"Көтерме және бөлшек сауда" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 386 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 381-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 қарашада № 35376 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көтерме және бөлшек сауда" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 386 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9155 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады