"Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 282 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 қазанда № 35263 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 24320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ағашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 15 қазандағы
№ 181 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 282 бұйрығымен
бекітілген

Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Интернет – электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі;

      2) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;

      3) интернет-ресурс – бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

      4) құмар ойын – ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;

      5) мерчент ID – төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;

      6) ойын бизнесін ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) – ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

      8) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;

      9) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері.

2-тарау. Интернет-ресурстардың мазмұнында интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асыру тәртібі

      3. Интернет-казино заңсыз қызметін анықтау мақсатында уәкілетті орган интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы мәліметтер бойынша интернет-ресурстардың мазмұны туралы ақпаратты жүйелі түрде жинауды (бұдан әрі – жүйелі түрде жинау) жүзеге асырады.

      4. Жүйелі түрде жинау келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін анықтау;

      2) анықталған интернет-казиноларды, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторларды тіркеу.

      5. Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін анықтау нақты уақыт режимінде Интернет желісі арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын интернет-ресурстарды іздеу және қарау, сондай-ақ мерчент ID белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

      6. Анықталған интернет-казиноны, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторларды, интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы негізгі деректерді енгізу арқылы жүргізіледі.

      7. Уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбені жүргізеді және оны интернет-ресурс туралы негізгі деректерді тіркеу арқылы жаңартылуына қарай өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

3-тарау. Интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру тәртібі

      8. Жүйелі түрде жинау нәтижелері бойынша уәкілетті орган жиналған ақпарат негізінде интернет-ресурстардың мазмұнына интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және мынадай мақсаттарда пайдаланылатын талдамалық ақпаратты қалыптастырады:

      1) интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар санының ұлғаю немесе азаю серпінін қадағалау;

      2) интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казино, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар қызметінің жолын кесу жөніндегі шараларды дайындау.

      9. Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдау нәтижелері бойынша анықталған интернет-казино сілтемелері бойынша уәкілетті орган, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар бойынша мәліметтерді ақпарат саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аумағында оларға қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдау үшін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне жүктейді.

  Ақпаратты жүйелі түрде
жинауды және интернет-
ресурстардың мазмұнын
интернет-казино, Қазақстан
Республикасында ойын бизнесі
саласындағы қызметпен
айналысу құқығына
лицензиялары жоқ шетелдік
букмекерлік кеңселер және
(немесе) тотализаторлар
белгілерінің болуы-болмауы
тұрғысынан талдауды жүзеге
асыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстардың тізбесі

Бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты (интернет -ресурстың IP -мекенжайы)

Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлардың анықталған белгілерінің сипаттамасы

Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлардың белгілері бар интернет - ресурсты анықталған күні

Мерчент ID деректері (анықталған жағдайда):
1) атауы;
2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.

Өзге де мәліметтер:
1) электрондық ақша эмитенті (анықталған жағдайда);
2) электрондық ақша операторы;
3) чек нөмірі;
4) төлем жүргізу күні мен уақыты;
5) төлем әдісі (банк картасынан, абоненттің ұялы телефонының балансынан, электрондық әмияннан).

1

2

3

4

5

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады