"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 39) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. "Жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 585 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33654 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 23 қазандағы № 491 бұйрығымен бекітілген |
Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 39) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Ереже ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдарстырушылық негіздерін айқындайды.
3. ҒТК реттелетін салалардағы салалық уәкілетті органдардың (бұдан әрі – салалық уәкілетті орган), ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖООКББҰ) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҒТК ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды салалық уәкілетті органдар жанындағы ҒТК қарайды.
4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республика асының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары
5. ҒТК-нің қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;
2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) салалық уәкілетті органдардың реттелетін салаларындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау;
5) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жіберетін қаражатты аудару мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шараларды іске асыру;
6) салалық ғылыми ұйымдар мен технологиялық және инновациялық қызмет ұйымдарын дамытуға ұсыныстар әзірлеу және қатысу.
6. ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі - ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері туралы:
1) салалық уәкілетті органдардың ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) салада ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;
5) жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды;
6) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді.
Мемлекеттік технологиялық саясат және инновацияны мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша:
1) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) елді инновациялық-технологиялық дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) салалық бағыттар бойынша мемлекеттік технологиялық саясат жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;
6) негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және салалардағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.
7) технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
8) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.
Ғылым мен техниканы қолдауға және дамытуға пайдалы қазбаларды өндіру шығынының 1% (бір пайызы) мөлшерінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 178-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 212-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар қаражатынан қаржыландыру мәселелері бойынша:
1) салалық уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларын жүргізу үшін басым салалық бағыттардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және оны өзектендіреді;
2) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған ғылыми зерттеулер бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын қарайды және келіседі;
3) орындалған ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларының нәтижелері бойынша одан әрі пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
4) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған ғылыми зерттеу бағдарламалары мен цифрландыру жобаларының орындалу барысы туралы аралық және (немесе) қорытынды есептерді қарайды және қабылдауға ұсыныс береді;
5) жер қойнауын пайдаланушыларға ҒЗТКЖ жүргізу және алынған нәтижелерді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында енгізу үшін шетелдік өнім берушілерді тартуға қатысты мәселелерді қарастырады және келіседі.
Салалық уәкілетті органның міндеттері шеңберінде:
1) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарайды және келіседі;
2) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерді тыңдайды;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, ЖООКББҰ, жер қойнауын пайдаланушылармен, кәсіпкерлік субъектілерімен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
4) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы, сондай-ақ салалық уәкілетті органдардың реттелетін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;
5) салалық уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, мәселелерді қарайды.
3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру
7. ҒТК құрамын салалық уәкілетті орган ғылыми қоғамдастықтың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ заңды тұлғалармен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және салалық уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
8. ҒТК төрағадан және тұрақты мүшелерінен тұрады. ҒТК құрамына салалар бойынша жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.
9. ҒТК құрамына сайланатын ғалымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе ЖООКББҰ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;
3) уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 (бес) жыл болуы тиіс.
10. ҒТҚ құрамының жетпіс пайызы (70%) жұмыс өтілі 5 (бес) жыл:
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдардың;
2) уәкілетті органның реттелетін салаларында тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың;
3) ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдерінен;
4) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің жұмыскерлерінен және (немесе) сарапшыларынан қалыптастырылады.
11. ҒТК төрағасы және төраға орынбасары бірінші отырыста ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелері арасынан сайланады.
12. ҒТК төрағасы:
1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;
2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді,
3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;
4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
13. Төрағаның болмау мерзімінде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.
14. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарау үшін өз қызметін жүзеге асыратын секциялар құрылады.
15. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9 (тоғыз) және 25 (жиырма бес) адамнан тақ саннан құралады.
16. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. ҒТК отырыстары салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн-трансляциямен өтеді. Отырыстың хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды, есептер, актілер салалық уәкілетті органға беріледі және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.
17. ҒТК жұмыс органы салалық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
18. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
1) ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді;
2) жыл сайынғы негізде ҒТК мүшелерінен Тізбені қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинауды;
3) отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;
4) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады.
19. Жұмыс органының лауазымды адамы болып табылатын ҒТК хатшысы:
1) ҒТК отырыстарға материалдарды дайындауды, жинауды және жүйелеуді;
2) ҒТК мүшелеріне және шақырылған адамдарға ҒТК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды уақтылы жіберуді;
3) отырыстардың күн тәртібін әзірлеуді, отырыстарды хаттамалауды;
4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.
20. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК-нің отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
21. ҒТК шешімдері хаттамамен рәсімделеді және оған Төраға, ҒТК мүшелері мен Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.
22. ҒТК жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.