ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;";
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымшада:
1-тармақта:
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"1. Өнімнің сәйкестігін растау:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) радиотехникалық, электротехникалық және кабельдік;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін пайдалану;";
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымшада:
тақырып келесі редакцияда жазылсын:
"
"Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: |
";
реттік нөмірі 4-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
";
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар келесі редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі