"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 желтоқсанда № 35432 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:

      350-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "350. Бастапқы даярлау бағдарламасы мынадай өлшемшарттарға сәйкес:

      1) ұшу құрамындағы адамдардан ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 360 оқу сағатын құрайды;

      2) авиациялық білімі жоқ адамдардан ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 600 оқу сағатын құрайды;

      3) ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау барлық біліктілік белгілері бойынша базалық даярлық пен даярлықты қамтитын кешенді бағдарлама бойынша, сондай-ақ әрбір біліктілік белгісі бойынша базалық даярлық пен даярлықты бөлуге мүмкіндік беретін модульдік бағдарлама бойынша жүргізіледі;

      4) ӘҚЖ мамандарын бастапқы даярлау кезінде немесе ұшу құрамындағы адамдардан Брифинг, жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдармаларға 79-1-қосымшаға сәйкес диспетчерлердің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламасы үшін Брифингке және/немесе ӘҚЖ-ге келтірілген дайындық бағыттарына сәйкес кемінде 80 оқу сағатын құрайды.

      5) ӘҚҚ мамандарын бастапқы даярлау кезінде немесе ӘҚҚ диспетчері, ӘҚА маманы, АОО-да немесе авиациялық оқу орнында ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері ретінде даярлаудан өткен адамдардан Брифинг, даярлаудың жалпы көлемі диспетчерлердің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламасы үшін келтірілген даярлау бағыттары бойынша кемінде 36 оқу сағатын құрайды Брифинг және / немесе ЖҚҚ осы Үлгілік бағдарламаларға 79-1-қосымшаға сәйкес.

      6) авиация персоналының басқа санаттарына жататын тұлғалардан ӘҚЖ мамандарын немесе брифингті бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-1-қосымшаға сәйкес диспетчерлердің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламасы үшін келтірілген дайындық бағыттары бойынша кемінде 160 оқу сағатын құрайды.

      7) ӘҚЖ мамандарын бастапқы даярлау кезінде, немесе авиациялық білімі жоқ адамдардан Брифинг, даярлаудың жалпы көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-1-қосымшаға сәйкес диспетчерлердің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламасы үшін келтірілген дайындық бағыттары бойынша кемінде 320 оқу сағатын құрайды.

      8) ұшу құрамындағы адамдардан ПИО мамандарын бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлау көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 60 оқу сағатын құрайды;

      Бұл ретте ӘҚҚ диспетчерлері ретінде даярлаудан өткен адамдардан АНА мамандарын бастапқы даярлаудан өту талап етілмейді;

      9) авиация персоналының басқа санаттарына жататын адамдардан АНА мамандарын бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 160 оқу сағатын құрайды;

      10) ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау кезінде тренажерлік даярлық көлемі осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жалпы көлемінен кемінде 240 оқу сағатын құрайды;

      11) бастапқы даярлау кезінде ӘҚҚ диспетчерлердің практикалық даярлауында іске асырылатын тренажерлік даярлық көлемі болып табылады;

      12) жұмыс орнындағы тағылымдама бастапқы даярлау аяқталғаннан кейін жүргізіледі, тағылымдамалардың ең аз көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 80-қосымшада келтірілген және үміткердің (тағылымдамадан өтушінің) кәсіби қызметін жүзеге асыру көзделетін ұшу ақпараты орталығының немесе әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органының диспетчерлік пунктімен (жұмыс орнымен) не жұмыс орнымен, сондай-ақ тағылымдамашының осы бағдарламаны игеру қабілетімен айқындалады қызмет түрі;

      13) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын ӘҚҚ, ӘҚЖ персоналын кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар мен Брифингті енгізу кезінде оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал оқу жоспарының жалпы саны түзетіледі

      14) оқу процесін қамтамасыз ететін көмекші мамандарды қоспағанда ӘҚҚ диспетчерлерінің кәсіби даярлығына байланысты рәсімдерге қатысатын персоналдың тиісті білімі бар: авиациялық және/немесе кәсіби даярлығы, немесе тиісті кәсіби даярлығы, сондай-ақ кемінде 2 жыл меңгерген мамандығы бойынша азаматтық авиация ұйымдарында (пайдалану кәсіпорындарында) пайдалану тәжірибесі, ал даярлау жүйесі ИКАО 9868 PANS-TRG және 10056 құжаттарының ұсынымдарына сәйкес құрылады.";

      369-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "369. Қолданыстағы біліктілік белгісі шеңберінде жұмысқа кейіннен рұқсат алған кезде тағылымдама көлемін төмендетуге жол беріледі, бірақ 70%-дан аспайды.";

      396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "396. ӘҚҚ мамандарының кәсіби дағдысын қайта қалпына келтіру мынадай ретте жүзеге асырылады:

      1) жұмыста алты айдан он екі айға дейінгі үзілістер кезінде – тренажерлік даярлықтан өту және жұмысқа рұқсаты бар жұмыс орындарында практикалық дағдыларды тексеру кезінде;

      2) жұмыста бір жылдан астам үзілістер болған кезде – кәсіби деңгейді ұстап тұру бойынша курстардан өту, тағылымдамадан, тренажерлік даярлықтан өту, теориялық және практикалық дағдыларды тексеру туралы қолданыстағы сертификат болмаған кезде кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасы бойынша оқыту арқылы жүзеге асырылады. Маманның даярлық деңгейіне байланысты тағылымдама көлемін төмендетуге жол беріледі, бірақ осы диспетчерлік пунктте бастапқы рұқсат беру үшін белгіленген көлемнен 70% - дан аспайды;

      3) бастапқы даярлықтан өткеннен кейін жеті жылдың ішінде біліктілік белгісін алмаған жағдайда нақты біліктілік белгісі үшін (rating training) бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту.";

      398-мынадай редакцияда жазылсын:

      "398. ӘҚЖ, Брифинг, ҰАҚ мамандарының кәсіби дағдысын қайта қалпына келтіру мынадай ретте жүзеге асырылады:

      1) 6 айдан 12 айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда – жұмыс орнында практикалық дағдыларды тексеру;

      2) жұмыста бір жылдан астам үзілістер болған кезде – кәсіби деңгейді ұстап тұру бойынша курстардан өту, тағылымдамадан өту, теориялық және практикалық дағдыларды тексеру туралы қолданыстағы сертификат болмаған кезде кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасы бойынша оқыту арқылы жүзеге асырылады. Маманның даярлық деңгейіне байланысты тағылымдама көлемін төмендетуге жол беріледі, бірақ осы диспетчерлік пунктте бастапқы рұқсат беру үшін белгіленген көлемнен 70% -дан аспайды.";

      403-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "403. АНА маманы ретінде жұмысқа жаңадан қабылданған кандидаттар өздігімен жұмысқа жіберілмес бұрын жұмыс орнында бастапқы теориялық дайындықтан және тағылымдамадан өтеді. Авиациялық білім болған жағдайда, АНА жөніндегі маман ретінде жұмысқа жаңадан қабылданатын кандидаттар өздігімен жұмысқа жіберу алдында кемінде 160 сағат (4 апта) көлемінде қайта даярлаудан өтеді және осы Үлгілік бағдарламаларға 85-қосымшада көрсетілген көлемде тақырыптарды зерделеуді қамтиды.";

      503-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "503. Бастапқы даярлық РТЖБТ мамандарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестендіру үшін базалық, бастауыш, біліктілік білімдері мен дағдыларын, оның ішінде мамандандыруды және қажет болған жағдайда жабдықтар мен жүйелердің нақты түрлерін зерделеуді алуды, сондай-ақ дамытуды қамтамасыз етеді. Электрондық техника немесе техникалық білім (арнаулы орта, жоғары техникалық білім, бакалавриат, магистратура) саласында электроника/электрбайланыс, компьютерлік жүйелер немесе салыстырмалы пән саласында маманданған әскери білімі бар адамдардан РТЖБТ бойынша мамандарды бастапқы даярлау аэронавигациялық ұйымда пайдаланылатын авиациялық ерекшеліктер мен жабдықтарды зерделеуді қамтамасыз етеді.

      511-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық техника немесе техникалық білім (арнаулы орта, жоғары техникалық білім, бакалавриат, магистратура) саласында электроника/электр байланыс, компьютерлік жүйелер немесе салыстырмалы пән саласында маманданған әскери білімі бар адамдардан РТЖБП бойынша мамандарды бастапқы теориялық даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі кемінде 200 сағатты құрайды;

      2) электроника/электр байланыс, компьютерлік жүйелер немесе салыстырмалы пән саласында білімі жоқ адамдардан РТЖБП бойынша мамандарды бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі электрондық техника саласындағы маманданудың қажеттілігі негізге алына отырып, кемінде 1600 сағат көлемінде белгіленеді;";

      543-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "543. Кәсіби деңгейді қолдау осы Үлгілік бағдарламаларда көрсетілген бастапқы даярлық тақырыбына сәйкес курстардан, тренингтер мен семинарлардан, оның ішінде қашықтықтан өтуді қамтиды және кемінде үш жылда бір рет кезеңділікпен іске асырылады.";

      29-тарауының 2-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Әуеайлақта және оған іргелес аумақта азаматтық ӘК ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын персоналды (құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі аға басшы, үйлестіруші, штаттық маман) кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары.";

      728-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "728. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11724 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларымен реттелетін аға басшыларды, үйлестірушілерді, құстар мен өзге де жануарларды бақылау қызметі жөніндегі мамандарды кәсіби даярлаудың үлгілік қағидалары өзіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қамтиды.";

      730. 731 және 732-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "730. Бастапқы даярлау міндетті түрде құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару бағдарламасын әзірлеуге, іске асыруға және тиімділігіне жауапты аға басшылар мен үйлестірушілер, сондай-ақ кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғаш рет қабылданған құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі мамандар үшін жүргізіледі. Бұл ретте бұрын азаматтық авиация саласында ұқсас мамандану бойынша жұмыс істеген және тиісті бастапқы даярлықтан өткен адамдар үшін осы Үлгілік бағдарламаларда белгіленген кезеңділікпен қайта даярлауды қамтамасыз ету талап етіледі.";

      "731. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару бағдарламасын әзірлеуге, іске асыруға және тиімділігіне жауапты аға басшылар мен үйлестірушілерді бастапқы даярлау көлемі кемінде 16 сағатты, ал әуеайлақта және оған іргелес аумақта құстар мен өзге де жануарлардың болуын бақылау жөніндегі мамандарды даярлау көлемі кемінде 24 сағатты құрайды.";

      "732. Өздігімен жұмыстарды атқаруға рұқсат алу үшін құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі мамандар бойынша ең тәжірибелі маманның басшылығымен қажетті теориялық даярлықтан және тағылымдамадан өтеді:

      1) әуеайлақтың ерекшеліктерімен танысу және зерделеу;

      2) әуеайлақтағы қауіпсіздік талаптары;

      3) әуеайлақтағы қозғалыс қағидалары;

      4) радиобайланысты жүргізу тәртібі;

      5) ҰҚЖ-ға рұқсатсыз шығудың алдын алу;

      6) радиомаяк жүйесінің аймақтарын қорғау;

      7) әуеайлақта көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жұмыс рәсімдері;

      8) әуеайлақта ұшуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын басқа да қызметтермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      9) әуежайдың құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі бағдарламасы;

      10) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін құстардың биологиясы мен экологиясы;

      11) тіршілік ету ортасын басқару;

      12) қорқыту құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;

      13) қоныс аударуы кезеңдері, мекендеу аймақтары, жабайы табиғат саласындағы соңғы оқиғалар, әуежайда қолданылатын шаралар.

      Оқу және тағылымдама аяқталғаннан кейін алған білімі мен дағдылары бойынша тиісті сынақтар тапсырылады.";

      734 және 735-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "734. Құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі мамандарды қайта даярлау әуеайлақтарды пайдаланушылардың бағдарламалары бойынша жаңа рәсімдерді, жабдықтарды пайдалануға беру шеңберінде, сондай-ақ АОО бағдарламалары бойынша екі жылда бір реттен кем емес жүзеге асырылады.";

      "735. Құстар мен өзге де жануарларды бақылау бойынша кәсіби деңгейін қолдау кемінде екі жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіп-қатерлерді басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге, іске асыруға және тиімділігіне жауапты аға басшылар мен үйлестірушілердің кәсіби деңгейін қолдау жөніндегі курстың көлемі кемінде 8 сағатты, ал құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі мамандардың саны кемінде 12 сағатты құрайды.";

      738-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "738. Осы Үлгілік бағдарламаларға 107-қосымшада келтірілген салаларда қажетті білімдерді игеруді бастапқы даярлау өзіне қосады.";

      мынадай мазмұндағы 739-1-тармақпен толықтырылсын:

      "739-1. Бастапқы дайындық және кәсіби деңгейді қолдауды әуеайлақта құстар мен өзге де жануарларды бақылау бойынша кемінде 2 жыл тәжірибесі бар, уәкілетті ұйым мақұлдаған оқу орталықтарында даярлықтан өткен білікті нұсқаушылар жүргізеді. Нұсқаушы кемінде үш жылда бір рет қайта оқытудан өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 31-тараумен толықтырылсын:

      "31-бөлім. 3-санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және практикалық даярлау бағдарламасы.

      816. 3-санаттағы пилотсыз жүйелер операторларын бастапқы теориялық және практикалық даярлау бағдарламасы осы Үлгілік бағдарламаларға 112-қосымшада айқындалған.";

      33-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 79-1-қосымшамен толықтырылсын;

      94-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      106 және 107-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 107-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 112-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 392 Бұйрыққа
1-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіптік даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
33-қосымша
Нысан

ӘК-ге сервистік қызмет көрсету міндеттерін оқыту/ACFT Service Tasks Training

      1. Курстың мақсаттары оқытылатын тұлғаға төменде келтірілген тізбеге сәйкес келетін міндеттерге сәйкес ӘК-ге сервистік қызмет көрсету міндеттерін орындаудағы білімдер, іскерлік және дағдыларды беру.

      2. Емтихан - оқытылатын тұлғалардың ӘК-ге сервистік қызмет көрсету бойынша бағдарлама тармақтарын игеру нәтижелері бойынша білімдерін бағалау жұмыс орнында емтихан түрінде өткізіледі. Емтихан ауызша сұрау түрінде жүргізіледі. Оқытушы персонал әдетте сұрауды ӘК-де және қажет болған жағдайда, қозғалтқышта жүргізеді. Сұрау кезіндегі сұрақтардың саны оқытылатын тұлғаның білімін дәйектеуге жеткілікті мөлшерде анықталады. Бұндай сұрауларды оқытылатын тұлғаның білімдерін ӘК-де және қозғалтқышта тексерумен үйлестіріп, сыныпта/аудиторияда жүргізуге рұқсат етіледі.

      3. Оқытудың ұзақтығы.

      ӘК ТҚК бойынша ұйымның персоналы оқытылатын тұлғаға жекелей белгілі бір міндетті орындау мөлшерін анықтайды, қажет болған жағдайда оқытылатын тұлғаны қосымша сабақтар немесе тәжірибелер жүргізу туралы хабардар етеді, бұл ретте ӘК ТҚК бойынша ұйым басшысын хабардар етеді және олармен оқыту жүргізудің қосымша мерзімдерін келіседі. Оқытушы персонал оқытылатын тұлғадан операцияны қауіпсіз орындауға жеткілікті мөлшерде бағдарламаның белгілі бір тапсырмасын өздігінен орындауын талап ететін болады.

      4. ӘК-ге сервистік қызмет көрсету бойынша тапсырмаларды орындау оқыту мерзімдерін анықтаудағы жекелей тәсілдеме оқыту мерзімдері тиянақталған болып табылмайтынына оқытылатын тұлғаның жеке қабілеттеріне және ӘК ТҚК бойынша ұйымның өндірістік жағдайына байланысты болатынына әкеледі, бірақ осы Қағидалардың 33-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген курстың көлемі толық өтілетін жағдайда әрбір әуе кемесіне 10 жұмыс күнінен кем бола алмайды.

      5. Оқытушы персрнал – ӘК ервистік қызмет көрсету міндеттерін тәжірибелік орныдауды үйрете алатын АА персоналы, төменде көрсетілген тізбеге енгізілген:

      1) тәжірибелік элемент нұсқаушысы;

      2) тәжірибелік тағылымдамадан өтуші супервайзер;

      3) "А" санатты механик міндеттерін тәжірибелік орындауды үйрету жөніндегі супервайзер;

      4) ӘК сервистік қызмет көрсету жөніндегі супервайзер;

      Осы Қағидалардың 33-қосымшасының 7-тармағының 12)-18) тармақшаларында келтірілген тақырыптар бойынша оқыту үшін аталған персонал міндеттері оқытылатын әуе кемесінің рейтингі бар әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның қолданыстағы куәлігіне ие болады. Қалған тақырыптар бойынша оқытуды әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар және тиісті теориялық даярлықтан өткен аталған персонал жүргізеді.

      барлық аталған персонал өздері беретін пән бойынша міндеттерді орындауға құзыретті.

      6. ӘК сервистік қызмет көрсету міндеттерін оқыту бағдарламасы бойынша түпнұсқа жазбаларды беру оқу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады және білім алушы үйренген тапсырма (тапсырмалар) көрсетілген қол қою парақшаларының түпнұсқалары рәсімделеді. Әрбір үйренген тапсырма бойынша қол қойылған парақтарға білім беруші персонал және білім алушылар қол қояды.

      "А" санатты куәліктерді алушыларға орындауға жататын тапсырмаларды оқыту бағдарламасы бойынша түпнұсқа жазбалар берілмейді және беру көзделмеген.

      Білім алушының тәжірибелік білімінің қорытындысы бойынша бағалаушы міндеттерді оқуды қамтитын жалпы үйренген міндеттер мен оқу бағдарламаларын өздігімен орындауға дайындығын растайтын біліктілігін бағалайды.

      7. Курстың бағдарламасы:

      1) ӘК-ны рульдеу кезінде оны тұрақ орнына орнату кезінде экипажға сигналдар беру;

      2) ӘК-ге / ӘК-ден тірек қалыптарын орнату/ алып тастау;

      3) электр қуаттандырудың жерүсті көзінің жалғастырғышын ӘК-ге / ӘК-ден қосу / ажырату;

      4) ӘК есіктері мен ӘК-нің сервистік панельдеріне қол жетімділік люктерін ашу / жабу;

      5) ӘК-ге жанармайды үстеме құюды және ӘК-ден жанармайды ағызуды бақылау;

      6) ӘК-ге су құю, ӘК-нің су жүйесінен суды ағызуды бақылау, ӘК-нің су жүйесінен суды ағызу;

      7) ӘК-ден қоқыс-қалдықтарды жою жүйесін өңдеуді бақылау;

      8) ӘК-ні және қозғалтқыш винттерін арқандап байлау;

      9) ӘК қозғалтқыштарының іске қосылуын бақылау;

      10) белгіленген терминология бойынша экипаж кабинасымен байланыс жүргізу;

      11) тіркеп сүйреу басшысы немесе бақылаушы функцияларымен ӘК ұшу алдында бортында жолаушыларымен бірге ӘК-ні тіркеп сүйреу, ӘК бұдан әрі орнын ауыстыру немесе бұдан әрі ТҚК мақсатымен бортта жолаушыларсыз тіркеп сүйреу;

      12) ӘК ұшу алдындағы инспекциялау.

      Оқыту оператор (пайдаланушы) ұсынған ұшу алдындағы инспекцияны орындау жөніндегі нұсқаулық (ресім) негізінде және оператор (пайдаланушы) зерделеу және бұдан әрі орындау үшін белгілеген бағдарлама тармақтары бойынша жүргізіледі.

      Ұшу алдындағы инспекциялау тармақтарының (міндеттерінің) үлгілік тізбесі төменде келтірілген тізбені қамтиды, бірақ онымен шектелмейді.

      ӘК-де жұмыстарды орындау кезінде ӘК-нің ықтимал зақымдануының алдын алу мақсатымен ӘК жағдайын жалпы қадағалау.

      ӘК-ні сақтауға дайындау.

      ӘК-ге / ӘК-ден ауа баптаудың жерүсті көзінің түтігін қосу/ажырату.

      ӘК-ге / ӘК-ден қозғалтқышты жер үстінен іске қосу құрылғысын (УВЗ / Air Supply Unit) қосу / ажырату.

      ӘК-ден мұздануды жойған кезде (de-icing) және/немесе ӘК-ге мұзданудан қорғанысты қондыру (anti-icing) кезінде ӘК беттерінің өңделуін қадағалау.

      Бұл тармақ тек қадағалауды көздейді және бұнда ӘК-ден мұздануды жою (de-icing) және / немесе ӘК-ге мұзданудан қорғанысты қондыру (anti-icing) функциясы жоқ;

      13) ӘК ұшу алдындағы инспекциялау тармақтарының (міндеттерінің) үлгілік тізбесі;

      14) ӘК және оның авариялық жабдығын кез келген тозу, зақымдалу немесе жылыстаудың айқын белгілерін анықтау мақсатымен жалпы қарау. Қосымша, ӘК-де авариялық жабдықты қоса алғанда, бүкіл талап етілген жабдықтың бар болуы қажет;

      15) Кез келген кейінге қалдырылған ақаулар алдағы ұшуға жағымсыз ісер ете алмайтынына кепілдік беру үшін ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі жазбалар жүйесін немесе борттық техникалық журналды (қайсысы жарамды болады) инспекциялау, бұл ретте ресми есептерде көрсетілген (актілерде, сипаттамаларда, ережелерде, сервистік бюллетеньдерде, ұшу жарамдылығының директиваларында, ӘК ТҚК бағдарламаларында немесе регламенттерінде), талап етілген ТҚК бойынша әрекеттердің ешқайсысының мерзімі өтпеген (мерзімінде немесе уақтылы орындалмаған) немесе алдағы ұшу кезінде ондай болуы мүмкін болмауға тиіс;

      16) Шығындалатын сұйықтықтар, газдар және т.с.с. бақылау. ӘК-ні ұшуға дейін ластанудан бос сұйықтықтармен, ерекшелігі дұрыс газдармен үстемелеп толтыру және үстемелеп толтыру нәтижелері бойынша тиісті құжаттамаға дұрыс жазылуы;

      17) ӘК есіктері мен люктарының жабылу сенімділігін бақылау;

      18) ӘК ұшуды басқару беттерін блоктау құрылғыларының және шасси тіректерін блоктау пиндері/бұрандама қысқыштарын, статикалық және толық қысым бітеуіштерін, шектеуші құрылғыларды және қозғалтқыштар мен саңылауларға орнатылатын бітеуіштердің жойылуын бақылау.

      Кез-келген тапсырма үшін техникалық қызмет көрсету бойынша әрекет жөндемсіздікті іздеуден құралмаған. Жоғарыдағы көрсетілген тізбеге кіретін кез-келген тапсырма үшін кейінге қалдырылған ақауды жойғаннан кейін пайдалануға рұқсат етілетін сертификат беру талап етіледі.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналының кәсіптік
даярлығының үлгілік
бағдарламасына
79-1-қосымша
Нысан

Брифинг және / немесе ӘҚЖ диспетчерлерінің кәсіби деңгейін қолдау

Модульдердің (тақырыптардың, пәндердің) атауы

1.

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету.

2.

Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

3.

Навигация.

4.

ӘК туралы жалпы білім.

5.

Метеорология.

6.

Адам факторы.

7.

Ұшу қауіпсіздігін басқару

  Бұйрыққа 3-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
94-қосымша
Нысан

Ұшуды электртехникалық қамтамасыз ету мамандарын (маман, әуежайлар мен әуеайлақтардың электр жарық техникалық жабдығын пайдалану жөніндегі инженерлік-техникалық персонал)

р/с №

Атауы

Қысқаша мазмұны

1

Халықаралық, ұлттық ұйымдар және стандарттар

Ұлттық және халықаралық авиациялық ұйымдар мен қауымдастықтар, халықаралық стандарттар мен Ұсынылатын практика, ұлттық және халықаралық әуе құқығы, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау.

2

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын қызметтермен өзара іс-қимыл

Аэронавигациялық қызметтерді жеткізушімен өзара іс-қимыл, әуежайдың басқа қызметтерімен, резервтеу және электр қуатын жедел ауыстыру бойынша, режим, қауіпсіздік техникасы, Электр тогының соғуы кезінде алғашқы көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайда жедел топ қызметкерлерінің әрекеттері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

3

Әуеайлақты электрмен жабдықтау

Әуеайлақ объектілерін және жарық сигналдық жабдықтарды энергиямен қамтамасыз ету. I санаттағы электр қабылдағыштар. Электр қабылдағыштардың арнайы тобы. Кепілдендірілген электрмен жабдықтау жүйесі резервтік қуат көздері. Электрмен жабдықтаудың кабельдік желілеріне техникалық қызмет көрсету. Электрмен жабдықтау объектілеріне құжаттама.

4

Ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету

Жарық сигналдық жабдықтың мақсаты. Жарық сигналдық жабдыққа қойылатын талаптарды реттейтін негізгі құжаттар. Жоғары және төмен қарқынды шамдардың ішкі жүйелері. Әуеайлақ белгілері. Тұжырымдама 4С. жарықтық реттегіштері. Жарық сигналдық жабдықты ұшу тексерулері. Жарық сигнал жабдықтарын қашықтан басқару. Жарық сигналдық жабдықтың жай-күйін бақылау жүйесі.

5

Техникалық қызмет көрсету

Ұшуды электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қызметінің құжаттамасын жүргізу. Жарық сигналдық жабдыққа регламенттік қызмет көрсету. Электр жабдығының істен шығуын тіркеу тәртібі және істен шығудың алдын алуда деректерді қолдану. Сыни жағдайлардан шығу алгоритмдері. Жарық сигналдық жабдықтың төмендетілмейтін авариялық қоры.

6

ҰҚЖ-ға рұқсатсыз шығудан қорғау

ҰҚЖ-ға рұқсатсыз шығудың алдын алудың тиімді шарасы ретінде жарық-сигналдық жабдық. "Тоқтату" желісінің оттарын, ҰҚЖ қорғау оттарын қосу тәртібі. ARIWS.

7

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Авиациядағы қауіпсіздік, ұшу қауіпсіздігі саласындағы бағдарламалар мен принциптер, авиациялық қауіпсіздік.

  Бұйрыққа 4-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
106-қосымша
Нысан

Ұшуларды әуеайлақтық қамсыздандыру бойынша қызметкерлерді теориялық даярлау пәндерінің тақырыптары

р/с №

Атауы

Қысқаша мазмұны

1

Ұшулар қауіпсіздігін басқару жүйесі

ICAO тәжірибесі ұсынған және стандарттар талаптары мен ұшулар қауіпсіздігін қамсыздандыратын мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер талаптары. Әуежайлардың ҰҚБЖ.

2

Ұшуларды әуеайлақтық қамсыздандыруды ұйымдастыру, мақсаты мен міндеттері

Азаматтық авиация әуеайлақтарының жұмыс істеуінің негізгі ережелері. Әуе кемелерін ұшуды қолдаудың негізгі міндеттері.
Әуеайлақтарының ұшу алаңдарының пайдалану мазмұны (жұмыс құрамы, терминдер мен анықтамалар). Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары. Ұшуларды әуеайлақтық қамсыздандыру бойынша қызметтің міндеттері.

3

Әуеайлақтардың жоспарлық шешімдері

Жасанды жамылғылар мен әуеайлақтардың жер элементтерін рельефке қойылатын нормативтік талаптары.
Жасанды жамылғылар мен әуеайлақтардың жер элементтерін рельефке қойылатын геометриялық параметрлердің бақылауы.

4

Әуеайлақтық жабулар

Қолданыстағы техникалық деңгей және жасанды әуеайлақтық жабулар конструкцияларын жетілдірудің негізгі бағыттары. Қатаң және қатты емес әуеайлақ жабуларын орналастыру туралы нормативтік құжаттардың негізгі қағидалары. Әуеайлақтық жабулардың жаңа перспективті конструкциялары (жоғары мықты бетоннан және фибробетоннан, қалпына келтірілген асфальт бетоннан және т.б.). Әртүрлі әуеайлақтық жабуларды қолдану аясы.
Әуеайлақтық жабуларды күшейтудің негізгі себептері. Күшейту конструкциялары: мықты жабуларды мықтылармен; мықты жабуларды асфальтобетоном; мықты емес жабуларды мықтымен; мықты емес жабуларды мықты емес жабулармен. Әуеайлақ жабуларын күшейту конструкцияларының түрлерін қолдану аясы.
Әуеайлақ жабуларында әуе кемелерін пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін ACR-PCR әдісі.
ACR-PCR әдісін пайдалану облысы мен мәні. ACR-PCR әдісі бойынша әуеайлақ жабуларының салмақ салатын қабілеттеріен кодтау. ACR-PCR әдісін пайдалану үлгілері. Әуеайлақтық жабулар бетіне және әуеайлақтардың жер элементтеріне қойылатын пайдалану талаптары.
Пайдалану кезеңінде әуеайлақтық жабулар мен әуеайлақ жер элементтерінің үстіңгі жағдайының негізгі көрсеткіштері: үстіңгі беттің тегістігі, оның тазалығы (лас, құм, басқа да заттардың болмауы), атмосфералық жауын-шашындардың болуы, сондай-ақ фрикциондық құрамдар. Бұл көрсеткіштердің ұшу-қону операцияларының өндіріс қауіпсіздігіне әсері. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге нормативтік құжаттардың талаптары.

5

Әуеайлақта ұшулар қауіпсіздігін қамсыздандыратын, құрылыс жұмыстарының технологиялары мен ұйымдастыру

Әуеайлақ жабуларын (замануи материалдар, механизмдер) жөндеу жұмыстарының технологиясы. Жұмыс сапасын бақылау.
Әуеайлақ жабындарын пайдалану мерзімі. Әр түрлі әуеайлақ жабындарының бұзылу түрлері.
Әуеайлақ жабындарын ағымдағы жөндеу. Әуеайлақ жабындарын күнделікті жөндеуге арналған материалдар мен жабдықтар.
Жұмыстарды орындау технологиясы. Әуеайлақ жабуларын жоспарлы және күрделі жөндеулері.
Жұмыстың сапасын оперативті және қабылдау бақылауы.
Қолданыстағы әуежай шартында ұшу алаңдарын жөндеу элементтері мен реконструкциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Қолданыстағы әуежай шартында ұшу алаңдарын жөндеу элементтері мен реконструкциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға талаптар. Өзге тараптармен ұшу алаңында жұмыстарды орындауда әуежай қызметтерінің өзара әрекеті.

6

Әуеайлақты пайдалану талаптары

Әуеайлақтың ұшу алаңын тексеру. Әуеайлақтың жай-күйінің параметрлерін өлшеу. Әуеайлақ ұшу алаңдары элементтерінің жай-күйін бақылау және бағалау.
Ұшу алаңын тексеріп қараудың жиілігі. Әуеайлақ жабуларының үстіңгі жай-күйін және әуеайлақ жер элементтерін тексеру. Ұшу алаңдары жай-күйінің параметрі, оның өлшемдері, есебі мен бақылауы. Әуеайлақ жабуымен ұшақ дөңгелектерінің тартылу коэффициенті және оның ұшу – ұону операцияларының қауіпсіздігіне әсері. Тартылу коэффициентін бақылау әдістері мен құралдары.
Тартылу коэффицентінің физикалық мәні мен оның көлеміне әсер ететін факторлары. Әуеайлақ жабуларының үстіңгі түрлі жағдайларында ұшақтың ұшу-қону операциялары өндірісінің қауіпсіздігіне тартылу коэффицентінің әсер ету механизмдері.
Нормативтік
Тартылу коэффицентінің сандық мағыналарының градациясы.
Отандық техникалық құралдарды пайдалану арқылы тартылу коэффициентін өлшеу тәртібі, тұрақтылығы мен әдістемесі.
ИКАО-ның түрлі техникалық құралдармен ұшу-қону жолағына қосылуын өлшеу принциптерін біріктіру туралы қабылданды. Заманауи техникалық өлшеу құралдары: DBV, SFT, страдограф, скидометр, таплиметр және т.б.
Ұшақ дөңгелектерінің глиссирлеу және оған қарсы күресу әдістері.
Ұшақтар дөңгелектерінің глиссирлеу түрлері. Тұтқыр, динамикалық және бу сырғуының пайда болуының физикалық мәні мен шарттары.
Ұшақтардың ұшу-қону операцияларының қауіпсіздігін төмендететін фактор дөңгелектерді глиссирлеу болып табылады. Ұшақтар дөңгелектерінің глиссерлеуімен күрестің арнайы әдістері: әуеайлақ жабындарының кедір-бұдырлы және көлденең беткейлерінің артуы, дренаждық ойықтарды кесу, дренажды асфальтбетонды жабындарды қолдану және т.б.
Жазғы кезеңде әуеайлақ жабындарын ұстау.
Әр түрлі ластанудан (шаң, кір, құм, металл және басқа да бөтен заттардың, төгілетін отын мен майлардың, резеңке қабаттардың және т.б.) әуеайлақ жабу жұмыстарын механикаландыру әдістері мен құралдары. Әуеайлақ жабындарын құю және жуу. Әуеайлақ жамылғыларында таңбалау белгілерін сызу, кесінділердің тығыздығын қалпына келтіру (пайдаланылатын материалдар, қабылдау және жұмыстарды механикаландыру құралдары).
Әуеайлақты қысқы ұстау.
Қардан әуеайлақ жамылғыларын тазалаудың механикалық және жылулық әдістері (техниканы және механикаландыру құралдарын). Патрульді және көлемді қар тазалау. Перрондарда және ТО қар тазалау жұмыстары өндірісінің ерекшеліктері.
Механикалық, жылулық және химиялық әдістері әуеайлақ жабуларында мұздың пайда болуын ескертеді; пайда болған мұзды жылулық және химиялық әдістермен жояды (жұмыстарды механизациялау технологиясы мен құралдары). Жылытатын әуеайлақ жабындарын пайдалану преспективасы. Қар-мұз қатқақтарын жою әдістері. Әуеайлақтың жер элементтерін қысқы мазмұныныңерекшеліктері. Әуеайлақты қысқы ұстау туралы халықаралық тәжірибе ақпараты.
Әуеайлақтың су бөлу және дренаждық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Су бөлу және дренажды конструкцияларды сыртқы заттардан, ластардан тазарту. Су тарту және дренаждық конструкцияларды бұзылуы және түзелмеуінің пайда болу себептері мен түрлерінің сипаттамалары. Оларды жөндеу әдістері. Пайдаланылатын жөндеу материалдары.

7

ҰҚЖ бетінің жай-күйін бағалау

ҰҚЖ бетінің күйін ластану түріне, тереңдігіне, алаңына қарай бағалау. ҰҚЖ бетінің күйін бағалау матрицасы. Ұшу-қону жолағының күй коды (RWY C C) әуеайлақтың ұшуға жарамдылығының маңызды көрсеткіші ретінде. RWYCC физикалық мәні және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар. RWYCC жоғарылауы және төмендеуі. ҰҚЖ жай-күйінің кодын арттыру және төмендету мақсатында ілінісу коэффициентін өлшеу құрылғыларын қолдану. Ұшқыштың ситуациялық хабардарлығы үшін қосымша деректер. ҰҚЖ бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсыну. SNOWTAM құрастыру және жариялау. ҰҚЖ бетінің жай-күйін уақтылы жеткізу.

  Бұйрыққа 5-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
107-қосымша
Нысан

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге, іске асыруға және тиімділігіне жауапты аға басшылар мен үйлестірушілерді теориялық даярлау пәндерінің тақырыптары

р/с №

Атауы

Қысқаша мазмұны

1

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқарудың негізгі ұғымдары

Әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптер туралы түсінік, мәселенің тарихы. Негізгі ұғымдар. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқару шараларының маңыздылығы мен қажеттілігі. Мүдделі тараптар (әуеайлақтарды пайдаланушылар, аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлері, ӘК пайдаланушылары, мемлекеттік органдар, жер иелері және т.б.).

2

Халықаралық стандарттар, ұсынылатын тәжірибе, құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқаруға қойылатын ұлттық талаптар

ИКАО-ның 14-қосымшасының ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту жөніндегі талаптары, мемлекеттің жауапкершілігі, сертификатталатын әуеайлақ пайдаланушысының жауапкершілігі. Аэродромды сертификаттық зерттеу және мемлекеттік қадағалау саласы ретінде құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару.
Ұсынылған нұсқаулық материал ИКАО ДОК 9137 3-бөлім және ИКАО ПАНС 9981. ҚР заңнамасының іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту.

3

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару рөлдері, міндеттері, жауапкершілігі

Әуежайдың құстар мен өзге де жануарлар табиғат тудыратын қауіптерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Әуежайдың ұйымдық құрылымындағы негізгі лауазымдардың рөлдері мен міндеттері: құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі бағдарламаның болуы мен тиімділігіне жауапты басшы, бағдарламаны тікелей әзірлеуге және іске асыруға жауапты үйлестіруші, әуеайлақта құстар мен өзге де жануарларды бақылауды жүзеге асыратын мамандар.

4

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді басқару

Қауіп, тәуекел ұғымы. Әуеайлақта және іргелес аумақта құстар мен өзге де жануарларды байқау, ӘК құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу, әуеайлақта өлі құстарды немесе жануарларды табу жағдайлары туралы ақпарат жинау. Әуе кемесінің құстар мен жануарлармен соқтығысу ықтималдығы мен ауырлығын бағалау. Құстар мен өзге де жануарлар түрлері үшін ұшу қауіпсіздігі тәуекелін бағалау. Әуе кемелерінің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту бойынша тиісті шараларды әзірлеу.

5

Құстар мен өзге де жануарларды бақылау шаралары

Патрульдеу, құстар мен жануарларды бақылау, қорқыту құралдарын қолдану, құстар мен жануарларды аулау, өлімге әкелетін бақылау шаралары, экологиялық заңнама, бақылау жазбаларының маңыздылығы.

6

Құстар мен өзге де жануарлардың тіршілік ету ортасын басқару

Белгілі бір аймақтарда қауіпті құстар мен өзге де жануарлардың болу себептері. Құстар мен өзге де жануарларды тартатын факторлардың түрлері (тамақ, су, баспана). Тіршілік ету ортасын басқару шаралары (әуежай ғимараттары мен құрылыстарын жобалау, қоршаулар, шөп, орман, өсімдіктер, ауыл шаруашылығы, қалдықтарды жою, су айдындары).

7

Әуеайлақта және оның маңында құстар мен өзге де жануарлардан болатын қауіпті азайту мәселелері бойынша байланыс, ынтымақтастық және үйлестіру

Әуеайлақ пайдаланушысының сыртқы мүдделі тараптарды құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіп факторлары туралы хабардар етуі. Әуеайлақтарда құстар мен өзге де жануарлар тудыратын мәселе бойынша комитет құру. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын мәселелер жөніндегі ұлттық кеңес.

8

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама), оның элементтерін сипаттау, әзірлеу және енгізу

Бағдарлама элементтері, олардың сипаттамасы, әзірлеу және енгізу тәртібі.

9

Бағдарламаның тиімділігін бағалау

Бағдарламаның тиімділігін бағалаудың мақсаты мен критерийлері, бағалаудың бақылау парақтары, тиімділік көрсеткіштері, оларды әзірлеу және мониторингілеу, мемлекеттік қадағалау, әуе кемелерін пайдаланушылардың аудиттері.

10

Персоналды даярлау

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқару бағдарламасын қамтамасыз ету үшін қажет оқытудың негізгі талаптары.

  Бұйрыққа 6-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
107-1-қосымша
Нысан

Құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі мамандарды теориялық даярлау пәндерінің тақырыбы

р/с №

Атауы

Қысқаша мазмұны

1

Әуеайлақтар туралы жалпы мәліметтер, әуеайлақтарды сертификаттау.

Әуеайлақ ұғымы, әуеайлақ элементтері мен объектілері. ИКАО мен ұлттық заңнаманың әуеайлақтардарды сертификаттауға қойылатын талаптары. Әуеайлақты сертификаттау және мемлекеттік қадағалау саласы ретінде құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару.

2

Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі. Авиациялық оқиғалар мен оқиғаларды есепке алу/тергеу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ICAO стандарттары мен ұсынылған практикасының және мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілердің талаптары. Әуежайлардағы ҰҚБЖ. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді анықтау. ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысуы нәтижесінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру тәртібі туралы мақсаттар мен жалпы түсініктер, әуеайлақ пайдаланушысының рөлі.

3

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқарудың негізгі ұғымдары

Әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптер туралы түсінік, мәселенің тарихы. Негізгі ұғымдар. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқару шараларының маңыздылығы мен қажеттілігі. Мүдделі тараптар (әуеайлақтарды пайдаланушылар, аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлері, ӘК пайдаланушылары, мемлекеттік органдар, жер иелері және т.б.)

4

Халықаралық стандарттар, ұсынылатын тәжірибе, құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіпті басқаруға қойылатын Ұлттық талаптар. Экологиялық реттеу.

ИКАО-ның 14-қосымшасының ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту жөніндегі талаптары, мемлекеттің жауапкершілігі, сертификатталатын әуеайлақ пайдаланушысының жауапкершілігі. Аэродромды сертификаттық зерттеу және мемлекеттік қадағалау саласы ретінде құстар мен өзге де жануарлар табиғат тудыратын қауіптерді басқару. Ұсынылған нұсқаулық материал ИКАО ДОК 9137 3 бөлім және ИКАО ПАНС 9981. ҚР заңнамасының іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту.
Экологиялық заңнама, құстар мен жануарлардың қорғалатын түрлері, ағаштарды кесуге шектеулер.

5

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, рөлдері, міндеттері, жауапкершілігі

Әуежайдың құстар мен өзге де жануарлар табиғат тудыратын қауіптерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Әуежайдың ұйымдық құрылымындағы негізгі лауазымдардың рөлдері мен міндеттері: құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі бағдарламаның болуы мен тиімділігіне жауапты басшы, бағдарламаны тікелей әзірлеуге және іске асыруға жауапты үйлестіруші, әуеайлақта құстар мен өзге де жануарларды бақылауды жүзеге асыратын мамандар

6

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді басқару

Қауіп, тәуекел ұғымы. Әуеайлақта және іргелес аумақта құстар мен өзге де жануарларды байқау, ӘК құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу, әуеайлақта өлі құстарды немесе жануарларды табу жағдайлары туралы ақпарат жинау. Әуе кемесінің құстар мен жануарлармен соқтығысу ықтималдығы мен ауырлығын бағалау. Құстар мен өзге де жануарлар түрлері үшін ұшу қауіпсіздігі тәуекелін бағалау. Әуе кемелерінің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту бойынша тиісті шараларды әзірлеу.

7

Жабайы табиғаттың жергілікті экологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Жабайы табиғатты бақылау және оның өкілдерін анықтау, соның ішінде тиісті анықтамалықтарды пайдалану. Құрып кету қаупі төнген құстар мен жабайы табиғаттың сирек кездесетін түрлері. Әуеайлақты және оған іргелес аумақты экологиялық зерттеу.

8

Құстар мен өзге де жануарлардың қалдықтары

Әуе кемелерімен соқтығысудан қаза тапқан құстар мен өзге де жануарлардың қалдықтарын жинау және сәйкестендіру саясаты мен процедуралары.

9

Құстар мен өзге де жануарларды бақылау бойынша белсенді іс-шаралар

Патрульдеу, құстар мен өзге де жануарларды бақылау, үркіту құралдарын қолдану, құстар мен өзге де жануарларды аулау, өліммен бақылау шаралары, құстар мен өзге де жануарларды бақылау және қабылданған шаралар туралы жазбалар жүргізу. ӘҚО органдарымен және әуежайдың басқа да қызметтерімен хабарлау және өзара іс-қимыл рәсімдері. Пиротехникалық құралдарды, атыс қаруын, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

10

Құстар мен өзге де жануарлардың тіршілік ету ортасын басқару

Белгілі бір аймақтарда қауіпті құстар мен өзге де жануарлардың болу себептері. Құстар мен өзге де жануарларды тартатын факторлардың түрлері (тамақ, су, баспана). Тіршілік ету ортасын басқару шаралары (әуежай ғимараттары мен құрылыстарын жобалау, қоршаулар, шөп, орман, өсімдіктер, ауыл шаруашылығы, қалдықтарды жою, су айдындары). Әуеайлақта жұмыс істейтін ұйымдармен, әуеайлаққа іргелес аумақтағы жер иелерімен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.

11

Жедел хабарламалар

Әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты түрде беру қызметі (ATIS), ұшқыштарға арналған хабарламалар (NOTAM), ұшқышты жеткізу, аэронавигациялық ақпарат жинағы (AIP)

12

Құстар мен өзге де жануарлардың соқтығысу жағдайлары туралы деректерді жинау, ұсыну және тіркеу

Әуе кемелерінің әуеайлақта және оның маңында орын алған құстармен және өзге де жануарлармен соқтығысуы туралы деректерді тіркеу және ұсыну рәсімдері. Әуеайлақты пайдаланушы немесе әуеайлақтағы басқа да мүдделі тараптар құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу туралы хабарлау үшін пайдаланатын баяндамалардың мазмұны мен нысандары.

13

Әуеайлақта және оның маңында құстар мен өзге де жануарлардан болатын қауіпті азайту мәселелері бойынша байланыс, ынтымақтастық және үйлестіру

Әуеайлақ пайдаланушысының сыртқы мүдделі тараптарды құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіп факторлары туралы хабардар етуі. Әуеайлақтарда құстар мен өзге де жануарлар тудыратын мәселе бойынша комитет құру. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын мәселелер жөніндегі ұлттық кеңес.

14

Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару бағдарламасы, оның элементтерін сипаттау, әзірлеу, енгізу, тиімділікті бағалау

Бағдарлама элементтері, олардың сипаттамасы, әзірлеу және енгізу тәртібі. Бағдарламаның тиімділігін бағалаудың мақсаты мен критерийлері, бағдарламаны жақсарту шаралары. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарлары мен талдаулар.

  Бұйрыққа 7-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысатын авиация
персоналын кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
112-қосымша
Нысан

3-санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және практикалық даярлау бағдарламасы.

      1. 3-санаттағы ПАЖ операторларын бастапқы теориялық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар:

      1) әуе құқығы (халықаралық және ұлттық) – 4 сағат;

      2) әуе кеңістігінің құрылымы (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің құрылымын ескере отырып) – 6 сағат;

      3) ПАЖ бойынша жалпы білім – 12 сағат;

      4) ұшуларды орындауға рұқсат беру (Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпті ескере отырып) – 4 сағат;

      5) авиациялық метеорология – 4 сағат;

      6) әуе навигациясы – 4 сағат;

      7) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау, әуе кеңістігін пайдалануға өтінім – 4 сағат;

      8) ұшуды дайындау және орындау:

      ұшуға дайындық – 2 сағат;

      VLOS (EVLOS) ұшақтарды орындау – 2 сағат;

      BVLOS ұшақтарды орындау – 6 сағат.

      9) адамның мүмкіндіктері мен шектеулері, оның ішінде қауіп-қатер мен қателік факторларын бақылау – 4 сағат;

      10) авиациялық қауіпсіздік – 2 сағат;

      11) ұшу қауіпсіздігі – 12 сағат.

      2. 3-санаттағы ПАЖ операторын бастапқы практикалық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар

      3-санаттағы "Ұшақ" типті ПАЖ операторына арналған бастапқы практикалық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар:

      1) ПАЖ ұшу алдындағы дайындау, құрастыру және қарап-тексеру – 4 сағат;

      2) пайдалы жүктемеге байланысты ұшу тапсырмаларының әртүрлі түрлерін дайындау – 4 сағат;

      3) ПӘК ұшуының барлық кезеңдері үшін стандартты рәсімдер мен маневрлер (VLOS, BVLOS) – 24 сағат;

      4) VLOS және BVLOS ұшулар кезінде жабдықтың (қозғалтқыш, C2 желісі, жүйелер және планер) ақаулары немесе істен шығуларымен байланысты штаттан тыс және төтенше рәсімдер мен маневрлер – 12 сағат;

      5) бастапқы және дамыған тоқтауды тану және одан шығару – 2 сағат.

      6) ұшудан кейінгі тексерулер – 2 сағат.

      3. 3-санаттағы ПАЖ операторын бастапқы практикалық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар, "Мультироторлы" ПӘК конструкцияларының типі:

      1) ПАЖ ұшу алдындағы дайындау, құрастыру және қарап-тексеру – 2 сағат;

      2) пайдалы жүктемеге байланысты ұшу тапсырмаларының әртүрлі түрлерін дайындау – 4 сағат;

      3) ПӘК ұшуының барлық кезеңдері үшін стандартты рәсімдер мен маневрлер (VLOS, BVLOS) – 16 сағат;

      4) VLOS және BVLOS ұшулар кезінде жабдықтың (қозғалтқыш, C2 желісі, жүйелер және әуе корпусы) ақаулары немесе істен шығуларымен байланысты штаттан тыс және төтенше рәсімдер мен маневрлер – 8 сағат;

      5) ұшудан кейінгі тексерулер – 2 сағат.

      4. 3-санаттағы ПАЖ операторын бастапқы практикалық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар, "Тікұшақты" ПӘК конструкцияларының типі:

      1) ПАЖ ұшу алдындағы дайындау, құрастыру және қарап-тексеру" – 2 сағат;

      2) пайдалы жүктемеге байланысты ұшу тапсырмаларының әртүрлі түрлерін дайындау – 4 сағат;

      3) қалыпты жағдайда, артқы желмен және еңісі бар учаскелерден ұшып көтерілуді, қалықтауды және қонуды қоса алғанда, ПӘК ұшуының барлық кезеңдері үшін стандартты рәсімдер мен маневрлер (VLOS, BVLOS) – 24 сағат;

      4) VLOS және BVLOS ұшулар кезінде жабдықтың (қозғалтқыш, C2 желісі, жүйелер және планер) ақаулары немесе істен шығуларымен байланысты штаттан тыс және төтенше рәсімдер мен маневрлер – 12 сағат;

      5) ұшудан кейінгі тексерулер – 2 сағат.

      5. 3-санаттағы ПАЖ операторын бастапқы практикалық дайындау бағдарламасына қойылатын ең төменгі талаптар, "Гибридті" ПӘК конструкцияларының типі:

      1) ПАЖ ұшу алдындағы дайындау, құрастыру және қарап-тексеру – 2 сағат;

      2) пайдалы жүктемеге байланысты ұшу тапсырмаларының әртүрлі түрлерін дайындау – 4 сағат;

      3) ПАЖ ұшуының барлық кезеңдері үшін стандартты рәсімдер мен маневрлер (VLOS, BVLOS) – 24 сағат;

      4) VLOS және BVLOS ұшулар кезінде жабдықтың (қозғалтқыш, C2 желісі, жүйелер және планер) ақаулары немесе ақауларымен байланысты штаттан тыс және төтенше рәсімдер мен маневрлер – 12 сағат;

      5) бастапқы және дамыған тоқтауды тану және одан шығару – 2 сағат;

      6) ұшудан кейінгі тексерулер – 2 сағат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады