БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында:
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Әуежайларда әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету әуе кемелеріне авиациялық отын құюды және (немесе) сақтауды қамтамасыз етуді көздейтін жасалатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
7-қосымша мынандай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
"32) Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.";
8-қосымшада 7) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атрқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі