ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) сатып алу – табиғи монополия субъектісінің шығындары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тарифті бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;";
147- тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының қоғамдық мүгедектігі бар адамдарға бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар болып табылса және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.";
178-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"178-14. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен қайта сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
7) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы жағдайларында ғана өткізіледі;
8) егер мұндай тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.";
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"190. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүргізу рәсімін бұзғаны анықталған жағдайда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы, оның ішінде сатып алуды, сатып алу және (немесе) қайта сатып алуды жүргізу туралы шарттың күшін жою туралы нұсқама шығарады, сондай-ақ тарифті бекіту, инвестициялық бағдарламаны бекіту және тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді қарау кезінде осы шығындарды ескермейді.";
307 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"307. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады не уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.";
423 және 424-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"423. Осы тарау Уәкілетті адамдардың бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу:
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне қоғамдық мониторинг жүргізу, (бұдан әрі - қоғамдық мониторинг);
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі техникалық сараптама (бұдан әрі - техникалық сараптама) жүргізу тәртібін айқындайды.
424. Уәкілетті адамдардың қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуінің негізгі қағидаттары:
1) уәкілетті адамдардың тәуелсіздігі;
2) зерттеулердің толықтығы, жан-жақтылығы, объективтілігі, оларды жүргізу нәтижелерінің ғылыми негізділігі;
3) уәкілетті адамдардың құзыреттілігі мен кәсібилігі болып табылады.";
2. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалдау, жал, өтеусіз пайдалану, несиелер, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы өтініш.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті;";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыс жайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету";
22-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға беру, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;
кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы Жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;
банк деректемелері.
Жеке тұлғалармен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;
2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар);
3) желілердің теңгерімдік тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің аражігін ажырату актісі – көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);
4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстыру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға беру, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;
тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат;
үйдің техникалық паспорты немесе пәтер жоспары – көшірме (түпнұсқа – салыстыру үшін).";
33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Тұтынушы топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізеді.";
35-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Тұтынушы топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласында нақты ұсынған көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес есеп айырысу жолымен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы, есептеуден кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей жүргізеді.";
37-тармақ қазақ тілінде алынып тасталсын, орыс тілінде мәтін өзгерілмейді;
38-тармақ қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша табиғи монополия субъектісінің ағымдағы шотына ақшаны есепке жатқызу топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі тұтынушының міндеттемелерін орындау деп танылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
22-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;
кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы Жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;
банк деректемелері.
Жеке тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;
2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;
3) желілердің теңгерімдік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі – көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат;
үйдің техникалық паспорты немесе пәтердің жоспары – көшірме (түпнұсқа салыстыру үшін).";
бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
16-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құқық белгілейтін құжаттар-көшірмелер (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалдау, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорын салық төлеуші болып табылмайтыны және салық есебінде тұрмайтыны туралы өтініш.
Шарт жасасу үшін құжаттарды табиғи монополия субъектісінің (тармақ иеленушінің) кеңсесі немесе шарт бөлімі "бір терезе" қағидаты бойынша абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекенжайларын және олардың жұмыс режимін көрсете отырып қабылдайды.
Табиғи монополия субъектісі (тармақ иесі) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар (тармақ пайдаланушылар) шартын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.";
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңды тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының резиденттері үшін жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасынан нотариат куәландырған көшірмелер, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен немесе басқа да заңдастырылған құжаттан қазақ және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы бар заңдастырылған үзінді көшірме, ;
жеке тұлғалар үшін-кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат және жеке басын куәландыратын құжат; не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) барлық тұтынушылар үшін жеткізілетін газдың сипаттамалары мен параметрлері.
Бұл ретте тұрмыстық және коммуналдық тұрмыстық тұтынушылар үшін өтініш беру Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9980 болып тіркелген).";
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ((жеке басын сәйкестендіру үшін), заңды тұлғалар үшін – дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;";
портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;
2) құқық белгілейтін құжаттар-көшірмелер (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат; немесе дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорын салық төлеуші болып табылмайтыны және салық есебінде тұрмайтыны туралы өтініш.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың үшінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырықыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі