"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының м.а. 2024 жылғы 24 қазандағы № 05/261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қазанда № 35301 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушы
А. Алтай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады