"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 35522 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:

      1) сатып алуды өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;

      2) сатып алуға қатысу үшiн барлық әлеуетті өнім берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;

      3) әлеуетті өнім берушiлер арасында адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, өткiзедi;

      4) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсетіп өткiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 129-1-тармақпен толықтырылсын:

      "129-1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі.

      Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:

      1) отандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;

      2) конкурс.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Табиғи монополия субъектісі конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттаманы портал арқылы жариялайды.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген конкурстық өтінімдерді ұсыну аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай әрбір лот бойынша жеке қарайды.";

      152-1-тармағының 2) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұсынылуы және талаптарға сәйкес келтірілуі тиіс құжаттар тізбесі қамтылады.

      Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі конкурстық өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні оны порталға орналастырады.

      Осы Қағидалардың 152-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылмайды.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол бермейді.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, табиғи монополия субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады және порталда орналастырады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады