"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11440 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;

      авиациялық қауіпсіздік тәуекелдер мен қауіптерді бағалау бөлімшесінің басшысы;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;

      оқыту бойынша нұсқаушы - үйлестіруші;

      киберқауіпсіздік инспекторы;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман.

      Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі лауазымдарды жасақтау әуежай класы мен мәртебесі, техникалық жарақталуын, жете тексеру пункттерінің санын, бақылау-өткізу пункттерін, стационарлық және жылжымалы бекеттерді және жылына қызмет көрсетілген жолаушылардың (әуежайлар үшін) және жылына тасымалдаған жолаушылардың санына қарай (авиакомпаниялар үшін) және жылына тасымалданатын жолаушылар (авиакомпаниялар үшін) және филиалдар және/немесе қашықтағы позициялар саны (аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші үшін) олардың орналасуын ескере отырып, орындалатын міндеттердің көлемі мен сипатының негізінде азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысымен айқындалады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады (бұдан әрі – "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы);";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен немесе авиациялық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде сегіз жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздікті жүзеге асырумен байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда кемінде жеті жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қауіпсіздік маманы ретінде кемінде алты жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен немесе авиациялық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздікті жүзеге асырумен байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;";

      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған кезде авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;";

      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Профайлинг бөлімшесінің бастығы, аға инспектор-профайлер, инспектор-профайлер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Педагогикалық ғылымдар" (Психология) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) профайлинг бөлімшесінің бастығы үшін инспектор-профайлер лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласындағы (Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжатпен расталады);";

      13-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен немесе авиациялық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздікті жүзеге асырумен байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;";

      14-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен немесе авиациялық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздікті жүзеге асырумен байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;";

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Авиациялық қауіпсіздік тәуекелдер мен қауіптерді бағалау бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма үш жаста;

      4) авиация персоналы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған кезде авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.";

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған кезде авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің киберқауіпсіздік жөніндегі инспекторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласындағы (Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және талдау) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес білімі туралы құжаттарымен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атрқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады