермен) назарға алу.

      15. Дыбыстық фонға (автомобильдердің немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар), қоңыраудың сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару маңызды.

      16. Сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын жазып алу қажет.

      17. Кез келген жағдайда әңгіме барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысу қажет:

      1) бұл адам қайда, кімге, қай телефонға қоңырау шалады? ол қандай нақты талаптар қояды?

      2) жеке өзі талаптар қояды немесе делдал ретінде әрекет етеді және адамдардың қандай да бір тобын білдіреді?

      3) ол қандай шарттармен немесе олар жоспардан бас тартуға келіседі? онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      4) сіз бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?

      18. Қоңырау шалушыдан сіз және объектінің басшылығы шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкін болатын ең ұзақ уақытқа қол жеткізуге тырысу.

      19. Әңгімелесу процесінде немесе әңгімелесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" нөміріне немесе "112" бірыңғай кезекші – диспетчерлік қызметіне және басшылыққа телефон қатері туралы хабарлау қажет.

3-параграф. Жазбаша түрде қоқан-лоққы жасау

      20. Жазбаша нысандағы қоқан-лоққы жасалған тұлғаның (басшы, қызметкер, ПОҚ, білім алушы) іс-әрекеттері:

      1) құжатты алғаннан кейін оны абайлап ұстау, мүмкіндігінше оны таза тығыз жабылатын полиэтилен пакетке салып, бөлек қатты папкаға салу;

      2) оған саусақ іздерін қалдырмауға тырысу;

      3) егер құжат конвертте келіп түссе, оны ашу тек сол немесе оң жақтан, шеттерін қайшымен мұқият кесіп алу арқылы жүргізіледі;

      4) сондай-ақ бәрін бірге сақтау: құжаттың өзі мәтінмен, кез-келген тіркемелермен, конвертпен және қаптамамен, ештеңені тастамаңыз;

      5) құжаттың мазмұнымен таныс адамдар тобын кеңейтпеу;

      6) ішкі істер органдарының "102" нөміріне немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлауы тиіс.

4-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, ПОҚ және білім алушыларына қарулы шабуыл жасау

      21. Қызметкерлерге, педагогтарға, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қарулы шабуыл кезінде өзін-өзі оқшаулау үшін шаралар қабылдау, қауіпті аймақтан дереу шығу, сондай-ақ ішкі істер органдарының "102" нөміріне немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлау қажет.

      Жасырынып, террористердің кетуін күту және бірінші ғимараттан шығып кету.

      22. Басшының іс-әрекеттері:

      1) қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;

      2) объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау) ұйымдастыру;

      3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

      23. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) іс-әрекеттері:

      1) жағдайды бағалау, білім алушылармен бірге ғимараттан қалай кететіндігіңіздің нақты жоспарын ойластыру;

      2) білім алушылармен бірге қауіпсіз эвакуациялау;

      3) заттар мен сөмкелерді қалдыру;

      4) қолыңызды жасырмау, оларды көз алдында ұстау.

      24. Ғимараттан кету мүмкіндігі болмаған жағдайда:

      1) кабинеттен сытқа тез қарап дәліздегі барлық білім алушыларды немесе қызметкерлерді өз кабинетіне жіберу;

      2) сізге таныс емес немесе келуге рұқсаты жоқ ересектерді кабинетке кіргізбеу;

      3) есікті мықтап жабу, мүмкіндігінше құлыптап, терезелерді жабу, барлық перделерді түсіру немесе жабу;

      4) шабуылдаушы оларды есікке қарап көре алмайтындай етіп персонал мен білім алушыларды қабырғаға тұрғызу;

      5) білім алушылар үшін "Қауіпсіз бұрыш" табу;

      6) жарық пен компьютер мониторларын өшіру, ұялы телефондарды дыбыссыз режимге қою;

      7) білім алушылар үшін тыныштықты қамтамасыз ету;

      8) сабаққа қатысу парағын толтыру және объектіде болуы тиіс, бірақ жоқ білім алушылардың тізімін жасау;

      9) спорт залындағы білім алушыларды киім ауыстыратын бөлмеге ауыстыру, барлық есіктерді құлыптау, қауіпсіз орын табу және жарықты өшіру;

      10) асханалардағы білім алушыларды жақын маңдағы аудиторияға қайта орналастыру және жарықты өшіру;

      11) дәретханадағы қызметкерлер мен білім алушыларды кабинада жауып, жарықты сөндіру;

      12) дәлізде жүргендердің барлығын дереу жақын маңдағы аудиторияға ауыстырып, жарықты өшіру;

      13) медицина қызметкерлерін, асхана қызметкерлерін, көмекші персоналды өздері тұрған үй-жайда қалдыру, есіктерді жабу және жарықты өшіру;

      14) кітапхана оқушылары мен қызметкерлерін кітапханада қалдыру, есіктерді жабу, қауіпсіз жерге ауыстыру және жарықты өшіру.

      25. Ғимараттан тыс жердегі қызметкерлер мен білім алушылар ең жақын қауіпсіз жерге жүгіріп барып, жату позициясын ұстанып, қозғалмауы керек.

      26. Білім алушының іс-әрекеттері:

      1) дүрбелеңге салынбау, қызметкерлер мен ПОҚ тыңдау;

      2) мүмкін болған жағдайда - объектіден абайлап шығу, мүмкін болмаған кезде-қауіпсіз жерде паналау;

      3) есікті бұғаттау, құқықтық тәртіп қызметкерлерінің келуін күту, құқық қорғау және / немесе арнаулы мемлекеттік органдарға, күзетке, персоналға, объект басшылығына қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабарлау.

      27. ЖЖОКБҰ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) қарулы қаскүнемді анықтау;

      2) оның объектідегі адамдардың жаппай болатын орындарына баруына тосқауыл қою;

      3) объектінің басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл фактісі туралы кез келген тәсілмен хабарлау;

      4) объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау) қабылдау.

5-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын кепілге алу

      28. Басшының іс-әрекеті:

      1) білім алушылардың, персоналдың, ПОҚ және басқа да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін болатын жағдайларды ұйымдастыру;

      2) құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды қызметкерлердің, ПОҚ және білім алушылардың кепілге алынғандығы туралы дереу хабардар ету;

      3) басқыншылардың талаптарын анықтауға тырысу;

      4) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

      29. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) іс-әрекеті:

      1) жанындағы білім алушыларды қорғауды ұйымдастыру;

      2) олардың кепілге алынуына жол бермеу, ғимараттан абайлап шығару немесе үй-жайда паналау;

      3) есікті құлыптау, құқықтық тәртіп қызметкерлері келгенге дейін ұстау;

      4) кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдендірілген қамтамасыз ету шартымен құқық қорғау және /немесе арнаулы мемлекеттік органдарды кепілге алу мән-жайлары мен шабуылдаушылар (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) туралы хабардар ету.

      30. Білім алушының іс-әрекеті:

      1) дүрбелең тудырмау, ұстамдылық сақтау, өзін-өзі бақылау;

      2) қауіпсіз орын табуға тырысу;

      3) сізді кепілге алғаны туралы хабарлама алғаннан кейін, арнайы қызмет жұмысын бастағанын және сіздің босатылуыңыз үшін қажет нәрсенің бәрін қабылдайтынын есте сақтау;

      4) шабуылдаушыларды қару қолдануға итермелейтін және адам шығынына әкеп соқтыратын әрекеттерге жол бермеу;

      5) айыру, қорлау және қорлауға жол беру, қылмыскерлердің көзіне қарамау, арандатушылықпен әрекет етпеу;

      6) кез-келген әрекетті жасауға (отыру, тұру, ішу, дәретханаға бару) рұқсат сұрау;

      7) егер жарақат алған жағдайда, қозғалмауға тырысу, осылайша қан жоғалтуды азайту;

      8) арнаулы қызметтер сізді босату жөніндегі операцияны жүргізу кезінде мынадай талаптарды мүлтіксіз сақтауға міндетті:

      9) еденге төмен қаратып жатып, басын қолдарымен жауып, қозғалмау;

      10) арнайы қызмет қызметкерлеріне қарсы жүгіруге немесе олардан қашуға болмайды, өйткені олар сізді қылмыскер деп ойлауы мүмкін;

      11) есіктер мен терезелердің саңылауларынан аулақ болу.

      31. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) мұқият болу, қылмыскерлердің белгілерін, олардың бет-әлпетінің ерекшеліктерін, киімдерін, есімдерін, лақап аттарын, ықтимал тыртықтар мен татуировкаларды, сөйлеу ерекшеліктері мен мінез-құлқын, сөйлесу тақырыбын есте сақтауға тырысу;

      2) қылмыскерлерді дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;

      3) өзінің мінез-құлқымен назарын аудартпау;

      4) қашудың сәттілігіне толық сенімділік болмаса, жүгіруге тырыспау;

      5) террористер туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты (саны, қару-жарақ, сыртқы түрі, дене бітімі, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы) есте сақтау;

      6) өзінің тұрған (қамауда отырған) жерін анықтауға тырысу;

      7) байланыстың кез келген қолжетімді тәсілін пайдалана отырып, болған оқиға туралы құқық қорғау немесе арнаулы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектіні күзет қызметіне хабарлауға тырысу;

      8) қандай тағам болса да, назардан тыс қалдырмау;

      9) жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті өз бетінше көрсетуге тырысу;

      10) қылмыскерлер өздерін басқаруды тоқтатса да, үрейленбеу;

      11) терезелерден, есіктерден алыс тұру;

      12) арнайы бөлімшелердің қызметкерлері кепілге алынғандарды босату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау:

      еденге төмен қаратып жату, қабырғаға жақын жату, басын қолдарымен жауып, қозғалмау;

      арнайы бөлімшелердің қызметкерлеріне жүгіруге немесе олардан қашуға болмайды, өйткені олар қашып бара жатқан адамды қылмыскер деп ойлауы мүмкін.

6-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ішінде және оның аумағында атыс кезінде

      32. Басшының іс-әрекеті:

      1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін болатын жағдайларды ұйымдастыру;

      2) құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды атыс туралы дереу хабардар ету;

      3) білім алушылардың, қызметкерлердің, педагогтердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде шаралар қабылдау.

      33. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) және білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) көшеде атыс кезінде, егер ол пердемен жабылған болса да, терезенің жанында тұрмау;

      2) терезе деңгейінен жоғары көтерілмеу;

      3) білім алушыларға оқ естілетін үй-жайға кіруге рұқсат бермеу;

      4) көшеде атыс кезінде жерге жатып, жасырынатын жерге (ғимараттың бұрышы, гүлзар, аялдама) жорғалап баруға тырысу, егер жақын жерде болмаса, басыңызды қолыңызбен жауып, тыныш жату;

      5) бәрі басылған кезде, көтеріліп, маршрутты өзгерту арқылы межелі жерге жету.

7-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы ғимаратының жарылуы кезінде

      34. Басшының іс-әрекеттері:

      1) білім алушылардың, персоналдың, ПОҚ және басқа да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін болатын жағдайларды ұйымдастыру;

      2) ғимараттың жарылуы туралы құқық қорғау және / немесе арнаулы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;

      3) білім алушылардың, қызметкерлердің және ПОҚ өмірін қорғау жөніндегі іс-қимылды ұйымдастыру.

      35. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) және білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) шыны шкафтардың, витриналар мен терезелердің жанында болмауға тырысып, еденге жату;

      2) негізгі қабырғалардың астын паналау, өйткені көбінесе ара қабырға, төбелер, люстралар өлімге әкеледі;

      3) баспалдақ торларына шықпау, қосылған электр аспаптарына тиіспеу;

      4) қараңғыда болғаннан кейін, газдың шығу қаупіне байланысты сіріңке жағуға тырыспау;

      5) арқамен қабырғаға сүйеніп ғимараттан шығу, әсіресе баспалдақпен түсуге тура келсе;

      6) сынықтар мен жарықшақтардың үстіне құлау қаупіне байланысты иілу, басыңызды қолыңызбен жабу;

      7) көшеде болғаннан кейін ғимараттан алыстап, құлауы мүмкін карниздер мен қабырғаларды қадағалау;

      8) тез және мұқият бейімделу, өйткені үй құлаған кезде дүрбелең тудыратын қалың шаң көтеріледі.

8-параграф. Террористер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына шабуыл жасаған кезде

      36. Басшының іс-әрекеттері:

      1) білім алушылардың, ПОҚ және басқа да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін болатын жағдайларды ұйымдастыру;

      2) құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарына объектіде күдікті тұлғаны немесе адамдар тобын анықтағаны туралы ақпаратты тез арада беру;

      3) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қылмыскерді анықтау және ұстау уақытын қысқартуы мүмкін күдікті тұлға туралы барынша толық ақпарат беру;

      4) адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      37. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) іс-әрекеттері:

      1) жақын маңдағы білім алушыларды қорғауды ұйымдастыру;

      2) қорғану: ғимараттан абайлап шығу немесе үй-жайда жасырыну, есікті құлыптау, тәртіп сақшыларының келуін күту;

      3) құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      38. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) ғимараттан абайлап шығу немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенше күту;

      2) құқық қорғау және /немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      39. Ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) дәстүрлі емес ағымдарды ұстанушының/-лардың сыртқы белгілері бойынша анықтау;

      2) оның/олардың объектідегі адамдардың шоғырланған орындарға баруына тосқауыл қою;

      3) объектінің басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға күдікті тұлғаның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы кез келген тәсілмен хабарлау;

      4) объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау) қабылдау;

      5) қажет болған кезде күдікті тұлғаның немесе адамдар тобының объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) жүріп-тұруын бақылауды ұйымдастыру;

      6) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      40. Террористтің сыртқы белгілері:

      1) ауа-райына сәйкес келмейтін, кең, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының (ҚЖҚ) элементтерін жасыруға арналған киім;

      2) киімнің астынан ҚЖҚ элементтерінің, сымдардың, тумблерлердің, ажыратқыштардың шығып тұруы;

      3) қолында қаруды немесе жарылғыш құрылғыны жасыруға болатын үлкен сөмкелердің немесе баулдардың болуы;

      4) тасымалданатын заттарға абайлап қарау, оларды денеге басу және оларды мезгіл-мезгіл еріксіз сезіну;

      5) әртүрлі бұзушылықтар болуы мүмкін камуфляждалған нысанды киімді (шеврондардың болмауы, киімнің төменгі және жоғарғы бөліктерінің түсінің сәйкес келмеуі, бас киім) пайдалану.

3-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және оның аумағында терроризм актілерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар

      41. Басшының терроризм актілерінің алдын алу жөніндегі іс-әрекеттері:

      1) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы басшылық құжаттардың талаптарын білу және қызметкерлердің, білім алушылардың назарына жеткізу;

      2) ықтимал террористік қатерлерге әрекет ету мәселелері бойынша ішкі істер органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

      3) қызметкерлердің, педагогтердің, білім алушылардың қатысуымен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларды ұдайы өткізу;

      4) білім беру ұйымының терроризмге қарсы қорғау шараларын іске асыруға жауапты лауазымды тұлғаны айқындау.

      42. Жауапты лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері:

      1) қызметкерлермен, ПОҚ және білім алушылармен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сабақтарды жоспарлау және өткізу;

      2) мекеменің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша қызметкерлермен, ПОҚ және білім алушылармен жарты жылда кемінде 2 рет жаттығулар жоспарлау және өткізу;

      3) басшыға терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру және қызметкерлердің, ПОҚ мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар беру;

      4) күн сайын объектінің қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      5) жат қылық көрсеткен бөгде адамдарға назар аудару.

      43. Басшының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының іс-әрекеттері:

      1) тәуліктің қараңғы уақытында аумақтың жарықтандырылуын бақылау;

      2) аумақтан қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету;

      3) жат қылық көрсеткен бөгде адамдарға назар аудару.

      44. Басшының тәрбие работе жөніндегі орынбасарының іс-әрекеттері:

      1) тәрбие жұмысының жылдық және айлық жоспарларына құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып, білім алушылардың, ПОҚ және қызметкерлердің қатысуымен "Террористің сыртқы белгілері", "Қолдан жасалған жарылғыш құрылғы қалай көрінеді", "Егер атыс болса не істеу керек", "Түрлі жарақаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек шаралары", "Заңсыз ниет білдірген адамның психологиялық портреті", "Экстремистік ұйымдардың қаупі", "Террористер мен экстремистер жасөспірімдер мен жастарды қылмыстық мақсатта қалай қолдана алады" тақырыбында іс-шаралар өткізу.

      45. ПОҚ әрекеттері:

      1) жат қылық көрсеткен бөгде тұлғаларға назар аудару; зорлық-зомбылық акцияларына бейім білім алушыларды анықтау;

      2) жекелеген білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларын бұзу, оларды экстремистік ұйымдар мен реакциялық діни секталарға тарту фактілерін алдын алу және анықтау;

      3) террористік көріністерге ден қою алгоритмдерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларға белсенді қатысу;

      4) эвакуациялау маршруттарын жетілдіру, жеке күйзеліске төзімділікті және дағдарыс жағдайында басқару қабілетін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

      46. Вахтерлердің іс-әрекеттері:

      1) жат қылық көрсеткен бөгде адамдарға назар аудару;

      2) шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін білу;

      3) күдікті келушілерді пысықтау бойынша учаскелік инспекторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      47. Кезекші әкімшінің іс-әрекеттері:

      1) жат қылық көрсеткен бөгде адамдарға назар аудару;

      2) ПОҚ жұмысына және білім алушыларды өткізуді ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру;

      3) объектінің басшысын және күзетті күдікті қол жүгі бар адамдардың (ауыр сөмкелер, жәшіктер, үлкен байламдар) кіруге тырысқаны туралы хабардар ету.

      48. ЖЖОКБҰ тұрақты құрамының іс-әрекеттері:

      1) жат қылық көрсеткен бөгде адамдарға назар аудару;

      2) өздерінің жұмыс орындарына сабақ басталардан 15 минут бұрын олардың жай-күйін бөгде және күдікті заттардың, заттардың болмауын тексеру мақсатында және оларды сабаққа (жұмысқа) дайындау үшін келу;

      3) өздеріне бекітілмеген оқу үй-жайларында сабақ өткізетін оқытушылар кілттерді вахтерден алу және тапсыру;

      4) жауапты кезекші сабақтар аяқталғаннан кейін аудиториялардың жиналуын бақылау.

      49. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) сабақтың басталуына уақтылы дайындалу мақсатында оқуға ертерек келу.

      50. ЖЖОКБҰ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) мекеме аумағына автокөлік құралдарын өткізу кезінде тиісті құжаттарды және әкелінетін жүктердің сипатын тексеру;

      2) құжаттарды тексеруге және қызметтік істер бойынша басқа ұйымдардан объектіге келетін тұлғалардың келу мақсатына ерекше назар аудару, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасау;

      3) объектінің ғимаратына бөгде тұлғалардың кіруін (себептерін анықтау) шектеу;

      4) қызметкерлердің, ПОҚ және білім алушылардың жұмысқа және сабаққа жаппай (жалпы) келуі және жұмыс пен сабақ аяқталғаннан кейін олардың кетуі кезінде ғимараттың кіреберіс есіктерін кіру және шығу үшін бос ұстау. Тәуліктің қалған уақытында алдыңғы есіктерді жабық ұстау;

      5) жұмыс күні аяқталғаннан кейін объектінің ішкі үй-жайларын үнемі тексеріп отыру және мекеме аумағын әр екі сағат сайын айналып өту, бөгде және күдікті заттарға назар аудару;

      6) анықталған барлық бұзушылықтар туралы күзет кәсіпорнындағы басшыға және өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндау.

      Ескертпе: әрбір қызметкер мен білім алушы мекемеде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталған кезде бұл туралы басшыға дереу хабарлайды.

4-тарау. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің, білім алушылардың және ПОҚ іс-қимылдарының тәртібі

1-параграф. Өрттің (жарылыстың) пайда болуы

      51. Басшының іс-әрекеттері;

      1) бұл туралы дереу 101 нөмірі бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметке (бұдан әрі - МӨҚ) немесе 112 бірыңғай кезекші - диспетчерлік қызметке телефон арқылы хабарлау;

      2) адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау жөнінде қолдан келгенше шаралар қабылдау;

      3) өрттен қорғаудың автоматты жүйелерінің (өрт кезінде адамдарға хабарлау) іске қосылуын тексеру;

      4) қажет болған жағдайда электр энергиясын өшіру (өрттен қорғау жүйелерін қоспағанда), желдету жүйелерінің жұмысын тоқтату;

      5) ғимараттың үй-жайларында өрттің және түтіндеудің алдын алуға ықпал ететін басқа да іс-шараларды орындау;

      6) МӨҚ бөлімшесі келгенге дейін өртті сөндіру бойынша жалпы басшылықты (объектінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып) жүзеге асыру;

      7) өртті сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

      8) МӨҚ бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру және өрт ошағына және өртке қарсы сумен жабдықтау үшін ең қысқа жолды таңдауға көмек көрсету;

      9) өрт сөндіру бөлімшесі келген соң объектінің конструктивтік ерекшеліктері, іргелес құрылыстар мен имараттар, сақталатын заттардың саны мен өрт қауіпті қасиеттері – және өртті сәтті жою, қауіпсіздік үшін қажетті басқа да мәліметтер туралы өрт сөндіру басшысына хабарлау.

      52. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) іс-әрекеттері:

      1) объектінің мекенжайы мен нөмірін, өрт шыққан жерді, өзінің тегі мен лауазымын атай отырып, басшылыққа, сондай - ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметке (бұдан әрі - МӨҚ) телефон арқылы "101" нөмірі немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;

      2) сабақтарды тоқтату, электр аспаптары мен жабдықтарын өшіру, шамдарды өшіру және терезелерді жабу;

      3) білім алушыларға кабинетте бар қорғау құралдарын беру;

      4) ұстамдылық пен тыныштықты сақтай отырып, дүрбелеңге жол бермей, өрт кезінде бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес білім алушыларды бірінші қабатқа және одан әрі ғимараттан негізгі немесе қосалқы есіктен шығару;

      5) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      6) өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға кіру орындарын, өрт гидранттарының люктерін орналастыруды, эвакуациялау жоспарын және жоспардағы өрт орнын көрсету;

      7) білім алушыларды түгендеу, оның нәтижелері туралы басшыға баяндау.

      53. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) өрт туралы дабылды естігеннен кейін, оқытушының нұсқауы бойынша, эвакуациялау жоспарына сәйкес кабинет пен ғимараттан шығу;

      2) эвакуация барысында дүрбелеңге жол бермеу және итермелеу;

      3) қатты түтін болған кезде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану;

      4) қашып кетпей, эвакуациялау жоспарында көрсетілген жиналу орнына келу;

      5) жиналу орнында тобында қасында отыратын адам болмаған жағдайда, оқытушыға немесе әкімшілік персоналға дереу хабарлау.

      54. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) өртке қарсы қызметке қоңырау шалу, объектінің мекенжайын, кірме жолдарды, жану ауқымын, өз деректерін хабарлау;

      2) объектіні хабардар ету жүйелерін іске қосу және өрттің туындағаны туралы хабардар ету;

      3) объектінің әрбір бөлігінде адамдардың болуын тексере отырып, адамдарды объектіден уақтылы эвакуациялауды бастау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті оқшаулау және сөндіру жөнінде шаралар қабылдау;

      5) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      6) өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға объектіге кіру орындарын, өрт гидранттарының люктерін орналастыруды, эвакуациялау жоспарын және жоспардағы өрт орнын көрсету;

      7) өрт сөндірушілер келгеннен кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршауға алу және сөндіруге қатысы жоқ адамдарға оған кіруге тыйым салу.

2-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы кезінде

      55. Басшының іс-әрекеті:

      1) "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау;

      2) объектінің әрбір бөлігінде адамдардың болуын тексере отырып, білім алушылар мен персоналды объектіден дереу эвакуациялауды ұйымдастыру;

      3) эвакуация жүргізу барысында өту жолдарында дүрбелеңнің және кептелістің болмауын қадағалау;

      4) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      5) ғимараттан қауіпсіз қашықтықта жинау орнын анықтау;

      6) қызметкерлерді, ПОҚ және білім алушыларды шақыруды ұйымдастыру.

      56. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) және білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) ғимараттан тезірек кетуге тырысу;

      2) әкімшіліктің нұсқауы бойынша әрекет ету;

      3) үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу;

      4) эвакуация кезінде дүрбелең мен кептеліс тудырмау;

      5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      6) көшеде ғимараттардың жанында тұрмай, ашық кеңістікке және эвакуациялау орындарына бару;

      7) ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған кезде, ең қауіпсіз орынға: күрделі қабырғалардың саңылаулары мен бұрыштары, қаңқа арқалықтарының астына тұру;

      8) мүмкін болса, үстелдің астына жасырыну - ол құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды;

      9) терезелер мен электр аспаптарынан аулақ болу.

      57. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) объектінің мекенжайы мен нөмірін, құлау орнын атай отырып, "112" нөмірі бойынша бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау;

      2) объектіні хабардар ету жүйелерін іске қосу және құлау және іс-қимыл тәртібі туралы хабардар ету;

      3) объектінің әрбір бөлігінде адамдардың болуын тексере отырып, адамдарды объектіден уақтылы эвакуациялауды бастау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті оқшаулау және сөндіру жөнінде шаралар қабылдау;

      5) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      6) өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға объектіге кіру орындарын, өрт гидранттарының люктерін орналастыруды, эвакуациялау жоспарын және жоспардағы құлаған орынды көрсету;

      7) өрт сөндірушілер келгеннен кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылмаған адамдардың оған кіруіне тыйым салу.

      58. Үйінділерде қалған жағдайда тұлғалардың іс-әрекеттері:

      1) терең тыныс алу, дүрбелең мен қорқынышқа бой алдырмау;

      2) бетімен төмен қарап, қауіпсіз жерге (үйінді бұрыштары) жылжуға тырысу;

      3) өзіңізді тексеріп, мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы көмек көрсету;

      4) айналадағы кеңістікті барынша сақтықпен кеңейту;

      5) металл заттармен ритмді соғу арқылы сигнал беру;

      6) шығатын орын тар болған жағдайда, бұлшық еттеріңізді босаңсытып, шынтақтарыңызды денеңізге қарай қысу;

      7) үміт үзбеу және көмек күту.

3-параграф. Атмосфераға күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттардың (КУЗ) шығарындыларымен авариялардың туындауы

      59. Басшының іс-әрекеті:

      1) бұл туралы 112 нөмірі бойынша бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;

      2) объектінің қызметкерлері мен білім алушылары арасында құтқару, эвакуациялау және жұқтыруға жол бермеу жөнінде қолдан келгенше шаралар қабылдау;

      3) қажет болған жағдайда жертөледе терең үй-жайда паналау;

      4) өртке қарсы қорғаныс автоматты жүйелерінің (өрт кезінде адамдарға хабарлау) қосылуын тексеру;

      5) инфекцияның таралуына жол бермеу үшін желдету жүйелерінің жұмысын тоқтата тұру;

      6) инфекцияның дамуын болдырмауға ықпал ететін басқа да іс-шараларды орындау;

      7) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      8) объект ғимаратына кіруді шектеу;

      9) ғимараттан қауіпсіз қашықтықта жинау орнын анықтау;

      10) қызметкерлерді, оқытушылар мен білім алушыларды шақыруды ұйымдастыру.

      60. Персоналдың (қызметкерлер, ПОҚ) іс-әрекеттері:

      1) сабақтарды тоқтату, электр аспаптары мен жабдықтарын тоқтан ажырату, шамдарды өшіру және терезелерді жабу;

      2) білім алушыларға кабинетте бар қорғаныс құралдарын (мақта-дәке таңғыштарын) беру;

      3) бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес шыдамдылық пен тыныштықты сақтай отырып, дүрбелеңге жол бермей, білім алушыларды бірінші қабатқа және одан әрі ғимараттан негізгі немесе қосалқы есік арқылы сыртқа шығару;

      4) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      5) ғимараттан эвакуациялау кезінде жылдам қозғалу, бірақ жүгірмеу немесе шаң көтермеу;

      6) қабырғаларға сүйенбеу және айналадағы заттарға қол тигізбеу;

      7) жол бойында кездесетін сұйықтық тамшыларына немесе белгісіз заттардың ұнтақ тәрізді ұсақтарын баспау;

      8) жеке қорғану құралдарын шешпеу;

      9) тамақ ішпеу, су ішпеу;

      10) ғимараттан қауіпсіз қашықтықта орналасқан жинау орнына бару;

      11) білім алушыларға қоңырау шалу және басшыға баяндау.

      61. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      1) КУЗ шығарылуы туралы хабарлама сигналын естіген соң, оқытушының нұсқауларын орындау;

      2) мақта-дәке таңғышын тағу;

      3) эвакуация кезінде дүрбелеңге түспеу және кептеліс тудырмау;

      4) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      5) ғимараттан эвакуациялау кезінде жылдам қозғалу, бірақ жүгірмеу немесе шаң көтермеу;

      6) қабырғаларға сүйенбеу және айналадағы заттарға қол тигізбеу;

      7) жолда кездесетін сұйықтық тамшыларына немесе белгісіз заттардың ұнтақ тәрізді ұсақтарын баспау;

      8) жеке қорғану құралдарын шешпеу;

      9) тамақ ішпеу, су ішпеу;

      10) ғимараттан қауіпсіз қашықтықта орналасқан жинау орнына бару;

      11) жиналу орнында жанындағы топтағы тұлға болмаған жағдайда, оқытушыға немесе қызметкерге немесе басшыға дереу хабарлау.

      62. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеттері:

      1) объектінің мекенжайы мен нөмірін және болған оқиға туралы ақпаратты бере отырып, басшылыққа, сондай-ақ "112" нөмірі бойынша бірыңғай диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;

      2) объектіні хабарландыру жүйелерін іске қосу және КУЗ шығарылуы туралы хабардар ету;

      3) объектінің әрбір бөлігінде адамдардың болуын тексере отырып, адамдарды объектіден уақтылы эвакуациялауды бастау;

      4) мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      5) құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға объектіге кіреберіс орындарын, өрт гидранттарының люктерін орналастыруды, эвакуациялау жоспарын және жоспардағы шығару орнын көрсету;

      6) құтқарушылар келгеннен кейін аумақты ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін қоршауға алу және зарарсыздандыру жөніндегі іс-шараларға қатысы жоқ адамдарға оған кіруге тыйым салу.

5-тарау. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарды оқитын қызметкерлерді оқыту жөніндегі практикалық іс-шаралар

      63. ЖЖОКБҰ қызметкерлерін, ПОҚ және білім алушыларын техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарын оқыту - бұл техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде немесе төтенше жағдайлардың, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және табиғи апаттардың қайталама зақымдаушы факторларының әсерінен туындайтын қауіптерден қорғау кезінде қажетті персонал мен білім алушылардың білімін, біліктері мен дағдыларын қалыптастырудың мақсатты және арнайы ұйымдастырылған процесі.

      64. ЖЖОКБҰ қызметкерлерін, білім алушыларын техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту жөніндегі негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

      1) төтенше жағдайлардағы мінез-құлық қағидаларын, қорғау тәсілдерін және іс-әрекеттерін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын пайдалану қағидаларын оқыту;

      2) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде практикалық дағдыларды жетілдіру;

      3) оқу-жаттығулар мен жаттығулар барысында техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда, сондай-ақ авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде іс-қимыл тәртібін практикалық меңгеру.

      65. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі басшының іс-әрекеттері:

      1) азаматтық қорғау саласындағы басшылық құжаттардың талаптарын білу және қызметкерлер мен білім алушылардың назарына жеткізу;

      2) ықтимал төтенше қауіп-қатерлерге ш ұғыл әрекет ету мәселелері бойынша ішкі істер, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

      3) "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелді) сәйкес қызметкерлердің, педагогтердің, білім алушылардың қатысуымен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша тәжірибелік жаттығуларды ұдайы өткізу;

      4) азаматтық қорғау шараларын іске асыруға жауапты лауазымды тұлғаны белгілеу.

      66. Жауапты лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері:

      1) қызметкерлермен, ПОҚ және білім алушылармен азаматтық қорғау мәселелері бойынша сабақтарды жоспарлау және өткізу;

      2) жартыжылда кемінде 2 рет қызметкерлермен, ПОҚ және білім алушылармен төтенше жағдайлар қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша жаттығуларды жоспарлау және өткізу;

      3) қызметкерлердің, оқытушылар мен білім алушылардың азаматтық қорғау шараларын жетілдіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басшыға ұсыныстар беру;

      4) күн сайын ұйым объектісінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      5) қараңғы уақытта ЖЖОКБҰ аумағын жарықтандыруды қадағалау;

      6) арнайы және авариялық - құтқару техникасының ұйым аумағына кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;

      7) ұйым аумағынан қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету;

      8) қорғау құралдарының (өрт крандары, өрт сөндіргіштер және электр қалқандары) тиісті жай-күйін қамтамасыз ету.

      67. Басшының тәрбие работе жөніндегі орынбасарының іс-әрекеттері:

      1) тәрбие жұмысының жылдық және айлық жоспарларына құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарын тарта отырып, білім алушылардың, ПОҚ және ұйым қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды енгізу.

      68. Оқытушылардың іс-әрекеттері:

      1) төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларға белсенді қатысу;

      2) эвакуациялау маршруттарын жетілдіру, жеке күйзеліске төзімділікті және дағдарыс жағдайында басқару қабілетін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

      69. Вахтерлердің іс-әрекеттері:

      1) шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін білу;

      2) сабақ аяқталғаннан және оқу үй-жайларында тәртіп орнатылғаннан кейін оқытушылардың оқу үй-жайларынан кілттердің берілуін және кілттердің тапсырылуын күн сайын бақылау.

      70. Кезекші әкімшінің іс-әрекеттері:

      1) сабақ басталғанға дейін 30 минут бұрын келу;

      2) білім алушыларды өткізуді ұйымдастыруды бақылау.

      71. ЖЖОКБҰ тұрақты құрамының іс-әрекеттері:

      1) сабаққа (жұмысқа) дайындық мақсатында сабақтар басталғанға дейін 15 минут бұрын өз жұмыс орындарына келу;

      2) өздеріне бекітілмеген оқу үй-жайларда (сыныптарда, кабинеттерде) сабақ өткізетін оқытушылардың кілттерді вахтерден алуы және тапсыруы;

      3) жауапты кезекшінің сабақтар аяқталғаннан кейін оқу сыныптарының жиналуын бақылауы.

      72. Білім алушылардың іс-әрекеттері:

      сабақтың басталуына уақтылы дайындалу мақсатында сабаққа ертерек келу.

      73. Көмекші үй-жайларға қойылатын талаптар:

      1) шатыр, жертөле, қосалқы үй-жайлар және ғимараттардан шығатын қосалқы шығу орындары жабық болуы және мөрленуі, ал олардың жолдары қандай да бір үй-жайға кедергісіз кіру үшін қоқыстан таза болуы қажет;

      2) эвакуациялық шығу жолдары мен басқа да қосалқы үй-жайлардың кілттерінің телнұсқалары белгілі бір жерде (күзет бекеті, вахтер) сақталу қажет;

      3) барлық өрт крандары, өрт сөндіргіштер мен электр қалқандары мөрленуі қажет.

6-тарау. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары

      74. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс кезінде тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына не сенім телефоны немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша дереу хабарлау қажет:

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті кезекші қызметінің телефоны: 110

      бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің телефоны: 112

      өртке қарсы қызмет телефоны:101

      ішкі істер органдары кезекші қызметінің телефоны: 102

      жедел медициналық жәрдем телефоны: 103

  Ғылым және жоғары білім беру
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Ғылым және жоғары білім саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге әкелуге (тасымалдауға) тыйым салынған заттардың тізбесі

      1. Қару:

      1) атыс;

      2) травматикалық, газ және жарық дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;

      3) суық, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын түрлі пышақтар;

      4) лақтыру;

      5) пневматикалық;

      6) газ;

      7) электр;

      8) сигнал беру;

      9) зақымдайтын әрекеті радиоактивті сәулеленуді және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару;

      10) зақымдайтын әрекеті электромагниттік, жарық, жылу, инфрақызыл немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару.

      2. Механикалық және аэрозольді бүріккіштер мен көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш және адам ағзасына теріс әсер ететін құрылғылар.

  Ғылым және жоғары білім беру
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы

(титулдық парақ) (ұйымның атауы) Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алуға арналған №____ журнал

      Журналдың басталу күні 20 жылғы " "

      Журналдың аяқталу күні 20_____жылғы " " (ішкі жағы)

      1-бөлім. Нұсқамалар

№ р/с

Нұсқама өткізу күні

Нұсқама берушінің тегі, аты-жөні (әкесінің аты, болған жағдайда) және лауазымы

Нұсқама түрі

Нұсқама жүргізген тұлғаның тегі, аты-жөні (әкесінің аты, болған жағдайда) және лауазымы

Нұсқамадан өткен тұлғаның қолы

Нұсқама жүргізген тұлғаның қолы

1

2

3

4

5

6

7

      2-бөлім. Сабақтар

      1. Сабақты өткізу күні.

      2. Сабақтың тақырыбы.

      3. Оқуға қатысты сұрақтар.

      4. Қатысқан қызметкерлер саны.

      Сабақты өткізген тұлғаның қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады