БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33071 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енігізілсін:
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) баға ұсынысы – осы Қағидаларға 1, 1-1, 1-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші ұсынған, сақтаудың температуралық режимі бөлінісінде айына бір паллета-орынның, автокөліктің санатына қарай бір километр үшін жүк автокөлігімен тасымалдаудың бағаларын қамтитын коммерциялық ұсыныс;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бөлу орталығы – Астана, Алматы, Ақтөбе немесе Шымкент қалаларының немесе олардың агломерацияларының аумағындағы қызмет көрсетілетін өңірлерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау үшін пайдаланылатын дәріханалық қойма;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) операциялық қойма – өзі орналасқан облыстың аумағында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын облыс орталығының немесе оның агломерациясының аумағындағы дәріханалық қойма;";
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) дәріханалық қойма – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;";
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"21) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау, дәрілік заттарды сақтау, медициналық бұйымдарды сақтау, дәрілік заттарды тасымалдау, медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – көрсетілетін қызметті сатып алу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген, бірыңғай дистрибьютор қажеттілік көлемін және қызмет көрсету өңірі бөлінісінде баға ұсынысының ең аз мәнін ескере отырып қалыптастыратын сома;
22) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі шарт, дәрілік заттарды сақтау жөніндегі шарт, медициналық бұйымдарды сақтау жөніндегі шарт, дәрілік заттарды тасымалдау жөніндегі шарт, медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес веб-порталда бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен жасасатын қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бірыңғай дистрибьютор бір лот үшін:
1) дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (операциялық қойма) сатып алу кезіндегі әкімшілік-аумақтық бірлікті (облысты);
2) медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (операциялық қойма) сатып алу кезіндегі әкімшілік-аумақтық бірлікті (облысты);
3) дәрілік заттарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығы);
4) медициналық бұйымдарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығы);
5) дәрілік заттарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығынан операциялық қоймаға дейін);
6) дәрілік заттарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығынан алушыға дейін, сондай-ақ бөлу орталықтарының арасында);
7) медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығынан операциялық қоймаға дейін);
8) медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі қызмет көрсету өңірін (бөлу орталығынан алушыға дейін, сондай-ақ бөлу орталықтарының арасында);
9) ұзақ мерзімді шарт жасасу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қызмет көрсету өңірін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бөлу орталығы қызмет көрсету өңірінде сақтау жөніндегі қызметті көрсетеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметтерді операциялық қойма арқылы сатып алу конкурсы немесе жеке лот өткізілмеді деп танылса:
1) бөлу орталығы сақтау жөніндегі қызметті көрсетеді;
2) бөлу орталығынан алушыға дейін тасымалдау жөніндегі қызметті көрсететін өнім беруші, сондай-ақ бөлу орталықтарының арасында тасымалдау жөніндегі қызметті көрсетеді.
Медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бөлу орталығынан операциялық қоймаға дейін) сатып алу өткізілмеді деп танылған кезде, мұндай көрсетілетін қызметтерді бөлу орталығынан алушыға дейін, сондай-ақ бөлу орталықтарының арасында тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін өнім беруші көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Дәрілік заттарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді, медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін өнім беруші бөлу орталығының орналасқан жері бойынша бөлу орталықтарының арасында тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Веб-порталдағы конкурс мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығы болып табылады:
1) конкурстық комиссия хатшысының көрсетілетін қызметті конкурс тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
2) әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес өтінімдерді веб-портал және конкурстық өтінімнің кепілдігін қамтамасыз ету арқылы ұсынуы;
3) веб-порталдың конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашуы, ашу хаттамасын жариялауы;
4) конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы және олардың хабарландырудың шарттарына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
5) конкурстық комиссия хатшысының алдын ала рұқсат хаттамасын жариялауы;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерге қосымшаларды ұсынуы;
7) конкурстық комиссияның конкурсқа өтінімдерге толықтыруларды қарауы және олардың хабарландырудың шарттарына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
8) конкурстық комиссия хатшысының рұқсат хаттамасын жариялауы;
9) бәсекелес лоттар бойынша аукцион;
10) веб-порталдың қорытындылар хаттамасын автоматты түрде жариялауы;
11) бірыңғай дистрибьютор мен конкурс жеңімпаздарының электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасуы.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мыналар қамтылады:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы мен мекенжайы;
2) бірыңғай дистрибьютордың банктік деректемелері;
3) конкурстың атауы;
4) лот бойынша: қызмет көрсету орны мен мерзімі, әрбір лот бойынша қызмет көрсетумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың атауы және көлемдері көрсетілген қызметтердің атауы;
5) арнайы температуралық режимі бар және арнайы температуралық режимсіз паллета-орындардың жоспарлы саны, тасымалдау үшін километрмен өлшенетін болжамды арақашықтық, лот бойынша тиеу-түсіру жұмыстары үшін норма-сағаттардың болжамды саны, операциялық қойма арқылы сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алу кезіндегі денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі және мекенжайлары;
6) бөлу орталығы арқылы сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде арнайы температуралық режимі бар және арнайы температуралық режимсіз паллета-орындардың жоспарлы саны;
7) тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі километрдегі болжамды арақашықтық, денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі және мекенжайлары;
8) өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты;
9) ұзақ мерзімді шарттың жобасы, шарттың жобасы;
10) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген көрсетілетін қызметтің алдын ала құны.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері комиссия хатшысы болып айқындалады, ол мыналарды уақтылы қамтамасыз етеді:
1) конкурс өтетіні туралы хабарландыруды веб-порталда жариялау;
2) комиссияның дауыс беру қорытындылары бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасының, танысу үшін рұқсат беру хаттамасының жобасын жасау, ал комиссия мүшелерінің біреуінің хабарламасы бойынша – веб-порталда дауыс беруді қайта бастау;
3) алдын ала рұқсат беру хаттамасын, рұқсат беру хаттамасын веб-порталда жариялау;
4) комиссия мүшесінің болмауын растайтын ұсынылған құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыру;
5) жалпы немесе лоттың біреуі бойынша конкурс өткізілмейтіні туралы немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған кезде оның көшірмесін орналастыра отырып, веб-порталда оны өткізбеу;
6) конкурстың қорытындысы туралы хабардар ету.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде мыналар (электрондық көшірмелері) қамтылады:
1) әлеуетті өнім берушінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің шешімдер қабылдауына ықпалы бар қатысушылар немесе акционерлер туралы үзінді көшірме, веб-порталда көзделген нысан бойынша олардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;
3) фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге рұқсат және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама, ал денсаулық сақтау саласында есірткі мен прекурсорларды сақтауға және (немесе) тасымалдауға және (немесе) өткізуге байланысты қызмет көрсеткен жағдайда денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке рұқсат.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қызметтерді көрсетуге арналған конкурстық өтінім лот бойынша қосымша мыналардан (электрондық көшірмелері) тұрады:
1) өтінім ашылатын күнге дейін берілгеніне күнтізбелік бір ай өтпеген "электрондық үкімет" веб-порталынан дәріханалық қоймаға тіркелген құқықтар туралы анықтама – сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
2) дәріханалық қоймаға техникалық құжат – сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
3) паллета-орындардың осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттар – сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
4) тиісті дистрибьюторлық практика туралы сертификат (GDP) – дәрілік заттарды сақтау немесе тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
5) реттелетін температуралық режимді сақтай отырып, санаты әртүрлі автокөлік құралдарының бар екенін растайтын құжат. Көлік құралдарының санаттары: қоса алғанда 1,5 тоннаға дейін (сыйымдылығы 1-ден 4 паллета-орынға дейін) – 1-санат, қоса алғанда 5 тоннаға дейін (сыйымдылығы 5-тен 10 паллета-орынға дейін) – 2-санат, қоса алғанда 10 тоннаға дейін (сыйымдылығы 11-ден 20 паллета-орынға дейін) – 3-санат, 10 тоннадан астам (сыйымдылығы 21 паллета-орыннан астам) – 4-санат – тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
6) осы Қағидаларға 1, 1-1 немесе 1-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысы;
7) өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және (3) үш пайызды құрайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Конкурстық өтінімнің, сондай-ақ оның кепілдігін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік 45 (қырық бес) күнді құрайды. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің кепілдігін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі рұқсат хаттамасына немесе қорытындыларға сәйкес оны қабылдамаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің немесе ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған сәтте өтеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;
2) жеңімпаз конкурс қорытындылары бойынша жасалған шарт немесе ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын уақтылы ұсынған;
3) конкурс немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылған;
4) конкурс немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;
5) енгізілген, бірақ тұлға конкурсқа қатыспаған;
6) төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда қайтарылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Егер:
1) жеңімпаз ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасудан бас тартса немесе жалтарса;
2) жеңімпаз ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаса;
3) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат ұсынылса осы Қағидаларда көзделген мерзімдер бұзылса, өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұстап қалынады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпазбен әрбір лот бойынша ұзақ мерзімді шарт немесе шарт осы Қағидалардың 9-тарауының 2-параграфына сәйкес келіссөздер жүргізуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, қорытындылар шығарылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде веб-портпалда жеке-жеке жасалады.
Конкурс қорытындылары бойынша, егер конкурс тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурсты қайта өткізу туралы;
2) қызмет көрсету мерзімі өзгерген кезде конкурс шарттарын өзгерту және жаңа конкурс өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Комиссия әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін мынадай жағдайларда қабылдамайды:
1) осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарына сәйкес келмесе;
2) әлеуетті өнім берушінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің шешімдер қабылдауына ықпал ететін қатысушылар немесе акционерлер туралы веб-порталда көзделген нысан бойынша үзінді көшірме, олардың БСН (ЖСН) ұсынылмаса;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер ұсынылмаса;
4) фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама және (немесе) бөлу орталықтарына арналған денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке рұқсат ұсынылмаса;
5) осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген шарттар сақталмаса;
6) әлеуетті өнім берушінің сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат ұсынылса;
7) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға сәйкес келмесе;
8) хабарландыруға сәйкес келмесе.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы болмауы тұрғысынан нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Әлеуетті өнім берушінің лот бойынша конкурстық өтінімі мынадай жағдайларда қабылданбайды:
1) осы Қағидаларға 1, 1-1 немесе 1-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысы ұсынылмаса немесе тиісінше толтырылмаса;
2) осы Қағидалардың және хабарландырудың ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаса;
3) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаса;
4) сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде өтінімді ашу күніне дейін күнтізбелік бір ай бұрын берілген "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған қоймаға тіркелген құқықтар туралы анықтама ұсынылмаса;
5) сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қоймаға техникалық құжат ұсынылмаса;
6) дәрілік заттарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынылмаса;
7) сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде паллета-орындардың осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаса;
8) тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде осы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар бойынша көлік құралдарына меншік құқығын және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжаттар ұсынылмаса.";
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) конкурс өткізілмеді деп танылған кезде. Шақыру алдыңғы қаржы жылында дәл сол әкімшілік-аумақтық бірлікте қызмет көрсеткен өнім берушіге жіберіледі. Алдыңғы қаржы жылында қызмет көрсететін өнім беруші болмаған немесе қызмет көрсетуден бас тартқан кезде шақыру осы Қағидаларға сәйкес келген кезде кез келген өзге әлеуетті өнім берушіге жіберіледі;
2) өнім берушімен ұзақ мерзімді шарт, қосымша келісім немесе шарт бұзылса. Шақыру екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге, ол болмаса осы Қағидаларға сәйкес келетін болса кез келген өзге әлеуетті өнім берушіге жіберіледі;
3) бірыңғай дистрибьютор қорытынды жасағанға дейінгі кезеңге бірыңғай дистрибьютордың алпыс күндік қажеттілікке дейін көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігі туындағанда. Шақыру ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасалған өнім берушіге жіберіледі. Алдыңғы қаржы жылында қызмет көрсететін өнім беруші болмаған немесе қызмет көрсетуден бас тартқан кезде шақыру осы Қағидаларға сәйкес келген кезде кез келген өзге әлеуетті өнім берушіге жіберіледі.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болған жағдайда) ұсынылған ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттың немесе шарттың жобасын үшінші орын алған әлеуетті өнім берушіге (бар болған жағдайда) қол қоюға жібереді.
Үшінші орын алған әлеуетті өнім беруші ұзақ мерзімді шартқа немесе шартқа қол қоюдан бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор конкурсты қайта өткізеді.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Екінші орын немесе үшінші орын алған әлеуетті өнім берушімен ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасу және келіссөздер жүргізу рәсімі конкурс жеңімпазымен өткен тәртіп бойынша жүргізіледі.";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Жасалған ұзақ мерзімді шартқа немесе шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапаның өзгермеуі шартымен:
1) ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім немесе шарт бағасын төмендету бөлігінде тараптардың келісуі бойынша;
2) осы Қағидалардың 94, 94-1 немесе 94-2-тармақтарына сәйкес формула бойынша белгіленген бағаны өзгертпей көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайту бөлігінде;
3) өнім берушіге байланысты емес себептер бойынша бұрынғыны пайдалану мүмкін болмаған кезде онымен бірдей дәріханалық қоймаға ауыстырылған немесе неғұрлым сапалы дәріханалық қоймаға ауыстырылған кезде өзгерістер енгізуге жол беріледі.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе сақтау және тасымалдау шарты бойынша ақы төлеу (Х) көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі баға бойынша жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Х = W+T+L, мұндағы
W = Wj*(S1+S2), мұндағы
W – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Wj – 1 паллета-орынның өңірге байланысты құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета-орындардың саны (суық +2 – +8 Цельсий градусы, мұздату – 15 – 20 Цельсий градусы, салқын +8 – +15 Цельсий градусы) паллета-орындардың саны; S2 – арнайы температуралық режимсіз паллета-орындардың саны (+15 – +25 Цельсий градусы);
T – тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Т = Cij,
Cij – көлік құралымен тасымалдаудың 1 км үшін қалыптасқан осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген көлік құралының санатына (i) және өңірге (j) байланысты құны;
L – тиеу-түсіру жұмыстары
L = Lj * Lki,
Lj – өңірге (j) байланысты тиеу-түсіру жұмыстарының 1 норма сағатының қалыптасқан құны;
Lki – көлік құралдарының санаттарына сәйкес көлік құралына (i) тиеу немесе одан түсіру үшін жұмсалатын норма-сағаттардың саны: сыйымдылығы 1-ден 4 паллета-орынға дейін 1-санат, сыйымдылығы 5-тен 10 паллета-орынға дейін 2-санат, сыйымдылығы 11-ден 20 паллета-орынға дейін 3-санат, сыйымдылығы 21 паллета-орыннан астам 4-санат;
Бұл ретте норма-сағат – бұл жұмыстарды орындау уақытының бірлігі, тиеу-түсіру жұмыстары үшін есептік бірлік, олар мыналарды қамтиды: көлік құралынан қабылдау, түсіру және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қайта есептеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға орналастыру, қажет болған кезде – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қаптамасын стикерлеу және қаптамаға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты салу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиеуге немесе орнын ауыстыруға арналған жиынтық (құрастыру), палеттеу (палеттаға орналастыру және қаптау материалымен орау), көлік құралына тиеу, жеткізу орнында түсіру, тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу (қол қою).
Денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу және (немесе) өмірге төнген қауіпті жою үшін шұғыл медициналық көмек көрсетілген кезде денсаулық сақтау ұйымының жазбаша өтініші және бірыңғай дистрибьютордың өтінімі бойынша іс жүзіндегі бағаға әуе тасымалдаушысының бағасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әуемен жеткізу қызметтері үшін жұмсалған шығыстар қосылады.";
мынадай мазмұндағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:
"94-1. Дәрілік заттарды тасымалдау, медициналық бұйымдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер шарты бойынша ақы төлеу (Х) көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі баға бойынша жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Х = T, мұндағы
T – тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Т = Cij,
Cij –көлік құралымен тасымалдаудың 1 км үшін қалыптасқан көлік құралының санатына (i) және өңірге (j) байланысты құны.";
мынадай мазмұндағы 94-2-тармақпен толықтырылсын
"94-2. Дәрілік заттарды сақтау, медициналық бұйымдарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер шарты бойынша ақы төлеу (Х) көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі баға бойынша жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі: ДЗ сақтау:
X = W, мұндағы
W = Wj*S1, мұндағы
W – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Wj – 1 паллета-орынның өңірге байланысты құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета-орындардың саны (суық +2 – +8 Цельсий градусы, мұздату – 15 – 20 Цельсий градусы, салқын +8 – +15, +15 – +25 Цельсий градусы);
МБ сақтау:
X = W, мұндағы
W = Wj*S2, мұндағы
W – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Wj – 1 паллета-орынның өңірге байланысты құны (j), S2 – арнайы температуралық режимсіз паллета-орындардың саны (+15 – +25 Цельсий градусы).";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымша жазылсын;
осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметке №______ үлгі шарт";
"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын _________________ негізінде әрекет ететін ______________ тұлғасында, бір тараптан, және "_________________" бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын ____________ негізінде әрекет ететін _____________ тұлғасында, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 127 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33071 болып тіркелген) сәйкес __________ жыл(дарға) арналған _____________ 20__ жылғы "____" _________ конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың негізінде, ____ жылға арналған Дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетудің осы шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тауар – дәрілік заттар (ДЗ), оның ішінде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар, медициналық бұйымдар (МБ), Шарт бойынша Орындаушы көрсететін қызмет шеңберінде сақтауға және тасымалдауға жататын гуманитарлық көмек түріндегі ДЗ, МБ;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтау – Орындаушының тауарды операциялық қоймада және Орындаушының көлік құралдарында тауардың сақталуын, тұтастығын, қауіпсіздігін, тиімділігін, сапасын, қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғалуын, қажетті температуралық режимнің сақталуын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тауарды сақтау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуын, Шартта көзделген жағдайларда тауарды Орындаушыға берген сәттен бастап және Орындаушы оны Алушыларға немесе Орындаушыларға немесе Бірыңғай дистрибьюторға немесе Өнім берушілерге берген сәтке дейін контаминацияны, айқаспалы контаминацияны, қайта сұрыптауды болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау. Арнайы температуралық режимде сақтау: суық +2 - +8 Со, мұздату -15 -20 Со, салқын +8 - +15 Со; арнайы температуралық режимсіз +15 - +25 Со;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тасымалдау – Орындаушының тауарды олардың сақталуын және тұтастығын, қоршаған орта факторларының әсерінен қорғалуын, қажетті температуралық режімді (сақтау шарттарын) сақтауды, сондай-ақ контаминацияны, қайта сұрыптауды, бұрмалауды болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда көлік құралдарының көмегімен Шартқа сәйкес тасуы, орналастыруы және жеткізуі. Автокөлікпен тасымалдау үшін есептік бірлік ретінде рейс қашықтығы жүкпен бірге километрмен қолданылады. Көлік құралдарының санаттары: қоса алғанда 1,5 тоннаға дейін (сыйымдылығы 1-ден 4 паллета-орынға дейін) – 1-санат, қоса алғанда 5 тоннаға дейін (сыйымдылығы 5-тен 10 паллета-орынға дейін) – 2-санат, қоса алғанда 10 тоннаға дейін (сыйымдылығы 11-ден 20 паллета-орынға дейін) – 3-санат, қоса алғанда 10 тоннадан астам (сыйымдылығы 21 паллета-орыннан астам) – 4-санат – тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);";
17) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орындаушы Орындаушының операциялық қоймасын пайдалана отырып, Бірыңғай дистрибьюторға, Шартқа 2-қосымшада аталған Бірыңғай дистрибьютордың алушыларына, басқа Орындаушыларға Шартқа 1-қосымшада аталған тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметті Бірыңғай дистрибьюторға көрсетеді, ал Бірыңғай дистрибьютор сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Қызмет) қабылдайды және оны Орындаушыға Шартта көзделген тәртіппен төлейді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орындаушының операциялық қоймасы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне, GDP тиісті дистрибьюторлық практика стандартына, сондай-ақ Қағидалардың ережелеріне сәйкес келуі тиіс.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қосылған құн салығын есепке ала отырып Шарттың Бағасы _________ (жазбаша) теңге _________ (жазбаша) тиынды құрайды. Шарттың Бағасы қызметтің нақты көрсетілген көлемін ескере отырып, тоқсанына кемінде бір рет түзетілуге тиіс.
Қызметтің нақты құны шартқа 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Сақтау үшін нақты ақы төлеу күнтізбелік айдағы паллета-орындардың күнделікті санының орташа мәні бойынша паллета-орындардың жоспарлы санының кемінде 70% мөлшерінде төмендемейтін паллета-орын резервін ескере отырып жүзеге асырылады.
Күнтізбелік айда паллета-орындардың санын есептеуді Орындаушы тауарды күнделікті сақтау көлемінің негізінде мынадай формула бойынша қалыптастырады: S1 = саны (қаптама) * қайталама қаптаманың көлемі, м3 * 125% *125%*/ 0,96 м3; S2 = саны (қаптама) * қайталама қаптаманың көлемі, м3 * 125%/ 0,96 м3; мұндағы S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета-орындардың саны (+2+8 Со; +8+15 Со; -15 Со және одан төмен), S2 – арнайы температуралық режимсіз паллета-орындар (+15+25 Со). Стандартты паллетаның өлшемдері 0,8 м х 1,2 м, жүктеу биіктігі 1 метр сақтау көлемі 0,96 м3 құрайды; стандартты көліктік қаптамаға үстеме – 125%, термолабильді өнім үшін салқындататын кейстерге үстеме – 125%.
Күнтізбелік айдағы паллета-орындардың санын есептеуді Орындаушы БФАЖ-бен интеграцияланғаннан кейін қойманы басқару жүйесінің көмегімен қалыптастырады.
Норма-сағаттарды және автокөлік құралдарымен жүріп өткен қашықтықты анықтау үшін Орындаушының рейстерін есептеуді Орындаушы БФАЖ-бен интеграцияланғаннан кейін көлікті басқару жүйесінің көмегімен қалыптастырады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бірыңғай дистрибьютор атынан Өнім берушіден/ басқа Орындаушыдан/ Алушыдан операциялық қоймаға тауарды қабылдауды жүзеге асыруға;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тауарды сериялық есепке алуды, оның ішінде БФАЖ-да: тауардың кірісі мен шығысын тұрақты есепке алу, Орындаушының операциялық қоймасында тауарды тоқсан сайын түгендеуді жүзеге асыруға;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) операциялық қоймадан тауарды тасымалдауды: тиеу үшін жинақтау мен жиынтықтауды, тиеу-түсіру жұмыстарын, жеткізу пункттеріне жеткізуді және қабылдау-беру актілері бойынша Алушыларға немесе басқа Орындаушыларға беруді, қажет болған кезде – Алушылардан тауарды бөлу орталығына қайтаруды жүзеге асыруға;";
14) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) уәкілетті ұйыммен берілген тауардың сапасы және қауіпсіздігі туралы қорытындылардың қолданылу мерзімін бақылауды жүзеге асыруға. Күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын Бірыңғай дистрибьюторға тауардың жарамдылық мерзімінің және тауардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындылардың қолданылу мерзімінің өтуі туралы хабардар етуге, сондай-ақ Өнім берушіге тауардың қауіпсіздігі туралы қорытындының қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы ақпаратты Өнім берушілермен беру шарттарында және тиісінше Шартта көрсетілген олардың электронды мекенжайларына жіберуге;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) бірыңғай дистрибьюторға операциялық қоймаға кедергісіз кіруді, сондай-ақ Шарттың орындалуын қадағалау үшін Қызмет көрсетумен байланысты құжаттарға кедергісіз қол жеткізуді ұсынуға;";
30) тармақша алып тасталсын;
10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Орындаушыға кемінде Шарттың орындалуын қадағалау басталардан 8 (сегіз) жұмыс сағаты бұрын Бірыңғай дистрибьютордың қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті жұмыскерлерінің тізімін бере отырып, операциялық қоймада қадағалау жүргізу туралы жазбаша хабарлама беруге міндеттенеді.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Орындаушының Шарт талаптарын, оның ішінде тауардың болуын, оны Орындаушының операциялық қоймада және көлік құралдарында сақтау талаптарын орындауына қадағалауды жүзеге асыруға;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Орындаушы Шартқа, Бірыңғай дистрибьютор мен Өнім берушілер немесе басқа Орындаушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес операциялық қоймада Өнім берушілерден, басқа Орындаушылардан тауарды қабылдауды жүзеге асырады. Егер беру шартында тауарды өз күшімен әкету немесе кеден қоймасына, астананың немесе республикалық маңызы бар қалалардың халықаралық әуежайына жеткізу көзделсе, Орындаушы тауарды Өнім берушінің қоймасында немесе кеден қоймасында немесе халықаралық әуежайда қабылдауды, Орындаушының көлік құралына тиеуді және Орындаушының қоймасына тасымалдауды жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Орындаушы тауарды Өнім берушілерден қабылдайды және оны Орындаушының қоймасына түсірген (ТЖЖ жүктің келгені туралы белгі қойылған күн) және өнім беруші/басқа Орындаушы тауарға бастапқы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісіне қол қояды.";
34-тармақ алып тасталсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Қажет болған кезде Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың жұмыскерлерін операциялық қоймаға қадағалау жүргізуге уәкілетті Бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің лауазымын, тегін және атын көрсете отырып, жіберу арқылы Орындаушының Шарт талаптарын орындауын қадағалайды, мұндай қадағалау туралы Орындаушыны кемінде 8 (сегіз) жұмыс сағаты бұрын алдын ала жазбаша хабардар етеді. Қадағалау қорытындылары бойынша Тараптар қадағалау нәтижелері сипатталған акт жасайды және қол қояды, оның 1 (бір) данасы Орындаушыға тапсырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Баға ұсынысының нысаны (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша)
Сақтау паллета-орындардың жоспарлы саны, тасымалдау үшін километрлердің болжамды саны, тиеу-түсіру жұмыстарының норма-сағаттарының болжамды саны.
Лот №
Өңір:
Автокөлік санаты | Болжамды арақашықтық, километр | ҚҚС есебінсіз жоспарлы баға теңге/километр | Сомасы, ҚҚС есебінсіз теңге |
1-санат, сыйымдылығы 1-ден 4 паллета-орынға дейін | |||
2-санат, сыйымдылығы 5-тен 10 паллета-орынға дейін | |||
3-санат, сыйымдылығы 11-ден 20 паллета-орынға дейін | |||
4-санат, сыйымдылығы 21 паллета-орыннан астам | |||
Жиыны: | |||
Қойма аймақтары | Паллета-орындардың жоспарлы саны, дана | Жоспарлы баға теңге/паллета-орындар/айда ҚҚС есебінсіз | Сомасы, ҚҚС есебінсіз теңге |
Арнайы температуралық режимсіз сақтау (+15+25 Цельсий градусы) | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (+2+8 Цельсий градусы) | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (+8+15 Цельсий градусы) | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (-15 -20 Цельсий градусы және одан төмен) | |||
Жиыны: | |||
Норма-сағаттар санаты | Болжамды норма-сағаттар саны | Жоспарлы баға теңге/ҚҚС есебінсіз норма-сағат | Сомасы, ҚҚС есебінсіз теңге |
1-санат - 0,5 сағат | |||
2-санат - 1 сағат | |||
3-санат - 1,5 сағат | |||
4-санат - 3 сағат | |||
Жиыны: |
Мен (Біз) Сіздің төлем шарттарыңызбен келісемін(міз). Әлеуетті өнім беруші: _______________________________ ҚҚС төлеуші болып табылады.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпейді, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып айқындалған ретінде қарайды.
*ҚҚС – қосылған құн салығы
Баға ұсынысының нысаны (дәрілік заттарды тасымалдау, медициналық бұйымдарды тасымалдау бойынша)
Лот №
Өңір:
Автокөлік санаты | Болжамды арақашықтық, км | ҚҚС есебінсіз жоспарлы баға теңге/км | Сомасы, ҚҚС есебінсіз теңге |
1-санат (≤1,5 тонна, сыйымдылығы 1-ден 4 паллета-орынға дейін | |||
2-санат (≤5 тоннаға дейін, сыйымдылығы 5-тен 10 паллета-орынға дейін | |||
3-санат (≤10 тонна, сыйымдылығы 11-ден 20 паллета-орынға дейін | |||
4-санат 10 тоннадан астам, сыйымдылығы 21 паллета-орыннан астам | |||
Жиыны: |
Мен (Біз) Сіздің төлем шарттарыңызбен келісемін(міз). Әлеуетті өнім беруші: _______________________________ ҚҚС төлеуші болып табылады.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпейді, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып айқындалған ретінде қарайды.
*ҚҚС – қосылған құн салығы
Баға ұсынысының нысаны (дәрілік заттарды сақтау, медициналық бұйымдарды сақтау бойынша)
Лот №
Өңір:
Қойма аймақтары | Паллета-орындардың жоспарлы саны, дана | ҚҚС есебінсіз теңге/паллета-орындар/ай жоспарлы баға | Сомасы, ҚҚС есебінсіз теңге |
Арнайы температуралық режимсіз сақтау | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (+2+8 Цельсий градусы) | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (+8+15 Цельсий градусы) | |||
Арнайы температуралық режимде сақтау (-15 -20 Цельсий градусы және одан төмен) | |||
Жиыны: |
Мен (Біз) Сіздің төлем шарттарыңызбен келісемін(міз). Әлеуетті өнім беруші: _______________________________ ҚҚС төлеуші болып табылады.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпейді, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып айқындалған ретінде қарайды.
*ҚҚС – қосылған құн салығы