Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 желтоқсанда № 35445 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 186-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және

      құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 106 Бұйрықпен
бекітілген

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 186-1) тармақшасына сәйкес әзірленді, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігіне талдау жүргізу кезінде қолданылады.

      2. Бұл Әдістемеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;

      3) қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алушылар – жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық;

      4) қаржылық және мүліктік қолдау шаралары – Кодекстің 94-бабында көрсетілген және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қолдау шаралары;

      5) қаржылық қолдау операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде құрылған кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыратын заңды тұлға, филиал немесе өкілдік;

      6) қызметкер-жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға өтінімді тіркеуге, сондай-ақ оны электрондық түрде автоматтандырылған өңдеуге мүмкіндік беретін Интернет желісінде орналастырылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;

      9) мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі веб-порталы – Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесіне рұқсат беретін интернет-ресурс.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдау объектісі мүдделі орталық мемлекеттік органдар, қаржылық және мүліктік қолдау шаралары операторлары қызметінің нәтижелері бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ресми түрде ұсынылған ақпарат болып табылады.

2-тарау. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізу

      5. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдау сандық әдіспен жүргізіледі, оның шеңберінде шаралардың мемлекетке, бизнеске және қызметкерлерге әсері талданады.

      6. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының мемлекетке әсерін талдау үшін осы немесе басқа шара дамытуға бағытталған сфералар немесе салалар іріктеледі.

      7. Қаржылық және мүліктік мемлекеттік қолдау шараларының бизнеске әсерін талдау қолдау құралдары бөлінісінде қолдау шараларын алушылар қызметінің тиімділік деңгейін сипаттауға қабілетті көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

      8. Қарсы міндеттемелерді белгілеуді көздейтін қаржылық және мүліктік қолдау шараларын ұсыну тиімділігін талдау мақсатында 2 және одан да көп қолдау құралдарын алушылар бойынша есептеу үшін мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:

      таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық түсімдерінің өсуі;

      таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек өнімділігінің өсуі;

      таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарының өсуі;

      таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қолдау шараларын алған еңбекке ақы төлеу қорын ұлғайту;

      таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің санының өсуі.

      9. "Таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық түсімдерінің өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:


мұнда:

      VN – салық түсімдерінің өсуі;


– есепті кезеңдегі салық түсімдері;

– таңдалған кезеңдегі салық түсімдері.

      10. "Таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек өнімділігінің өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:


мұнда:

      Vр – еңбек өнімділігінің өсуі;


– есепті кезеңдегі еңбек өнімділігі;

– таңдалған кезеңдегі еңбек өнімділігі.

      11. "Таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарының өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:


мұнда:

      VD – кірістердің өсуі;


– есепті кезеңдегі кіріс;

– таңдалған кезеңдегі кіріс.

      12. "Таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:


мұнда:

      VF – еңбекақы қорының өсуі;


– есепті кезең үшін еңбекақы төлеу қоры;

– таңдалған кезең үшін еңбекақы төлеу қоры.

      13. "Таңдалған кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылық және мүліктік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің санының өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:


мұнда:

      VC – жұмысшылар санының өсуі;


– есепті кезеңдегі қызметкерлер саны;

– таңдалған кезеңдегі қызметкерлер саны.

      14. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының қызметкерлерге әсерін талдау үшін қызметкерлердің материалдық әл-ауқатының деңгейіне әсер ететін шаралар таңдалады.

      15. Негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайттарында орналастырылған статистикалық деректер және қаржылық және мүліктік қолдау операторларының және қолдау шараларын ұсынатын ұйымдардың және халықаралық зерттеу ұйымдарының ресми сайттарында, сондай-ақ субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталында орналастырылған ашық деректер пайдаланылады.

      16. Бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін талдау мақсатында мынадай формула пайдаланылады:

      Тиім ж/б = % ПР/% ОС х 100 %, мұнда:

      Тиім ж/б – бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі;

      % ТН – тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызы;

      % ҚИ – бюджет қаражатын игеру пайызы.

3-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік шараларының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша есептілік

      17. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындылары бойынша есепті есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

      18. Қаржылық және мүліктік мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындылары бойынша есеп еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) есепті кезеңдегі қаржылық және мүліктік қолдау жүйесін талдау туралы жалпы ақпаратты;

      2) қолдау шараларының мемлекетке әсерін талдауды қамтитын ақпарат;

      3) қолдау шараларының бизнеске әсерін талдауды қамтитын ақпарат;

      4) қолдау шараларының қызметкерлерге әсерін талдауды қамтитын ақпарат;

      5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа берілетін қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділік деңгейі, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің деңгейі бөлігінде түйінді тұжырымдар;

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа берілетін мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.

      19. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындылары бойынша есеп кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады