"Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 қарашада № 35397 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Химиялық қауіпті объектілерге іргелес жатқан аумақ, оның шегінде күшті әсер ететін улы заттары бар сыйымдылықтар қирауы мүмкін болған кезде соңғыларының халықты зақымдауға әкелетін шоғырланулармен таралуы мүмкін, қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін аймақты құрайды.

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін аймақты құрайтын химиялық қауіпті объектілердің есебін жүргізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:

      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын жасау кезінде;

      елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау, аудандық жоспарлау және аумақтарда құрылыс салу жобаларын, өнеркәсіптік аймақтарды жасау кезінде;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды салу, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту кезінде жүзеге асырылады.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қала құрылысы жобалары үшін:

      жалпы түсіндірме жазба (жобаланатын аумақтың, онда орналасқан объектілердің, оның ішінде ауданның ықтимал қауіпті табиғи-климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы келтіріледі);

      жобалық шешімдер бөлімі (өндірістік күштерді орналастыру және халықты, қалалар топтарын және азаматтық қорғаныс жөніндегі объектілер санаттарын, олардың сипаттамаларын ескере отырып, ықтимал қауіптер аймақтарын орналастыру);

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шешімдерді (халықты құлақтандыру жүйелері, кәсіпорындардың технологиялық процестерін авариясыз тоқтату, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жөніндегі шешімдерді) бөлу;

      соғыс уақытындағы шешімдер бөлімі (азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған жұмыс істеп тұрған ұйымдардың саны, жаңа қауіпті өндірістік объектілерді орналастыру туралы ұсыныстар, қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілерді азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың ықтимал қатты қирау аймақтарынан тыс жерлерге ауыстыру, сондай-ақ ықтимал апатты су басу аймақтарының сыртында, қарапайым баспаналардың саны мен сыйымдылығы, олардың қажеттілігі, халық санының өсуін ескере отырып, қосымша қарапайым баспаналар құрудың ұсыныстары, эвакуациялау шараларын жүргізу үшін автомобиль және темір жолдардың қосымша желісін құру туралы шешім, қону және тиеу пункттерін құру туралы ұсыныстар, жарықты өшіру шаралары).";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (бұзу) факторларының ықпалынан, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар қызметкерлерін және халықты қорғаудың негізгі тәсілі оларды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында паналату болып табылады.

      Осы мақсатта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының - паналайтын орындардың, мобильді қорғаныш құрылыстары мен радиацияға қарсы паналайтын орындардың қажетті қорын жоспарлы түрде жинақтау жүзеге асырылады.

      Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары паналаушыларды қабылдау үшін 12 сағаттан аспайтын мерзімде, ал атом станциялары мен химиялық қауіпті объектілерде паналаушыларды дереу қабылдауға әзірлікте болады.

      Атом станциялары мен химиялық қауіпті объектілердің құрамына кіретін қорғаныш құрылыстарын бірінші кезектегі іске қосу объектілеріне қосу қажет. Бұл ретте атом электр станцияларын салу кезінде паналарды пайдалануға беруді олардың бірінші энергия блогын нақты іске қосқанға дейін көздеген жөн.".;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын құру мыналар:

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу;

      қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөле және цокольдық, жер үсті қабаттарындағы үй-жайларды бейімдеу немесе жеке тұрғандарды тұрғызу;

      жер асты кеңістігін, оның ішінде әртүрлі мақсаттағы тереңдетілген құрылыстарды, метрополитендерді, жер асты тау-кен қазбаларын, үңгірлер мен басқа да жер асты қуыстарын пайдалану;

      азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстарын алу.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын жобалау 2.03-03-2014 "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараттары" Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен 2.04-101-2014 "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараттары" Қазақстан Республикасының ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тасымалдауға жарамсыз науқастарды, сондай-ақ қатты қирауы мүмкін аймақтарда орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және қызмет көрсетуші персоналды қорғау азаматтық қорғаныстың паналайтын орындарында немесе мобильді қорғаныш құрылыстарында көзделеді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалаішілік көлік желісін жобалау кезінде тұрғын үй және өнеркәсіптік аудандар арасында қала сыртына апаратын көлік жолдарымен, темір жол және автобус вокзалдарымен, жүк станцияларымен, өзен және теңіз кемежайларымен, әуежайлармен қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында халықты зақымдаудың кәдімгі құралдарынан, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруынан зақымдау факторларынан қорғау үшін ең қарапайым жасырын паналар пайдаланылады.

      Ең қарапайым жасырын паналарға құрылыстардың жерасты кеңістігі (жертөле, жертөле үй-жайы, жерасты паркингі, жерасты өткелі, метрополитен) және халықты қамту үшін пайдаланылатын басқа да тереңдетілген үй-жайлар жатады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қолданыстағы, жобаланатын және салынып жатқан су тораптарында су басу қауіптілігі туралы азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі бойынша кейіннен беру үшін республиканың (облыстардың) тиісті басқару пункттеріне қысым алды құрылыстары жарылған жағдайда олардың төменгі бьефтеріндегі су деңгейінің апатты көтерілуі туралы сигнал беруді қамтамасыз ететін аспаптар орнатылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жаңа автоматты телефон станцияларын жобалау немесе жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде:

      автоматты телефон станциясының әрбір ауданынан көрші аудандарға абоненттік сыйымдылықтың бір бөлігін беруді есептей отырып, шкафаралық байланыс кәбілдерін төсеу;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда азаматтық қорғаудың құлақтандыру құралдарын қашықтықтан басқару мүмкіндіктері болмаған кезде станцияларда жергілікті басқару мүмкіндіктерімен азаматтық қорғаудың құлақтандыру құралдарымен айналымдық шақыру мен қашықтан басқарудың арнайы аппаратурасын барлық түрдегі автоматты телефон станцияларында орнатуды көздеу қажет.";

      мынадай мазмұндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:

      "90-1. Қирауы мүмкін аймақтардан және апатты су жайылуы мүмкін аймақтардан тыс жекелеген учаскелерде айналма автомобиль жолдарын салу кезінде оны әуеайлақтар үшін пайдалану мүмкіндігі көзделеді.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Топтарға және ұйымдарға – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған қалалардың ықтимал қирау аймақтарынан тыс орналасқан аудандарда соғыс уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын радиоактивті, улы заттармен және патогенді биологиялық агенттермен ластанудан (ластанудан) қорғауды көздейді.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Қалалық, ауылдық елді мекендер және жарықпен бүркемелеу аймағына кіретін объектілерді жарықпен бүркемелеу екі режимде көзделеді: ішінара және толық қараңғылау.

      Жарықпен бүркемелеу аймақтары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Азаматтық қорғаныс жоспарларында айқындалады.

      Осы режимдерде жарық бүркемелеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін дайындық іс-шаралары алдын ала, бейбіт уақытта жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады