"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 375 Бұйрықпен бекітілген |
Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңы) сәйкес әзірленген.
Қағидалар бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
бағалы металдарды өндіру субъектілері – уәкілетті орган бекітетін тізбеде тұрған, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
аффинирленген бағалы металдар – бөгде қоспалардан және ілеспе құрамдастардан тазартылған, ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға жеткізілген бағалы металдар;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
өтініш беруші – бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізаттармен операцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқығы бар және арнайы есепте тұрған заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлер;
өкілдік сынама (бұдан әрі – сынама) – бағалы металдардың немесе құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының барлық көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын бағалы металдардың немесе құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының өкілділік бөлігі;
уәкiлеттi орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға қолданылмайды.
4. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операцияларына қолданылмайды.
2-тарау. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
5. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) және Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) кезінде уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне және Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңына сәйкес мемлекеттік бақылау рәсімін жүзеге асырады.
6. Құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кенін, концентраттарын және күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу кезіндегі мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды:
1) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың партиясын ілеспе құжаттамада көрсетілген деректерге, оның ішінде нормативтік-техникалық және (немесе) техникалық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді;
2) әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдардың құнын бағалауды;
3) бағалы металдардардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығарылған көзін айқындауды;
4) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды;
5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдардың және алынатын ілеспе металдардың қамтылуын бақылауды.
7. Құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кенін, концентраттарын, күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін өңдеуге әкелу кезіндегі мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды:
1) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығарылған көзін айқындауды;
2) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәміле жасасу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды;
3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдардың және алынатын ілеспе металдардың құрамын бақылауды;
8. Әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудың нәтижелерін уәкілетті орган:
1) бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлар үшін:
әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында;
қайта өңдеуге әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысанында;
2) құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кенін, концентраттарын және күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері үшін:
қайта өңдеуге әкелу кезінде – тауарды қайта өңдеу шарты туралы құжат нысанында;
3) аффинирленген бағалы металдар үшін:
әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында рәсімдейді.
9. Әкелінетін бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде заңды тұлғаның мекенжайы, дара кәсіпкердің тұрғылықты жері), бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың атауы, сыртқы экономиканың қызметтік бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың номенлатурасының коды (бұдан әрі – СЭҚ ТН коды), тауардың саны, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілетін өтінім-хатын;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасын (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
3) толық ассортиментін (атауы, таңбалануы, артикулы, партия нөмірі және т. б.), саны мен массасын көрсете отырып, бағалы металдарға, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларға арналған ерекшеліктің көшірмесін;
4) шеберлердің зергерлік бұйымдары мен алтын және күміс бұйымдарын, басқа да бұйымдар мен олардың бөліктерін қоспағанда, тауардағы бағалы металдардың құрамы туралы құжаттың көшірмесін;
5) аффинирленген бағалы металдарды, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламасын ұсынады.
10. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайда – бақылау сынақтарының нәтижелерін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.
Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
11. Әкелінуге ұсынылған бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың құрамындағы бағалы металдар туралы құжаттардың келісімшарт талаптарына және бағалы металдардың құрамы мен қамтылуы бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкессіздігі анықталған кезде, уәкілетті орган өтінімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) (бұдан әрі – Орталық) әкетілетін бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың сынамасына бақылау сынақтарын жүзеге асыру үшін жібереді. Осы мақсатта өтініш беруші әкелінетін бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың әрбір партиясын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13636) бұйрығымен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларында және нысанда сынамаларды іріктеу туралы актіні жасай отырып, бір сынама алады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы бойынша өтініш беруші алдын ала жасалған шартқа сәйкес Орталыққа бақылау сынағы үшін іріктелген сынаманы және сынаманы іріктеу туралы актіні жеткізеді. Бағалы металдардың құрамы мен қамтылуы бойынша бақылау сынақтары орталыққа сынама тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде өткізіледі. Сынамаларды бақылау сынақтарының нәтижелері аяқталғаннан кейін Орталық алынған нәтижелерді уәкілетті органға 2 жұмыс күні ішінде жібереді.
Орталық жоғарыда көрсетілген сынаманы мәміле аяқталғанға дейін, бірақ сынама қабылданған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде сақтайды. Уәкілетті орган орталықты мәміленің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Сәйкессіздік болмаған кезде уәкілетті орган көрсетілген бөлімде – "Тауар ұсынылған талаптарға сәйкес келеді" деген жазу жүргізеді және өтініш беруші кедендік декларациялаудан өтеді.
12. Әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе дәйексіз мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптар сақталмаса;
3) бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың партиясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе.
13. Әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
14. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған кезде өтініш беруші мемлекеттік бақылау актісіне қосымша:
кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған кезде);
ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарты туралы құжатты (ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған кезде) алады.
15. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларды әкету кезінде уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне және Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңына сәйкес мыналарды:
1) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың партиясын ілеспе құжаттамада, оның ішінде нормативтік техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді;
2) әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдардың құнын бағалауды;
3) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығарылған көзін айқындауды;
4) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды;
5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдардың және алынатын ілеспе металдардың қамтылуын бақылауды;
6) бағалы металдардың және алынатын ілеспе металдардың қамтылуы туралы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігін (мүмкін еместігін) және экономикалық тұрғыдан орындылығын (орынсыздығын) тексеруді немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығын немесе мүмкін еместігін тексеруді қамтитын мемлекеттік бағалауды жүзеге асырады.
16. Құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кенін, концентраттарын және күлін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін әкету кезінде уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне және Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңына сәйкес мыналарды:
1) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығарылған көзін айқындауды;
2) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды;
3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдар және алынатын ілеспе металдардың қамтылуын бақылауды қамтитынын;
4) бағалы металдар мен алынатын ілеспе металдардың қамтылуы туралы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігін (мүмкін еместігін) және экономикалық тұрғыдан орындылығын (орынсыздығын) немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығын немесе мүмкін еместігін бағалауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
17. Әкету кезінде мемлекеттік бақылаудың нәтижелерін уәкілетті орган:
1) бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлар үшін:
әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, экспортқа берілген лицензия және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды (бұдан әрі – әкетуге арналған қорытынды) нысанында;
қайта өңдеуге әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат, Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қайта өңдеуге арналған қорытынды) нысанында;
2) құрамында бағалы металдары бар түсті металдар кендері, концентраттары және күлдері, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері үшін:
әкету кезінде – экспортқа берілген лицензия, әкетуге арналған қорытынды нысанында;
қайта өңдеуге әкету кезінде – тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат, қайта өңдеуге арналған қорытынды нысанында ресімдейді.
3) аффинирленген бағалы металдар үшін:
әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі және экспортқа арналған лицензия нысанында ресімдейді.
18. Әкетілетін бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде заңды тұлғаның мекенжайы, дара кәсіпкердің тұрғылықты жері), бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың атауы, СЭҚ ТН коды, бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың саны, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілетін өтінім-хатын;
2) экспорттауға арналған лицензияның көшірмесін (осы тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен одан әрі орналастырған жағдайда лицензияның көшірмесі ұсынылады);
3) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасын (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
4) толық ассортиментін (атауы, таңбалануы, артикулы, партия нөмірі және т. б.), саны мен массасын көрсете отырып, бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларға арналған ерекшеліктің көшірмесін;
5) әкетілетін бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың құнын растау үшін пайдаланылатын шот-фактураның немесе инвойстың немесе өзге де құжаттың көшірмесін;
6) бағалы металдардың құнының есебін;
7) аффинирленген бағалы металдарды, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламасын;
8) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін-жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі (бұл ретте, егер мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, мұндай құжаттың көшірмесін бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді);
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін - әкетілетін тауарларға меншік құқығын не тараптардың тауарларды сатып алу туралы ниетін растайтын құжатын;
10) бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжатты, онда құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы көрсетілуге тиіс мәліметтерін;
11) әкетуге арналған қорытындының көшірмесін (тауар әкетілген жағдайда);
12) қайта өңдеуге арналған қорытындының көшірмесін (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда) ұсынады.
Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
19. Әкетілетін аффинирленген бағалы металдың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде заңды тұлғаның мекенжайы, дара кәсіпкердің тұрғылықты жері), аффинирленген бағалы металдың атауы, СЭҚ ТН коды, аффинирленген бағалы металдың саны, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілетін өтінім-хатын;
2) тауарларды экспорттауға арналған лицензияның көшірмесін (осы аффинирленген бағалы металдарды экспорттың кедендік рәсімімен одан әрі орналастырған жағдайда лицензияның көшірмесі ұсынылады);
3) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
4) толық ассортиментін (атауы, таңбалануы, артикулы, партия нөмірі және т. б.), саны мен массасын көрсете отырып, аффинирленген бағалы металдарға арналған ерекшеліктің көшірмесін;
5) әкетілетін аффинирленген бағалы металдардың құнын растау үшін пайдаланылатын шот-фактураның немесе инвойстың немесе өзге де құжаттың көшірмесін;
6) аффинирленген бағалы металдардың құнынның есебін;
7) аффинирленген бағалы металдарды, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламасын;
8) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін-жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесін (бұл ретте, егер мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді);
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін - әкетілетін тауарларға меншік құқығын не тараптардың тауарларды сатып алу туралы ниетін растайтын құжатын;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан бас тартқанын растайтын құжаттын (аффинирленген алтынды әкеткен жағдайда) ұсынады.
Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
20. Әкетуге не қайта өңдеуге қорытынды алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың атауы, оның өлшем бірліктеріндегі саны, партия нөмірі көрсетілген өтінім-хатын;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіретін субъектілер үшін – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесін. Бұл ретте егер бұрын осындай құжаттың көшірмесі берілген болса, онда мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұсыну талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар үшін – әкетілетін тауарларға меншік құқығын не тауарларға ие болу туралы тараптардың ниетін растайтын құжатын;
4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік қамтылуы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың қамтылуы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжатын;
6) бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398) бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы қағидаларына сәйкес алынған осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын ұсынады.
Уәкілетті орган әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша уәкілетті органға құжаттар ұсынылған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.
Уәкілетті орган уәкілетті органға құжаттарды ұсынған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қорытынды береді:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкетуге;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге.
Әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетудің барлық болжамды жылдық көлеміне береді.
Құжаттар Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
21. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайда – бақылау сынақтарының нәтижелерін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.
Құрамында бағалы металдар, сондай-ақ аффинирленген бағалы металдар бар тауарларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органға тауардың барлық партиясы ұсынылады.
Құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендеріне, концентраттарына және күлдеріне, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тауардың барлық партиясы уәкілетті органға ұсынылмайды.
22. Әкетілуге ұсынылған бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың қамтылуы туралы құжаттар келісімшарттың және бағалы металдардың құрамы мен қамтылуы жөніндегі нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес еместігі анықталған кезде уәкілетті орган өтінімді әкетілетін бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың сынамаларына бақылау сынақтарын жүзеге асыру үшін орталыққа жібереді. Осы мақсатта өтініш беруші әкетілетін бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың әрбір партиясын әкету кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13636) бұйрығымен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларында және нысанда сынамаларды іріктеу туралы актіні жасай отырып, бір сынама алады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы бойынша өтініш беруші алдын ала жасалған шартқа сәйкес Орталыққа бақылау сынағы үшін іріктелген сынаманы және сынаманы іріктеу туралы актіні жеткізеді. Бағалы металдардың құрамы мен қамтылуы бойынша бақылау сынақтары орталыққа сынама тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде өткізіледі. Сынамаларды бақылау сынақтарының нәтижелері аяқталғаннан кейін Орталық алынған нәтижелерді уәкілетті органға 2 жұмыс күні ішінде жібереді.
Орталық жоғарыда көрсетілген сынаманы мәміле аяқталғанға дейін, бірақ сынама қабылданған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде сақтайды. Уәкілетті орган орталықты мәміленің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Сәйкессіздік болмаған кезде уәкілетті орган көрсетілген бөлімде – "Тауар ұсынылған талаптарға сәйкес келеді" деген жазу жүргізеді және өтініш беруші кедендік декларациялаудан өтеді.
23. Әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көзделген талаптар сақталмағанда;
3) бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауардың партиясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе;
4) сыртқы сауда шартында (келісімшартта) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжатта, олардағы бағалы металдардың жалпы құнынан келісімшарттық құны төмендігі белгіленсе;
5) сыртқы сауда шартында (келісімшартында) немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжатта белгіленген мәміле бағасы өнеркәсіптік тәсілмен өндіру экономикалық мақсатқа сай келетін металдардың құнынан оларды өңдеу құнын шегеріп тастаған күйдегі өңделмеген бағалы металдардың, бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары, тауарлардың қалдықтары мен сынықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттарын және мырыш шөгінділерін өндіру үшін пайдаланылса.
24. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
25. Әкетуге арналған қорытындыда "Қорытынды нәтижесі" деген жолда мынадай жазу енгізіледі:
"Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорттың кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады;
"Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.
Қайта өңдеуге арналған қорытындыда "Қорытынды нәтижесі" деген жолда мынадай жазу енгізіледі "Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде кедендік декларациялануға тиіс.
Әкетуге не қайта өңдеуге арналған қорытындыда "Химиялық құрамы" деген жолда әкетілетін тауардың түйінді сипаттамалары мен ерекшеліктері, оның ішінде зиянды қоспалар мен бағалы металдар қамтылуының ең жоғары және ең аз көрсеткіштері көрсетіледі.
26. Әкетуге арналған қорытындыда "Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкін еместігі және экономикалық тұрғыдан орынсыздығы расталады" және қайта өңдеуге арналған қорытындыда "Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі расталады" деген жазбаларды бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасы болған кезде уәкілетті орган енгізеді.
27. Құрамында бағалы металдары бар тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған кезде кедендік декларациялауды жүргізгенге дейін өтініш беруші мемлекеттік бақылау актісіне және қайта өңдеуге арналған қорытындыға қосымша кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алады.
28. Әкетуге немесе қайта өңдеуге арналған тауарларды мемлекеттік бақылаудан өткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес өтініш берушіде:
1) бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат үшін:
экспортқа арналған лицензия (әкету кезінде);
мемлекеттік бақылау актісі;
кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы құжат (қайта өңдеуге тауарды әкету кезінде);
2) құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлдері, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері үшін:
экспортқа арналған лицензия (әкету кезінде);
әкетуге арналған қорытынды (әкету кезінде);
қайта өңдеуге арналған қорытынды (қайта өңдеуге әкету кезінде);
кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы құжат (қайта өңдеуге әкету кезінде) болған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялауды аяқтайды;
3) аффинирленген бағалы металдар үшін:
экспортына арналған лицензия (әкету кезінде);
мемлекеттік бақылау актісі.
Нысан
Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптікалудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды
№___________ күні___________
Өтініш берушінің атауы: _______________________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы:__________________________________________
Тауардың коды:_______________________________________________________
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Тауарды сатып алушы:_______________________________________________
Межелі ел: ________________________________________________________
Әкету мақсаты: ____________________________________________________
Негіз: _____________________________________________________________
Химиялық құрамы*:_________________________________________________
Қосымша ақпарат: __________________________________________________
Транзиттеу елі: _____________________________________________________
Қорытындының нәтижесі**:__________________________________________
Қорытындының жарамдылық кезеңі: __________________________________
Ескертпе:
* "Химиялық құрамы" деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;
** "Қорытынды нәтижесі" деген жолға мынадай жазбалар енгізіледі:
"Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорттың кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады;
"Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.
Нысан
Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды
№___________ күні___________
Өтініш берушінің атауы: ______________________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы:_________________________________________
Тауардың коды:_______________________________________________________
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Тауарды сатып алушы:_______________________________________________
Межелі ел: ________________________________________________________
Әкету мақсаты: ____________________________________________________
Негіз: _____________________________________________________________
Химиялық құрамы*:_________________________________________________
Қосымша ақпарат: __________________________________________________
Транзиттеу елі: _____________________________________________________
Қорытындының нәтижесі**:__________________________________________
Қорытындының жарамдылық кезеңі: __________________________________
Ескертпе:
* "Химиялық құрамы" деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;
** "Қорытынды нәтижесі" деген жолға мынадай жазбалар енгізіледі:
"Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.