БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 1-тарауда:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа лауазымның бір штат бірлігі тифлопедагог және әрбір 3 топқа лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 14, 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
"14. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылмаған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында:
мүмкіндігі шектеулі бір бала болған кезде лауазымның 0,5 штат бірлігі,
мүмкіндігі шектеулі 12-14 балаға 1 лауазым штат бірлігі есебінен арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.
15. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа дефектолог-мұғалімі (дефектолог, олигофренопедагог), логопед лауазымының бір штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.
16. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа дефектолог-мұғалімі (дефектолог, олигофренопедагог), логопед, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы лауазымының бір штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 2-тарауда:
"Мектеп-балабақша" кешендерінде:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. "Мектеп-балабақша" кешендерінде мүмкіндігі шектеулі бір бала болған кезде лауазымның 0,5 штат бірлігі, мүмкіндігі шектеулі 12-14 балаға лауазымның 1 штат бірлігі есебінен арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.";
Жалпы білім беретін мектептерде:
екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлігімен толықтырылсын:
"Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бір бала болған кезде лауазымның 0,5 штат бірлігі, мүмкіндігі шектеулі 12-14 балаға лауазымның 1 штат бірлігі есебінен арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.";
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдарда:
мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
"Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдарда мүмкіндігі шектеулі бір бала болған кезде лауазымның 0,5 штат бірлігі, мүмкіндігі шектеулі 12-14 балаға лауазымның 1 штат бірлігі есебінен арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.";
Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда мүмкіндігі шектеулі бір бала болған кезде лауазымның 0,5 штат бірлігі, мүмкіндігі шектеулі 12-14 балаға лауазымның 1 штат бірлігі есебінен арнайы педагог (дефектолог- мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Штат бірліктерін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.";
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары";
"Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 4-тарауда:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнайы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар:
тәрбиеші - екі штат бірлігі;
есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтарда сурдопедагог, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топтарда тифлопедагог, зияты зақымдалған балаларға арналған топтарда олигофренопедагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог) - бір штат бірлігі белгіленеді.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. 150-ден астам балалар контингенті бар арнайы білім беру ұйымдарында балалардағы бұзушылық түріне байланысты бейіні бойынша дәрігер лауазымының бір штат бірлігі қосымша енгізіледі.";
"Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 5-тарауда:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Аталған ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалар болған кезде арнайы педагог лауазымының штат бірлігі:
сурдопедагог - есту қабілеті бұзылған,
логопед - сөйлеу қабілеті бұзылған,
тифлопедагог көру қабілеті бұзылған,
олигофренопедагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог) зияты зақымдалған балалардың әрбір тобына белгіленеді.";
7-тарау жаңа редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асыратын және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары"
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны |
Басшы | 1 |
Әдіскер | 1 |
Психиатр-дәрігер | 0,5 |
Невропатолог-дәрігер | 0,5 |
Сурдолог-дәрігер | 0,25 |
Офтальмолог-дәрігер | 0,25 |
Педагог-психолог | 1 |
Логопед-мұғалімі | 1 |
Дефектолог-мұғалімі (дефектолог, олигофренопедагог) | 1 |
Сурдопедагог | 1 |
Тифлопедагог | 1 |
Әлеуметтік педагог | 0,5 |
Тіркеуші | 1 |
Статистик | 1 |
Бухгалтер | 1 |
Ескертпе:
Басқа мамандар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.
Оңалту орталықтары
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны |
Басшы | 1 |
Психиатр-дәрігер | 0,5 |
Невропатолог-дәрігер | 0,5 |
Сурдолог-дәрігер | 0,5 |
Офтальмолог-дәрігер | 0,5 |
Реабилитолог-дәрігер | 1 |
Педагог-психолог | 1 |
Логопед-мұғалімі | 1 |
Дефектолог-мұғалімі (дефектолог, олигофренопедагог) | 1 |
Сурдопедагог | 0,5 |
Тифлопедагог | 0,5 |
Әлеуметтік педагог | 0,5 |
Медбике | 1 |
Әдіскер | 0,5 |
Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы және / немесе дене шынықтыру (бейімдеу) | 1 |
Бухгалтер | 1 |
Ескертпе:
Басқа мамандар оңалту орталықтарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Оңалту орталықтарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны |
Басшы | 1 |
Әдіскер | 1 |
Әлеуметтік педагог | 0,5 |
Дене шынықтыру | 1 |
Медбике | 1 |
Педагог-психолог | 1 |
Логопед-мұғалімі | 1 |
Дефектолог-мұғалімі (дефектолог, олигофренопедагог) | 1 |
Сурдопедагог | 1 |
Тифлопедагог | 1 |
Тәрбиеші | 1 |
Музыкалық жетекші | 0,5 |
Бухгалтер | 1 |
Ескертпе:
Басқа мамандар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.
Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны |
Басшы | 1 |
Әдіскер | 1 |
Дефектолог-мұғалімі | 1 |
Педагог-психолог | 1 |
Логопед-мұғалімі | 1 |
Дене шынықтыру (бейімдеу) мұғалімі | 1 |
Әлеуметтік педагог | 1 |
Тіркеуші | 1 |
Музыкалық жетекші | 1 |
Тәрбиеші | |
Медбике | 1 |
Бухгалтер | 1 |
Ескертпе:
Басқа мамандар аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";
"Білім беру ұйымдарына (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда) ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары." деген 8-тарау:
мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:
"34. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (арнайы топтардан/сыныптардан, арнайы бөбекжайлардан, арнайы балабақшалардан/мектептерден басқа) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша педагог-ассистент лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Педагог-ассистенттің штат бірлігін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша білім беру ұйымдарындағы жеке көмекші лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Білім беру ұйымдарындағы жеке көмекшінің штат бірлігін белгілеу штат санының лимиті және тиісті шығыстар шегінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі