"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 қазанда № 35284 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Профилактикалық өңдеулерді жүргізу мерзімдері жергілікті жағдайлар ерекшеліктері мен энтомологиялық мониторинг деректеріне қарай айқындалады. Жәндіктерге (тарақандар, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, масалар, шіркейлер, есекқұрттар, бәкене шыбындар, соналар, шыбын-шіркей және өрмекші-қарақұрттар) қарсы өңдеу жиілігі объектіде олардың қоныстануына байланысты жүргізіледі; авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында шыбындар мен масаларға қарсы (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жерасты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желісіндегі авариялық жағдайларда) санитариялық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

      Өрмекші-қарақұрттарды жою жөніндегі профилактикалық дезинсекциялық іс-шараларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

      Өрмекші-қарақұрттарды жою жөніндегі профилактикалық іс-шаралар:

      1) дезинсекциялық өңдеу басталғанға дейін кептірілген өсімдіктерді тазалауды, тастар, кірпіштер, тұрғын үйлер құрылыстарының айналасындағы әртүрлі құрылыс материалдарын тазартуды ұйымдастыруды;

      2) (күн ысып басталғаннан аналықтардың миграциясы басталғанға дейін) жазғы жайылымдарды, далалық тұрақтарды, жағажайларды, сиыр қораларын, жантақ тоғайларын, үйілген тастарды, ағаш қораларды, ағаш үйінділерін, оларға іргелес аумақтарды, жеке және көп қабатты үйлердің тазартылмаған учаскелерін, үй жанындағы учаскелерді дезинсекциялық өңдеуді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтиды.";

      осы қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 22 қазандағы
№ 87 Бұйрығына
қосымша
  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
11-қосымша

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен препараттарын өндіру, көтерме сатумен немесе оларды пайдаланумен байланысты қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар үшін үй-жайлардың аудандары


Үй-жайлардың ауданы (ш.м.)



Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін ұйымдар

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын сақтауға арналған көтерме қоймалар

100 кг дейін

100 кг-нан астам

100 кг дейін

100 кг-нан астам

1

Экспедициялық - қабылдау

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

2

Сақтауға арналған қойма үй-жайлар:





қышқылдар үшін*

Кемінде 12*

Кемінде 18*

Кемінде 12

Кемінде 24

Сілтілер үшін*

Кемінде 12*

Кемінде 18*

Кемінде 12

Кемінде 24

спирт-эфир құралдары үшін*

Кемінде 12*

Кемінде 18*

Кемінде 12

Кемінде 24

дезинфекциялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

дезинсекциялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

Дератизациялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

3

Улы қармақ жемдерді дайындауға арналған зертханалар

Кемінде 12


4

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

Кемінде 12

Кемінде 12

5

Жинау инвентарын сақтауға арналған үй-жай

Кемінде 4

Кемінде 4

      * Үй-жайлар жиынтығы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсету кезінде аталған құралдар қолданылған жағдайда пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады