Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 24 қазандағы № 495-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қазанда № 35304 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16810 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 495-НҚ бұйрықпен
бекітілген

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және үш айда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;

      3) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – мерзімді баспасөз басылымдарын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.

2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі

      3. Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарының электрондық нысандары олар әзірленген күнi Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi органға жiберіледi.

      4. Мерзімді баспасөз басылымының данасын жолдау үшін меншік иесі "Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві" ақпараттық жүйесінде уәкілетті органның интернет - ресурсы арқылы ("Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві" бөлімі) тіркеуден өтеді.

      5. Тіркеу кезінде меншік иесі келесі мәліметтерді көрсетеді:

      1) мерзімді баспасөз басылымының атауы;

      2) мерзімді баспасөз басылымының меншік иесінің атауы (тегі және аты-жөні);

      3) мерзімді баспасөз басылымын есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің нөмірі;

      4) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесінің байланыс деректері.

      6. Мерзімді баспасөз басылымының данасын бас редактор мынадай тәртіппен жібереді:

      1) төмендегі мәліметтер толтырылады:

      бас редактордың (редактордың) тегі және аты-жөні;

      мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, күні және нөмірі;

      2) мерзімді баспасөз басылымының толық көлемді графикалық форматтағы (PDF/А) нұсқасы тіркеледі;

      3) мерзімді баспасөз басылымының тіркелген данасы бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      7. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві уәкілетті органның интернет - ресурсында мерзімді баспасөз басылымдарының жолданған даналары негізінде автоматты түрде қалыптасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады