"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35554 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есептің нысаны;";

      1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті:

      басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      2) осы қаулының 1-тармағының 3), 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      3) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      4) осы қаулының 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей ұсынады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын электрондық форматта:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті:

      басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.";

      4-4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-4. Мыналарда:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген желтоқсан айының қосымша есептерін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) ипотекалық ұйымдар аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;

      2) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген желтоқсан айының қосымша есептері (қорытынды айналымдар ескерілген)

      басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей (есепті айда айналымдар болған кезде) ұсынылады.

      Ұлттық пошта операторы осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (оның ішінде есепті айда қорытынды айналымдар болмаған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

      Ұлттық пошта операторы осы қаулының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген төртінші тоқсандағы қосымша есептерді (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

      5. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамына, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамына және сауда-саттықты ұйымдастырушыға қолданылмайды.".

      6. Осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының күші жойылды деп танылсын";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымша осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі" деген 13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
14-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
1-қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілігіне мыналар кіреді:

      1) екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп;

      2) бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;

      3) басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;

      4) басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есеп;

      5) берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп;

      6) салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп;

      7) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;

      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп;

      9) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есеп;

      10) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі;

      11) қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-RV

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторы – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей;

      ипотекалық ұйымдар мен Ұлттық пошта операторы желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Салым орналастырылған және (немесе) корреспонденттік және (немесе) ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банктің атауы

Елі

Сомасы

Резервтер (провизиялар)



1

2

3

4

5


1

Корреспонденттік шоттар





1.1.











2

Ағымдағы шоттар





2.1.











3

Талап етуге дейінгі салымдар





3.1.











4

Мерзiмдi салымдар





4.1.











5

Шартты салымдар





5.1.












Барлығы





      Атауы ________________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________

      Орындаушы _____________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Екінші деңгейдегі банктерде
орналастырылған салымдардың,
корреспонденттік және
ағымдағы шоттардың талдамасы
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп (әкімшілік деректер нысанының индексі –1-RV, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер мың теңгемен көрсетіледі.

      3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 3-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ел көрсетіледі.

      5. 4-бағанда есептелген сыйақы және дисконт (сыйлықақы) ескеріле отырып негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.

      6. Резервтердің (провизиялардың) сомасы абсолюттік мәнде және плюс таңбасымен көрсетіледі.

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықпен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-PORTF

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:

      ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;

      Ұлттық пошта операторы:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру коды


2

Бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі


3

Портфельдегі бағалы қағаздар саны


4

Портфельдегі бағалы қағаздың құндық көрсеткіштері:


4.1

құндық көрсеткіш түрі


4.2

шот нөмірі


4.3

сомасы


5

Ауыртпалық салынған бағалы қағаздар және репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар:


5.1

бағалы қағаздар саны


5.2

баланстық құны


6

Репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар:


6.1

бағалы қағаздар саны


6.2

баланстық құны


7

Есепті күнге эмитенттің рейтингі


8

Есепті күнге бағалы қағаздың рейтингі


9

Кредиттік тәуекел кезеңі


10

Есепті күн


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы _________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ___________________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан "Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Бағалы қағаздар портфелінің
құрылымы туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп (индексі – 2-PORTF, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш толтыру үшін міндетті болып табылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда мәліметтері басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп нысанында көрсетілетін еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдарға қатысу үлестеріне) салынатын салымдарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына басқа да қатысуды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның борыштық және үлестік бағалы қағаздарға салымдары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. 1, 2, 4.1, 4.2, 7, 8 және 9-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      9. Нысан есепті айдың соңында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның портфеліндегі әрбір бағалы қағаз бойынша жеке-жеке толтырылады.

      10. 1-жолда бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN коды) – Орталық депозитарий бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында беретін әріптік-цифрлық код көрсетіледі. Бағалы қағаздар мен эмитенттердің анықтамалықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізеді.

      11. 7 және 8-жолдарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына сәйкес рейтингтік агенттіктердің бірі берген рейтинг көрсетіледі.

      Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде берілген күні бойынша ең өзекті рейтинг көрсетіледі. Егер рейтингтер берілген күндер сәйкес келсе, ең төменгі рейтинг көрсетіледі. Бір бағалы қағазға, бір эмитентке рейтингтің бір өзекті мәнінен артық емес мәні сәйкес келеді.

      7 және 8-жолдардағы рейтингтердің мәндері Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк және жергілікті атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілмейді.

      12. 2-жолда есепті күндегі жағдай бойынша бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі көрсетіледі.

      13. 4.2 және 4.3-жолдарда мәндер осы бағалы қағаз бойынша сома есепке алынатын "Шот нөмірлері" анықтамалығынан және есепті күнге оларға сәйкес келетін құндық мәндер таңдалады.

      Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша "Шот нөмірлері" анықтамалығына сәйкес 3-сыныптың шоттарында көрсетілген күтілетін кредиттік шығын үшін резервтер (провизиялар) көрсетіледі.

      Егер құндық мәні нөлге тең болса, 4.1, 4.2 және 4.3 жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.

      14. 5.2 және 6.2-жолдарда сатып алу құнын, дисконтты (сыйлықақыны), есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетуді (әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) (амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша) қоса алғанда, есепті күндегі бағалы қағаздардың баланстық құны көрсетіледі. Бұл ретте басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылай активтер бойынша шығынға арналған бағалау резерві қаржылай активтің баланстық құнын азайтпауға тиіс.

      5.1 және 5.2-жолдардағы көрсеткіштерде 6.1 және 6.2-жолдарда көрсетілген көрсеткіштердің мәндері де қамтылады.

      15. 9-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша бағалы қағаздар жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі. 9-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.

      16. 10-жол бойынша тиісті деректер ұсынылатын есептік күн көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-INVEST

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:

      ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;

      Ұлттық пошта операторы:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Мәміле референсі


2

Заңды тұлға туралы мәлімет:


2.1

атауы


2.2

сәйкестендіргіш түрі


2.3

сәйкестендіргіш


2.4

қатысу түрі


2.5

резиденттік белгісі


2.6

тіркелген елі


2.7

заңды тұлғаның түрі


3

Сатып алу күніндегі инвестициялар:


3.1

сатып алу күні


3.2

сатып алу құны


3.3

заңды тұлғаның капиталындағы үлес салмағы, %


4

Есепті күнгі инвестициялар:


4.1

құн көрсеткішінің түрі


4.2

шот нөмірі


4.3

сомасы сумма


4.4

акциялар саны (дана)


4.5

заңды тұлғаның капиталындағы үлес салмағы, %


5

Кредиттік тәуекел сатысы


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________

      Орындаушы _________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ______________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" _____________________

      Ескертпе: нысан "Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Басқа заңды тұлғалардың
капиталына инвестициялар
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

"Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп" (индексі – 3-INVEST, кезеңділігі - ай сайын, тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның еншілес және қауымдасқан ұйымдардың, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. 2.2, 2.4, 2.5, 2.7, 4.1, 4.2 және 5-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      9. 1-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.

      10. 2.1-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым жүргізетін контрагенттердің анықтамалығына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым капиталына қатысатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      Заңды тұлғаларды сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері мен олардың мәндері көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, ол болмаған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды және бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі.

      2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша "2" мәні көрсетіледі.

      2.6-жолда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тіркелген ел көрсетіледі.

      11. 3-жолда инвестицияларды сатып алу күніндегі жағдай бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      3.1-жолда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені тіркеген күні көрсетіледі. Өзге мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік құқығының пайда болған күні (сәті) көрсетіледі.

      3.2-жолда сатып алу күніндегі сатып алу құны теңгемен көрсетіледі.

      12. 3.3 және 4.5-жолдарда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акцияларының жалпы санына пайызбен арақатынасы немесе тиісінше сатып алу күніне және есепті күнге заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу пайызындағы үлесі көрсетіледі.

      13. 4.2 және 4.3-жолдардағы мәндер "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады, оларда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың еншілес және қауымдасқан ұйымдардың және басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларының сомасы және есепті күнгі оларға сәйкес келетін құндық мәндер ескеріледі.

      Егер құндық мән нөлге тең болса, 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.

      14. 4.4-жолда акциялардың саны бірлікпен (данамен) көрсетіледі. 4.4-жолда ондық түрде, үтірден кейін екі белгімен ұсынылатын бөлшек санды (жарғылық капиталдарға қатысу құралдары үшін) көрсетуге рұқсат етіледі.

      15. 5-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның инвестициялары жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.

      5-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның провизиялар (резервтер) есебінің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын инвестициялар бойынша толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-DEBTORS

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторы – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      ипотекалық ұйымдар және Ұлттық пошта операторы желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей;

      ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар - тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторы – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

      1-кесте. Басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Референс


2

Есепті кезеңнің соңындағы құны (активтер тобы бойынша сомасы):


2.1

құн көрсеткішінің түрі


2.2

шот нөмірі


2.3

сомасы


3

Кредиттік тәуекел сатысы


      2-кесте. Ірі дебиторлар туралы мәліметтер

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Референс


2

Дебитор туралы мәлімет:


2.1

атауы


2.2

сәйкестендіргіш түрі


2.3

сәйкестендіргіш


2.4

резиденттік белгісі


2.5

контрагент тіркелген ел


3

Дебиторлық берешек түрі


4

Валюталық белгісі


5

Шарт бойынша орындау мерзімі


6

Есепті күнге көрсеткіштер:


6.1

құн көрсеткішінің түрі


6.2

шот нөмірі


6.3

есепті кезеңнің соңындағы қалдық сомасы


7

Кредиттік тәуекел сатысы


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны ______________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________

      Орындаушы_____________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ______________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Басқа да сыныпталатын
активтер және ірі дебиторлар
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есеп (индексі –4-DEBTORS, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме 

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш толтыру үшін міндетті болып табылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда ірі дебиторлар туралы және осы қаулыда көзделген есептердің басқа нысандарына енгізілмеген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес құнсыздану кезеңдері бойынша сыныпталатын басқа да активтер туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. 1-кестенің 2.1, 2.2 және 3-жолдарында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      9. 1-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында мәндер "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады, оларда басқа сыныпталатын активтердің сомасы және оларға сәйкес келетін есепті күнгі құндық мәндер ескеріледі. Егер құндық мән нөлге тең болса, 1-кестенің 2.1, 2.2 және 2.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.

      10. 1-кестенің 3-жолында 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және осы түсіндірменің 7-тармағында көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша басқа да сыныпталатын активтер жатқызылған Кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.

      11. 2-кестенің 2.2, 2.4, 3, 6.1, 6.2 және 7-жолдарындағы мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      12. 2-кестеде мынадай талаптарға сәйкес келетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі дебиторлары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      есепті күнге дебиторлық берешек бойынша контрагент айқындалған;

      контрагент банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылмайды;

      контрагентке қойылатын талаптар мынадай бір немесе бірнеше операцияларды жасау салдарынан туындаған:

      қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сату, сатып алу, басқаға ұсыну;

      қарызды дебиторлық берешекке қайта сыныптау;

      өндіріп алынған кепіл мүлкін сату;

      клиенттерге берілген қарыз операцияларын (оның ішінде есептелген кіріс пен мен мерзімі өткен сыйақыны) қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысымен басқа да операциялар;

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның шығарылған және расталған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша міндеттемелерді орындауы.

      Есепті күнге жеке басы анықталмаған үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері нәтижесінде туындаған дебиторлық берешек туралы мәліметтер (операцияның сипатына қарамастан) осы түсіндірменің 13-тармағында жазылған талаптарға сәйкес болған кезде Нысанда көрсетіледі. Бұл жағдайда дебитор ретінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым не оның құрылымдық бөлімшесі көрсетіледі, 2-кестенің 3-жолы бойынша дебиторлық берешек түрі ретінде "Басқа да" мәні көрсетіледі.

      13. 2-кестені толтыру кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда талаптардың ең көп сомасы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның 25 (жиырма бес) ірі дебиторларын жария етеді.

      14. 2-кестенің 2-жолындағы анықтамалықтарды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді, анықтамалықтардағы тиісті ақпаратты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      15. 2-кестенің 2.1-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес дебитордың атауы көрсетіледі.

      Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 2-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:

      заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – баламалы сәйкестендіру нөмірі).

      жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – баламалы сәйкестендіру нөмірі.

      16. 2-кестенің 2.4-жолында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын дебитор бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын дебитор бойынша "2" мәні көрсетіледі.

      17. 2-кестенің 2.5-жолында "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес контрагентті тіркеген ел көрсетіледі.

      18. 2-кестенің 4-жолында шетел валютасымен көрсетілген дебиторлық берешек бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.

      19. 2-кестенің 6.2 және 6.3-жолдарындағы мәндер дебиторлық берешектің сомасы және оларға сәйкес келетін есепті күнгі құндық мәндер ескерілетін "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады.

      Егер құндық мән нөлге тең болса, 2-кестенің 6.1, 6.2 және 6.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.

      20. 2-кестенің 7-жолында 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша дебиторлық берешек жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.

      2-кестенің 7-жолындағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және осы түсіндірменің 7-тармағында көрсетілген банктің ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын дебиторлық берешек бойынша толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 5-LOANS

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:

      ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Референс


2

Аймақ


3

Кредит беру субъектісінің түрі


4

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


5

Резиденттік белгісі


6

Біртектілік белгісі


7

Валюталық белгісі


8

Ұзақ мерзімді қарыз белгісі


9

Кредит беру мақсаты


10

Қамтамасыз етудің бар-жоғының белгісі


11

Жұмыс істемейтін қарыз белгісі


12

Есепті кезеңдегі көрсеткіштер:


12.1

есепті кезеңде берілді


12.2

орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі, %


13

есепті кезеңнің соңындағы көрсеткіштер:


13.1

құн көрсеткішінің түрі


13.2

шот нөмірі


13.3

есепті кезеңнің соңындағы ақша қалдығының сомасы


14

Кредиттік тәуекел сатысы


      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы_________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________

      Орындаушы _____________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Берілген қарыздар және олар
бойынша сыйақы
мөлшерлемелері туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп (индексі – 5-LOANS, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар туралы, есепті кезеңде осындай қарыздарды беру және өтеу көлемдері мен есепті кезең ішінде берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Нысан бойынша ұсынылатын мәліметтерге банктерге немесе банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын өзге де қаржы ұйымдарына берілген қарыздар, осындай банктер немесе ұйымдар олар бойынша контрагент болатын "кері репо" операциялары кірмейді.

      8. 2, 3, 4, 5, 9, 10, 13.1, 13.2 және 14 жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      9. 5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша "2" мәні көрсетіледі.

      10. 6-жолда біртекті қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      11. 7-жолда шетел валютасымен берілген қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      12. 8-жолда 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімге берілген қарыздар үшін "0" көрсетіледі.

      13. 10-жолда кепіл болған кезде анықтамалықтан берешектің ең көп үлесі тиесілі кепіл түріне сәйкес келетін мән таңдалады.

      14. 11-жолда негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      15. 12.1-жолда есепті ай ішінде берілген қарыздардың сомасы көрсетіледі.

      16. 12.2-жолда есепті кезеңде нақты ұсынылған қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі, олар туралы ақпарат 12.1-жол бойынша ұсынылады. Есептеу үшін тиісті қарыз шарттарында көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.

      Орташа алынған сыйақы мөлшерлемесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Rорт=R1*Q1+R2*Q2+…+Rn*Qn Q1+Q2+…+Qn

      мұнда:

      Rорт – орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі;

      Rn – n қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      Qn – есепті кезеңде берілген n-қарыздың көлемі

      17. 13.2 және 13.3-жолдарда мәндер "Шоттардың нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген (жүзеге асырған) қарыздардың сомалары және оларға сәйкес келетін есепті күндегі құндық мәндері ескеріледі.

      Егер құндық мән нөлге тең болса, 13.1, 13.2, 13.3 және 14 -жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.

      18. 14-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards - IFRS) сәйкес есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша берілген қарыздар жатқызылған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі.

      14-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын, берілген қарыздар бойынша толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 6-DEP

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "____" __________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      Ұлттық пошта операторы – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторын қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Референс


2

Контрагенттер туралы мәліметтер:


2.1

резиденттік белгісі


2.2

контрагент секторы


3

Есепті кезеңнің соңындағы мәліметтер:


3.1

шоттың (салымның) түрі


3.2

валюта тобының коды


3.3

салым мерзімі


3.4

шоттардағы (салымдардағы) ақша қалдығы


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________

      Орындаушы ______________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Салымдар, ағымдағы және
корреспонденттік шоттар
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

"Салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп" (индексі – 6-DEP, кезеңділігі - ай сайын, тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Осы Түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш толтыру үшін міндетті болып табылады.

      5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды 

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанды толтыру кезінде респонденттер Қазақстан Республикасының резидент және Қазақстан Республикасының бейрезидент клиенттерінің шоттары мен салымдары туралы мәліметтерді жария етеді.

      7. 1-жолда есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде есеп жолының сәйкестендіргіші ретінде қызмет ететін және респондент үшін бірегей болып табылатын референс көрсетіледі. Референс мәнінде мәтіндік деректер форматы бар және мәтіндік пен сандық элементтер қамтылуы мүмкін.

      8. 2.1, 2.2, 3.1, 3.2 және 3.3-жолдарда мәндер Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.

      9. 2.1-жолда резиденттік белгісі мынадай кодификацияға сәйкес көрсетіледі:

      "1" код - Қазақстан Республикасының резиденті;

      "2" код - Қазақстан Республикасының бейрезиденті.

      10. 2.2-жолда экономика секторының коды мынадай кодификацияға сәйкес көрсетіледі:

      "1" код - Орталық Үкімет;

      "2" код - өңірлік және жергілікті басқару органдары;

      "3" код - Орталық (ұлттық) банктер;

      "4" код - басқа депозиттік ұйымдар;

      "5" код - басқа қаржы ұйымдары;

      "6" код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

      "7" код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

      "8" код - үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

      "9" код - үй шаруашылықтары.

      11. 3.3-жолда салымдар клиенттермен жасалған салым шарттары негізінде мерзімдері бойынша бөлінеді.

      12. 3.4-жолда есепті кезеңнің соңындағы шоттар, салымдар бойынша (есептелген сыйақыны есепке алмағанда) респондент міндеттемелерінің сомасы көрсетіледі. Сома теңгемен, үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі.

      13. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
8-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 7-FUND

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "____" __________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторы – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Референс


2

Контрагент туралы мәліметтер:


2.1

атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2.2

сәйкестендіргіш түрі


2.3

сәйкестендіргіш


2.4

контрагент санаты


2.5

резиденттік белгісі


2.6

тіркеу елі


2.7

компаниялар тобына жату


3

Қорландыру түрі


4

Валюта белгісі


5

Есепті күндегі міндеттеменің баланстық құны


5.1

баланстық құнға енгізілген дисконт


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________

      Орындаушы _____________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _________________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Тартылған ақшаның негізгі
көздері туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп (индексі 7-FUND, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдалады.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш толтыру үшін міндетті болып табылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторлары – міндеттемелер сомасының кемуі бойынша қалыптастырылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлар тізбесінің ең жоғарғы 10 (он) санына кіретін жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлары заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы болып табылса, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторының мәртебесін айқындау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның көрсетілген тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің жиынтық сомасы қаралады.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлары бір заңды тұлғаның бірнеше филиалдары болып табылса, онда Нысанда осы заңды тұлға бойынша жиынтығындағы міндеттемелердің сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар, мерзімді, жинақ және шартты салымдар, алынған қарыздар, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар, мерзімсіз қаржы құралдары, реттелген борыштар бойынша дисконттар мен сыйлықақыларды ескере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.

      9. 2.2, 2.4, 2.5 және 3-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

      10. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторларының қатарына заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы жатқызылса, онда нысандағы мәліметтер аталған тұлғалардың әрқайсысы бойынша жеке көрсетіледі.

      11. Заңды тұлғаның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының ірі қатысушыларының (қатысу үлесі 10 (он) және одан да көп пайызды құрайтын) мәртебесін осы түсіндірменің 7 және 10-тармақтары мақсатында әрбір күнтізбелік айдың басындағы жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жаңартады.

      12. 2.1-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес кредитордың контрагентінің атауы көрсетіледі. Жеке тұлғалар бойынша 2.1-жолдағы көрсеткіш қажет болған жағдайда клиент-жеке тұлғалардың шартты белгілерімен ауыстырылады, мәселен, жеке тұлға 1, жеке тұлға 2 және т.с.с.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторларын сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:

      заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 "Банктік іс. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" халықаралық стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);

      жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – балама сәйкестендіру нөмірі.

      13. 2.4-жолда егер кредитор заңды тұлға болса "1" коды, егер кредитор жеке тұлға болса (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) "2" коды көрсетіледі.

      14. 2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын контрагент бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын контрагент бойынша "2"мәні көрсетіледі.

      15. 2.6-жолда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тіркелген ел көрсетіледі.

      16. Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылса, онда 2.7-жолда тиісінше компанияның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не шартты белгісі (осы түсіндірменің 12-тармағында келтірілген мысалға ұқсас) көрсетіледі.

      Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылмаса, 2.7-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның-заңды тұлғаның кредиторының атауы қайталанады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары бойынша жоғарғы деңгейдегі компания 2.7-жолда, егер ол банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылмаса да көрсетіледі.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым-заңды тұлға кредиторының екі және одан да көп ірі қатысушылары болса және топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы болмаса, онда 2.7-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдында міндеттемелері бар (заңды тұлғаның басқа ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болмаған кезде) заңды тұлға көрсетіледі.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлғаның бірнеше ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болса, 2.7-жолда заңды тұлғаның капиталына ең көп қатысу үлесі бар ірі қатысушы, ал тең үлестер кезінде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның есепті күндегі жағдай бойынша алдындағы міндеттемелерінің сомасы көп болатын ірі қатысушы көрсетіледі.

      17. 4-жолда міндеттемелер бойынша ұлттық валютада "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.

      18. 5-жолда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, дисконттар мен сыйақыларды ескере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.

      19. 5-жолдағы мән 5.1-жолдағы мәнді қамтиды.

      20. 5.1-жолдағы көрсеткіш баланстық құнға енгізілген дисконт болмаған кезде ұсынылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
9-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

       Әкімшілік нысанның атауы: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 8-AFFIL

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__ жылғы "___" _________________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторы – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;

      Ұлттық пошта операторын қоспағанда, Банктер және банк қызметі туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      1-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізілімі

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Тұлғаның сәйкестендіргіші


1.1

Сәйкестендіргіштің түрі


1.2

Сәйкестендіру нөмірі


2

Тұлғаның қосымша сәйкестендіргіші:


2.1

сәйкестендіргіштің түрі


2.2

сәйкестендіру нөмірі


3

Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлға үшін)


4

Жеке тұлғаның белгісі


5

Тіркелген елі


6

Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға жатқызу белгісі


7

Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіліміне енгізу күні


8

Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімінен шығару күні


      2-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

Тұлғаның сәйкестендіргіші


1.1

Сәйкестендіргіштің түрі


1.2

Сәйкестендіру нөмірі


2

Шарт талаптары бойынша мәміле туралы мәліметтер:


2.1

мәміленің референсі (коды)


2.2

шарт нөмірі


2.3

шарт жасалған күн (мәміле талаптарын орындауды бастау)


2.4

шарттың қолданыс мерзімі аяқталған күн (мәміле талаптарын орындау)


2.5

операция түрі


2.6

мәміленің мақсаты


2.7

валюта коды


2.8

мәміле сомасы


2.9

сыйақы мөлшерлемесі


3

Уәкілетті орган (адам) шешімінің деректемелері:


3.1

Нөмірі


3.2

Күні


4

Үлгілік шарттарға сәйкес мәміле жасасу белгісі


5

Есепті күнге мәміле құнының көрсеткіштері:


5.1

құн көрсеткішінің түрі


5.2

шот нөмірі


5.3

Сомасы


6

Ескертпе


      3-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы қосымша мәліметтер

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Көрсеткіштің түрі


2

Сомасы


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________

      Орындаушы__________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйыммен ерекше
қатынастармен байланысты
тұлғалар және олармен жасалған
мәмілелер туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп (индексі – 8-AFFIL, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.

      Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      4. Нысандағы және осы түсіндірмедегі шот нөмірлері "Шот нөмірлері" анықтамалығынан таңдап алынады.

      5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.

      6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанда:

      1-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімінің көрсеткіштері бойынша мәндер;

      2-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есеп көрсеткіштері бойынша мәндер, оның ішінде есепті ай ішінде жасалған және (немесе) есепті күні қолданыста болған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай тұлғалармен жасаған барлық мәмілелері туралы мәліметтер;

      3-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есепке қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      8. 1-кестенің 1.1 және 6-жолдарында, 2-кестенің 1.1, 2.5, 2.6, 2.7, 5.1 және 5.2-жолдарында, 3-кестенің 1-жолында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.

      9. Тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысының белгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында айқындалады.

      10. 1-кестеде есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты барлық тұлғалар және есепті кезең ішінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты болған барлық тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды сәйкестендіру үшін 1 және 2-кестелердің 1.1 және 1.2-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:

      заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған жағдайда – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);

      жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған жағдайда – балама сәйкестендіру нөмірі.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың бірнеше сәйкестендіргіші болған кезде қосымша сәйкестендіргіш 1-кестенің 2-жолында көрсетіледі.

      1-кестенің 3-жолында атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлға үшін) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      11. 1-кестенің 4-жолында жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлға бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 5-жолында "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тіркелген ел көрсетіледі.

      13. 1-кестенің 6-жолында бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге жол беріледі. Егер тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысының бірнеше белгілері болса, 1-кестенің 6-жолында барлық белгілер көрсетіледі.

      14. 1-кестенің 7-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысы белгісінің (белгілерінің) болуы туралы белгілі болған күн көрсетіледі.

      Келесі есепті кезеңдерде 1-кестенің 7 және 8-жолдары тұлғаларды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізіліміне қосу немесе шығару фактісі бойынша толтырылады.

      15. 2-кестеде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген "Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 308 қаулысына сәйкес есептелетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған, сомасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан асатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының теріс мәні болса, 2-кестеде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған, сомасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның активтері мөлшерінің жиынтығында 0,001 (нөл бүтін мыңнан бір) пайызынан асатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      16. 2-кестенің 2.1-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші ретінде қызмет ететін мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.

      17. Операция түрін таңдау кезінде 2-кестенің "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға төленген дивидендтер" 2.5-жолында және 2-кестенің "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар төлеген дивидендтері" 2.3-жолында сәйкесінше дивидендтерді төлеу күні мен алу күні көрсетіледі.

      2-кестенің 2.8-жолында төленген дивидендтердің сомасы көрсетіледі, ал 2-кестенің 5.3-жолында "Есептелген кірістер, шығыстар" құндық көрсеткішінің түрі бойынша – есептелген дивидендтер сомасы көрсетіледі.

      18. Шарттың қолданысын ұзарту кезінде 2-кестенің 2.4-жолында шарттың қолданысы ұзартылған тиісті күн көрсетіледі, 2-кестенің 5.3-жолында "Негізгі борыш" құндық көрсеткішінің түрі бойынша – ұзартылған мәміле шартының қолданысы кезеңіндегі есепті күнге арналған баланстық қалдық сомасы көрсетіледі.

      19. 2-кестенің 2.6-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес мәміленің мақсаты көрсетіледі.

      20. 2-кестенің 2.7-жолында валюта кодтары 07 ISO 4217 ҚР ҰС "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      21. 1-кестенің 2.8-жолында шартта көрсетілген мәміле сомасы көрсетіледі.

      Шарт бойынша мәміленің шетел валютасындағы сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шарт жасалған күнге қайта есептеліп көрсетіледі.

      22. 2-кестенің 2.9-жолында шарттың талаптарына сәйкес мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық пайызбен көрсетіледі.

      23. 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарында уәкілетті органның (тұлғаның) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты мәмілелер жасауы (жасасуы) туралы бірінші шешімінің деректемелері көрсетіледі.

      2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер, егер 2-кестенің 4-жолындағы көрсеткіш бойынша "1" мәні көрсетілсе, толтырылмайды.

      Егер мәміле жасалған кезде тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланыс белгілері болмаса, 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдары толтырылмайды.

      24. 2-кестенің 4-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле жасасу кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесі бекіткен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын үшінші тұлғалармен ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелердің үлгілік шарттарына сәйкес "1" көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      25. 2-кестенің 5.2 және 5.3-жолдарында мәндер "Шоттардың нөмірлері" анықтамалығынан таңдап алынады, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелерінің сомасы және есепті күнге олардың тиісті құны бойынша мәндері есепке алынады.

      Егер құны бойынша мәні нөлге тең болса, 2-кестенің 5.2 және 5.3-жолдары бойынша көрсеткіштер берілмейді.

      26. "Кірістер, шығыстар" деген 2-кестенің  5.1-жолында құндық көрсеткіштің түрін таңдау кезінде, 5.3-жолда "Шоттардың нөмірлері" анықтамалығының тиісті баланстық шоттары мен сыныптарында көрсетілген есепті күнге мәміле бойынша пайыздық кірістің, шығыстың сомасы көрсетіледі.

      27. 3-кестеде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер субъектілер мен мәмілелер бөлінісінде ашылмай, жалпы сомасы көрсетіледі.

      3-кестенің 1-жолы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалыққа сәйкес толтырылады:

      есепті күндегі жағдай бойынша Нормативтік мәндерге сәйкес есептелетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелерінің жалпы сомасы, бұл сома банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайды;

      есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымында сақтандырылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерінің қарыздарының жалпы сомасы.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
10-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 9-UO

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      1-кесте. Активтердің, міндеттемелердің және капиталдың құрылымы

      (мың теңгемен)

жол коды

Активтер

есепті кезеңнің басында

есепті кезеңнің соңында

1

2

3

4


Активтер



1

Ақша, оның ішінде



1.1

кассадағы қолма-қол ақша



1.2

банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша



2

Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде



2.1

талап етілгенге дейінгі салымдар



2.2

шартты салымдар, оның ішінде:



2.2.1

қысқа мерзімді шартты салымдар



2.2.2

ұзақ мерзімді шартты салымдар



2.3

мерзімді салымдар, оның ішінде:



2.3.1

қысқа мерзімді салымдар (1 жылға дейін қоса алғанда)



2.3.2

ұзақ мерзімді салымдар (1 жылдан астам)



2.4

жинақ салымдары, оның ішінде:



2.4.1

қысқа мерзімді жинақ салымдары (1 жылға дейін қоса алғанда)



2.4.2

ұзақ мерзімді жинақ салымдары (1 жылдан астам)



3

Дебиторлық берешек, оның ішінде:



3.1

қызметкерлердің дебиторлық берешегі



3.2

шаруашылық қызмет бойынша дебиторлық берешек



3.3

құрылтайшылардың (қатысушылардың) дебиторлық берешегі



3.4

басқа да дебиторлық берешек



4

Қорлар, оның ішінде:



4.1

аффинирленген құйма алтын



4.2

басқа қорлар



5

Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)



6

Негізгі құралдар (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде), оның ішінде:



6.1

ғимараттар мен құрылыстар



6.2

машиналар мен жабдықтар



6.3

басқа да негізгі құралдар



7

Салықтық талап, оның ішінде:



7.1

ағымдағы салық талабы



7.2

кейінге қалдырылған салық талабы



8

Басқа активтер



9

Активтер жиыны




Міндеттемелер



10

Алынған қарыздар, оның ішінде:



10.1

қысқа мерзімді қарыздар (1 жылға дейін қоса алғанда)



10.2

ұзақ мерзімді қарыздар (1 жылдан астам)



11

Кредиторлық берешек, оның ішінде:



11.1

еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлық берешек



11.2

шаруашылық қызмет бойынша кредиторлық берешек



11.3

қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша кредиторлық берешек



12

Салық міндеттемесі, оның ішінде:



12.1

ағымдағы салық міндеттемесі



12.2

кейінге қалдырылған салық міндеттемесі



13

Басқа міндеттемелер



14

Міндеттемелер жиынтығы




Меншікті капитал



15

Жарғылық капитал



16

Резервтер, оның ішінде:



16.1

резервтік капитал



16.2

басқа резервтер



17

Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын), оның ішінде:



17.1

алдыңғы жыл



17.2

есепті кезең



18

Капитал жиыны



19

Капитал мен міндеттемелер жиынтығы



      2-кесте. Кіріс пен шығыс

      (мың теңгемен)

жол коды

Көрсеткіштердің атауы

есепті кезең үшін

1

2

3

1

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс


2

Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша кіріс


3

Сыйақы алуға байланысты кіріс, оның ішінде:


3.1

ағымдағы шоттар бойынша


3.2

орналастырылған салымдар бойынша


3.3

сыйақы алуға байланысты басқа да кіріс


4

Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс


5

Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен кіріс


6

Басқа кіріс


7

Кірістер жиыны


8

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыс


9

Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша шығыс


10

Сыйақы төлеуге байланысты шығыс, оның ішінде:


10.1

алынған қарыздар бойынша


10.2

жалдау бойынша міндеттемелер бойынша


10.3

сыйақы төлеуге байланысты өзге де шығыс


11

Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен шығыс


12

Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен шығыс


13

Комиссиялық шығыс, оның ішінде:


13.1

кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс


13.2

сейфтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс


13.3

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс


14

Операциялық шығыстар, оның ішінде:


14.1

еңбекке ақы төлеу және іссапар шығысы


14.2

амортизациялық аударымдар


14.3

корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыс


14.4

әкімшілік шығыс


15

Өзге де шығыс


16

Шығыстар жиыны


17

Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда (зиян)


18

Корпоративтік табыс салығы


19

Тіркелген салық


20

Корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейінгі таза пайда (зиян)


21

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (зиян)


22

Кезең ішіндегі таза пайда (зиян) жиынтығы


      3-кесте. Корпоративтік табыс салығы бойынша деректер

      (мың теңгемен)

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

есепті кезең үшін (тоқсан)

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін (өспелі жиын)

1

Алдыңғы салық кезеңі үшін бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы



2

Есепті салық кезеңі үшін бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы



3

Есепті салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының болжамды есептеу сомасы



      Қызметкерлер саны (есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша)

      ________________________________________________________________ адам

      Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты

      ____________________________________________________________________

      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы_______________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________

      Орындаушы ______________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "___" _____________

      Ескертпе: нысан "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Қызметін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
арналған лицензиясы негізінде
тек қана айырбастау пункттері
арқылы жүзеге асыратын заңды
тұлғаның активтерінің,
міндеттемелерінің құрылымы
және капиталы, кірістері мен
шығыстары туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есеп (индексі: 9-UO, кезеңділігі – тоқсан сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

      4. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) есепті ұсынуға берілген мерзім өткеннен кейін бір ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-кестеде:

      1) коды 1.1 "кассадағы қолма-қол ақша" жолында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Шоттар жоспары) 1010 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 1.2 "банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша" жолында Шоттар жоспарының 1030 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      2) коды 2.1 "талап етілгенге дейінгі салымдар" жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 03, 1270 22, 1150 12, 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.2.1 "қысқа мерзімді шартты салымдар" жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 05, 1270 24 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.2.2 "ұзақ мерзімді шартты салымдар" жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 02, 2170 24 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.3.1 "қысқа мерзімді салымдар (1 жылға дейін қоса алғанда)" жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 02, 1150 04, 1270 23 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.3.2 "ұзақ мерзімді салымдар (1 жылдан астам)" жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 01, 2170 23 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.4.1 "қысқа мерзімді жинақ салымдары (1 жылға дейін қоса алғанда)" жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 06, 1270 38 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 2.4.2 "ұзақ мерзімді жинақ салымдары (1 жылға дейін қоса алғанда)" жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 03, 2170 22 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      3) коды 3.1 "қызметкерлердің дебиторлық берешегі" жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1250, 1610 01, 1610 03, 2150 және 2910 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 3.2 "шаруашылық қызмет бойынша дебиторлық берешек" жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1210, 1240, 1260, 1620 02, 2110, 2140 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 3.4 "басқа дебиторлық берешек" жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1280 10 және 2180 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      4) коды 4.1 "аффинирленген құйма алтын" жолында Шоттар жоспарының 1370 және 1380 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 4.2 "Басқа қорлар" жолында Шоттар жоспарының 1360 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1350 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      5) коды 5 "Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)" жолында Шоттар жоспарының 2740 және 2750 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2730 шоты бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      6) коды 6 "Негізгі құралдар (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)" жолында Шоттар жоспарының 2420, 2430 және 2450 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2410 және 2440 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      7) коды 7.1 "ағымдағы салық талабы" жолында Шоттар жоспарының 1400 тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 7.2 "кейінге қалдырылған салық талабы" жолында Шоттар жоспарының 2810 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      8) коды 8 "Басқа активтер" жолында Шоттар жоспарының 1630 және 2940 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 8 "Басқа активтер" жолында 3 және 7 кодтары бар жолдарда ескерілмеген активтер ескеріледі;

      9) коды 10.1 "Қысқа мерзімді қарыздар (1 жылға дейін қоса алғанда)" жолында Шоттар жоспарының 3050 06 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 3010, 3020, 3050 05 және 3380 25 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 10.2 "ұзақ мерзімді қарыздар (1 жылдан астам)" жолында Шоттар жоспарының 4030 12 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 4010, 4020, 4030 11 және 4160 23 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      10) коды 11.1 "еңбекақы төлеу бойынша кредиторлық берешек" жолында Шоттар жоспарының 3350 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 11.2 "шаруашылық қызмет бойынша кредиторлық берешек" жолында Шоттар жоспарының 3310, 3340, 3360, 3370, 3510, 4110, 4140, 4150 және 4410 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 11.3 "Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша кредиторлық берешек" жолында Шоттар жоспарының 3030-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      11) коды 12.1 "ағымдағы салық міндеттемелері" жолында Шоттар жоспарының 3100-тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 12.2 "кейінге қалдырылған салық міндеттемелері" жолында Шоттар жоспарының 4310-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      12) коды 13 "Өзге міндеттемелер" жолында Шоттар жоспарының 3540 және 4430-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 13 жолда өзге міндеттемелерде кодтары 10-нан 12-ге дейінгі жолдарда ескерілмеген берешек ескеріледі;

      13) коды 15 "Жарғылық капитал" жолында Шоттар жоспарының 5030 және 5320-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      14) коды 16.1 "резервтік капитал" жолында Шоттар жоспарының 5410, 5420, 5430 және 5450-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 16.2 "басқа да резервтер" жолында Шоттар жоспарының 5460-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      15) коды 17.1 "өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (өтелмеген зиян)" жолында Шоттар жоспарының 5520-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 17.2 "есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (өтелмеген зиян)" жолында Шоттар жоспарының 5610-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      16) 1-кестені толтыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      коды 1 жол = кодтары 1.1 және 1.2 жолдардың қосындысына;

      коды 2 жол = кодтары 2.1, 2.2, 2.3 және 2.4 жолдардың қосындысына;

      коды 2.2 жол = кодтары 2.2.1 және 2.2.2 жолдардың қосындысына;

      коды 2.3 жол = кодтары 2.3.1 және 2.3.2 жолдардың қосындысына;

      коды 2.4 жол = кодтары 2.4.1 және 2.4.2 жолдардың қосындысына;

      коды 3-жол = кодтары 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4 жолдардың қосындысына;

      коды 4 жол = кодтары 4.1 және 4.2 жолдардың қосындысына;

      коды 6 жол = кодтары 6.1, 6.2 және 6,3 жолдардың қосындысына;

      коды 7 жол = кодтары 7.1 және 7.2 жолдардың қосындысына;

      коды 10 жол = кодтары 10.1 және 10.2 жолдардың қосындысына;

      коды 11 жол = кодтары 11.1, 11.2 және 11.3 жолдардың қосындысына;

      коды 12 жол = кодтары 12.1 және 12.2 жолдардың қосындысына;

      коды 16 жол = кодтары 16.1 және 16.2 жолдардың қосындысына;

      коды 17 жол = кодтары 17.1 және 17.2 жолдардың қосындысына;

      коды 18 жол = кодтары 15, 16 және 17 жолдардың қосындысына;

      коды 9 жол = коды 19 жол.

      6. 2-кестеде:

      1) коды 1 "Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6280 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      2) коды 2 "Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6280 01-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      3) коды 3.1 "ағымдағы шоттар бойынша" жолында Шоттар жоспарының 6110 28-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 3.2 "орналастырылған салымдар бойынша" жолында Шоттар жоспарының 6110 29, 6110 31, 6110 30 және 6110 35-шоттары бойынша қалдықтардың сомасы көрсетіледі;

      коды 3.3 "сыйақы алуға байланысты басқа кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6110 34-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      4) коды 4 "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6250 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      5) коды 5 "Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6280 05-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      6) коды 6 "Басқа кіріс" жолында Шоттар жоспарының 6280 06 және 6220-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      7) коды 8 "Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7470 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      8) коды 9 "Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7470 01-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      9) коды 10.1 "алынған қарыздар бойынша" жолында Шоттар жоспарының 7310 24-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 10.2 "жалдау жөніндегі міндеттемелер бойынша" жолында Шоттар жоспарының 7350-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 10.3 "сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7310 25-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      10) коды 11 "Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7430 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      11) коды 12 "Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан болған шығыстар" жолында Шоттар жоспарының 7470 07-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      12) коды 13.1 "кассалық операциялар бойынша қызметтер үшін комиссиялық шығыстар" жолында Шоттар жоспарының 7470 23-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 13.2 "сейф операциялары бойынша қызметтер үшін комиссиялық шығыстар" жолында Шоттар жоспарының 7470 24-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      коды 13.3 "банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметтер үшін комиссиялық шығыстар" жолында Шоттар жоспарының 7470 25-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;

      13) коды 14.2 "амортизациялық аударымдар" жолында Шоттар жоспарының 7490 01 және 7490 05-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 14.3 "корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7220-тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 14.4 "әкімшілік шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7210 және 7450-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      14) коды 15 "Өзге шығыс" жолында Шоттар жоспарының 7420 және 7410-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;

      коды 15 жолда өзге шығыстарға электрондық түрде жүргізілетін айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе компьютерлік жүйені сүйемелдеу, өрт, күзет, дабыл сигнализацияларының техникалық құралдарына қызмет көрсету жөніндегі шығыстар және өзгесі жатады;

      15) коды 18 "Корпоративтік табыс салығы" жолында есепті кезеңде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

      16) коды 21 "Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)" жолында Шоттар жоспарының 6310 және 7510-шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;

      17) 2-кестені толтыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      коды 3 жол = кодтары 3.1, 3.2 және 3.3 жолдардың қосындысына;

      коды 10 жол = кодтары 10.1, 10.2 және 10.3 жолдардың қосындысына;

      коды 13 жол = кодтары 13.1, 13.2 және 13.3 жолдардың қосындысына;

      коды 14 жол = кодтары 14.1, 14.2, 14.3 және 14.4 жолдардың қосындысына.

      7. 3-кестеде:

      1) коды 1 жолда алдыңғы салық кезеңінде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

      2) коды 2 жолда есепті салық кезеңінде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

      3) коды 3 жолда есепті салық кезеңінде бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығының болжамды есептеу сомасы көрсетіледі.

      8. Шоттарды есептілік баптарына топтастыру кезінде олардың қайталануына жол берілмейді.

      9. Топтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысымен бекітілген "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа", Шоттар жоспарына және уәкілетті ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
11-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
11-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 10-CASH-IN-TRANSIT

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" ________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

Жол коды

Көрсеткіш

Мәні немесе сомасы

1

Есепті кезең ішінде үй-жайларда өзгерістердің болуы (иә, жоқ)


2

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының саны, оның ішінде:


2.1

меншік құқығында


3

Жарғылық капитал (миллион теңге)


3.1.

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға ғана арналған жарғылық капитал (миллион теңге)


3.2

Банкноттарды, монеталар және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктердің тапсырмасы бойынша банктерге және олардың клиенттеріне беру жөніндегі қосымша қызметті жүзеге асыруға арналған жарғылық капитал (миллион теңге)


4

Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)


4.1.

Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)


4.2.

Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)


5.

Атқарушы органның басшысы туралы мәліметтер (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)


5.1.

Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)


5.2.

Жоғары білімнің болуы (бар, жоқ)


5.3.

Қаржылық қызмет көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы (бар/жоқ)


5.4.

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының бар болуы (болмауы) туралы мәліметтер (бар, жоқ)


5.5.

Денсаулық сақтаудың психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарында есепте тұрмағандығы туралы мәліметтер (бар, жоқ)


5.6.

Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)


6.

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі функциялары бар заңды тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер


6.1.

Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)


6.2.

Денсаулық сақтаудың психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарында есепте тұрмағандығы туралы мәліметтер (бар, жоқ)


6.3.

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының бар болуы (болмауы) туралы мәліметтер (бар, жоқ)


6.4.

Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)


7

Қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттары туралы мәліметтер (нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі)


8

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялаудың қолданыстағы шарттарының саны (объектілер санын ашып көрсете отырып)


9

Есепті кезеңде инкассацияланған қолма-қол ақшаның көлемі (мың теңге)


9.1.

оның ішінде 1 (бір) инкассатор тасымалдайтын қолма-қол ақша көлемінің орташа сомасы (мың теңге)


10

Қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю және сақтау бойынша қосымша қызметті жүзеге асыру (иә/жоқ)


11

Жұмыскерлердің тізімдік саны, оның ішінде:


11.1.

басқарушы персонал


11.2.

техникалық персонал


11.3.

инкассаторлар


11.4

өзге де қызметкерлер


12

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс (мың теңге)


13

Екінші деңгейдегі банктердегі және Ұлттық пошта операторындағы шоттардағы ақша (мың теңге)


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________

      Орындаушы _________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, Телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ___________________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "__" ______________

      Ескертпе: нысан "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғалар есебі" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі (индексі - 10-CASH-IN-TRANSIT, кезеңділігі - тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. 1-жолда есепті кезең ішінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассациялық ұйымдар) үй-жайларында өзгерістердің (орналасқан жерінің, ауданының өзгеруі, үй-жайлардың құрылысындағы өзгерістер) болуы (болмауы) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      4. 2-жолда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының жалпы саны көрсетіледі.

      2.1-жолда инкассаторлық ұйымға меншік құқығында тиесілі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының саны көрсетіледі.

      5. 3-жолда ақшалай нысанда толық көлемде қалыптастырылған жарғылық капитал көрсетіледі.

      3, 3.1, 3.2-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19612 болып тіркелген "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензия беру қағидалары) сәйкес ұсынылған жарғылық капитал туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.

      6. 4-жолда инкассаторлық ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.

      4, 4.1 және 4.2-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.

      7. 5-жолда инкассаторлық ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.

      5, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5 және 5.6-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған басшы туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.

      8. 6-жолда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі функциялары бар инкассаторлық ұйым қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

      6, 6.1, 6.2, 6.3 және 6.4-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі функциялары бар инкассаторлық ұйымның қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.

      9. 8-жолда қызмет көрсетілетін инкассация объектілерінің жалпы санын көрсете отырып, есепті күні қолданыста болған және инкассаторлық ұйым орындайтын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау шарттарының жалпы саны көрсетіледі.

      10. 9-жолда есепті кезеңде инкассаторлық ұйым нақты инкассациялаған қолма-қол ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.

      9.1-жолда 1 (бір) инкассатор тасымалдайтын қолма-қол ақша көлемінің орташа сомасы көрсетіледі.

      11. 11-жолда инкассаторлық ұйым Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген "Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына сәйкес деректер көрсетіледі.

      12. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықпен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
12-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
12-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 11-CASH

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20__ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық пошта операторы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей.

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      1-кесте. Клиенттердің операциялары бойынша мәліметтер

Көрсеткіштің атауы

Мәні (сомасы)

1

2

3

1

Референс


2

Өңір


3

Есеп айырысу-кассалық бөлімше


4

Операция санаты


5

Клиент түрі


6

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


7

Клиенттің экономикалық қызмет түрі


8

Операция түрі


9

Сомасы


      2-кесте. Кассалық операциялар бойынша мәліметтер

Көрсеткіштің атауы

Мәні (сомасы)

1

2

3

1

Референс


2

Өңір


3

Операция санаты


4

Операция түрі


5

Сомасы


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________

      Орындаушы __________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "___" ______________

      Ескертпе: нысан "Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Қолма-қол ақшамен
операциялар туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп (индексі – 11-CASH, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.

      3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

      4. Нысанның мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) электрондық құрылғылар – POS-терминалдарды қоспағанда, қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру жөніндегі кассалық операцияларға не операциялардың өзге де түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растайтын құжаттарды қалыптастыруға арналған банкоматтар, электрондық терминалдар және өзге де құрылғылар;

      2) POS-терминал – төлем карточкаларын пайдалана отырып және Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесімен қосыла отырып, қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы.

      5. Егер тиісті көрсеткіштің осы Түсіндірмесінде өзгеше көзделмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады. 

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Есеп нысанында заңды (барлық меншік нысанындағы), жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер кассалар, электрондық құрылғылар және Ұлттық пошта операторының POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырған операциялар (кіріс, шығыс) туралы мәліметтер беріледі.

      7. 1 және 2-кестелердің 1-жолы есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде есеп жолының сәйкестендірушісі болып табылатын референсті көрсетуге арналған. Референс Ұлттық пошта операторы үшін қолма-қол ақшамен операция туралы мәліметтерді ұсынатын бірегей болып табылады.

      8. 1-кестенің 2, 3, 4, 5, 6 және 8-жолдарында және 2-кестенің 2, 3 және 4-жолдарында мәндер Нысан берілетін ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан көрсетіледі.

      9. 1-кестенің 3-жолында Ұлттық пошта операторы жүргізетін анықтамалыққа сәйкес қолма-қол ақшамен кіріс-шығыс операциясы жүзеге асырылған Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық бөлімшесі көрсетіледі.

      Көрсеткіш электрондық құрылғылар және POS-терминалдар арқылы жасалған қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын қоспағанда, барлық операциялар бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады.

      10. 1-кестенің 6-жолында кәсіпкерлік субъектісінің санаты (заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттер бойынша) көрсетіледі.

      11. 1-кестенің 7-жолында "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы" ҚР ҰС 03-2019 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттердің экономикалық қызметінің түрі көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 8-жолы мынадай кіріс және шығыс баптарына сыныпталады:

      1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:

      "Тауарларды, қызметтерді және орындалған жұмыстарды өткізуден түсетін түсімдер" бабында:

      барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден;

      сауда, сол сияқты саудамен айналыспайтын кәсіпорындардың тауарларды сатуынан;

      заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің негізгі қызметін құрайтын қызметтер мен жұмыстар: тұрмыстық, медициналық, заңгерлік, жөндеу-құрылыс, салт-дәстүрлік қызметтер мен білім беру саласындағы қызметтер түрлерінен;

      заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден банк қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуге қолма-қол ақшаның (бюджетке төлемдерді қабылдау үшін бланкілер үшін алымдар және басқалары) түсуі;

      заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қызметінің негізгі түріне жатпайтын, бірақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтер мен жұмыстардың жоғарыда аталған түрлерінен, сондай-ақ басқа да қызметтер түрлерін көрсетуден қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Шоттарға түсімдер" бабында салымдарды, ағымдағы және карточкалық шоттарды толықтыру үшін Ұлттық пошта операторының кассаларына заңды, жеке тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) Қазақстан Республикасы бойынша бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер" бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Ақша аударымдары жүйелері арқылы (шот ашпастан) шетелге бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер" бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Қарыздарды өтеу" бабында қарыздарды өтеу және олар бойынша есептелген сыйақы есебіне жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарына қолма-қол ақша түсімдері, сондай-ақ басқа қаржы ұйымдарында ресімделген қарыздарды өтеу үшін шот ашпастан төлемдерді қабылдау көрсетіледі;

      "Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдері" бабында жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарына электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Қолма-қол ақша кірісінің" жоғарыда келтірілген баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақша түсімдері" бабында жоғарыда келтірілген "Қолма-қол ақша кірісі" баптары бойынша ескерілмеген барлық өзге де түсімдер көрсетіледі;

      2) қолма-қол ақша шығысының баптары:

      "Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеуге беру" бабында заңды тұлғалар мен барлық меншік нысанындағы дара кәсіпкерлерге тауарларға, көрсетілетін қызметтер мен орындалған жұмыстарға есеп айырысу үшін, шаруашылық және өкілдік шығысқа, оның ішінде заттарды, асыл тастар мен бағалы металдарды, өнер заттарын, антиквариат пен қолөнер бұйымдарын сатып алуды жүргізуге, кәдеге жарату шикізатын, металл сынықтарын дайындауға, халықтан шыны ыдыстарды сатып алуға құқығы бар заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Шоттардан беру" бабында Ұлттық пошта операторының жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы, карточкалық шоттарынан қолма-қол ақша беруі, салымдар мен олар бойынша сыйақыны қайтаруы көрсетіледі;

      "Қазақстан Республикасы бойынша жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) бір жолғы аударым бойынша қолма-қол ақша беру" бабында Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардан ақша аударымдары бойынша түсімдер есебінен (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) шетелден бір жолғы аударым бойынша қолма-қол ақша беру" бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардан ақша аударымдары бойынша түсімдер есебінен (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Қарыздар беру" бабында жеке, заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мақсаттарға ағымдағы шоттан қолма-қол ақшамен қарыздар беру көрсетіледі;

      "Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беру" бабында жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарынан электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру" бабында POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Қызметкерлермен есеп айырысу үшін қолма-қол ақша беру" бабында еңбекақыны, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде аурухана парағы бойынша төлеуді, іссапар бойынша шығысты өтеуді немесе төлеуді, демалыс төлемдерін, сыйлықақыларды, қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақыларды, жәрдемақыларды және басқасын қоса алғанда, еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері бойынша есеп айырысу үшін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарынан қолма-қол ақша беру көрсетіледі.

      "Жоғарыда келтірілген "Қолма-қол ақша шығысының" баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақша беру" бабында жоғарыда келтірілген "Қолма-қол ақша шығысының" баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақшаның өзге де берілуі көрсетіледі.

      13. 2-кестенің 4-жолы мынадай кіріс және шығыс баптарына сыныпталады:

      1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:

      "Электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері" бабында электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;

      "Ұлттық пошта операторының айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатудан түсетін түсімдер" бабында Ұлттық пошта операторының меншікті айырбастау пункттерінен сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметті тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың шетел валютасын сатудан түсетін түсімдері" бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардан сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына қолма-қол ақша түсімдері" бабында Ұлттық пошта операторының операциялық кассаларын нығайту үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;

      "Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына оның кассалық бөлімшелерінен және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақша түсімдері" бабында:

      Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына оның Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан дербес операциялық кассаларынан (қолма-қол ақшаның Ұлттық пошта операторының желісі бойынша қозғалысы: бас офистің кассасы, филиалдың кассасы, Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан кассасы);

      Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;

      2) қолма-қол ақша шығысының баптары:

      "Есепті кезеңнің соңындағы операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығы" бабында есепті кезеңнің соңындағы Ұлттық пошта операторының операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтары көрсетіледі;

      "Электрондық құрылғыларды тиеу үшін қолма-қол ақша беру" бабында электрондық құрылғыларды нығайту үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Ұлттық пошта операторының өз айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беруі" бабында өз айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беруі көрсетіледі;

      "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметті тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру" бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;

      "Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақшаны тапсыруы" бабында Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына берген қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі;

      "Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан оның кассалық бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына қолма-қол ақша беру" бабында:

      Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан оның Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан дербес операциялық кассаларына (қолма-қол ақшаның Ұлттық пошта операторының желісі бойынша қозғалысы: бас офистің кассасы, филиалдың кассасы, Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан кассасы);

      Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына қолма-қол ақша беру көрсетіледі.

      14. 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік кіріс операциялары бойынша (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдерін қоспағанда) және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық кіріс операциялары бойынша жиынтық сома 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік шығыс операциялары бойынша (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақшаны беруді қоспағанда) және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық шығыс операциялары бойынша жиынтық сомаға тең.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 82 қаулыға
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
13-қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-3-бабының 1-1-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.

2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі

      2. Есептілік Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде ақпаратты жүктеу кезінде нысан ішіндегі бақылау жүзеге асырылады. Нысан ішіндегі бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер табылған жағдайда ақпарат ақпараттық жүйемен қабылданбайды.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесіне нысан ішіндегі бақылаудан өткен көрсетілген есепті кезең үшін ақпараттың соңғы жүктелген нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.

      5. Басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікті куәландыру есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

      7. Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жеке тұлға қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

      8. Балама сәйкестендіру нөмірі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бейрезидент-контрагенттері сәйкестендіргіштерінің бірі ретінде қызмет етеді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, есептілікті ұсынатын ұйым үшін бірегей және банк ұйымдарының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы тұлғамен өзара қарым-қатынасы кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.

      9. Респондент клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

      10. Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздейтін нысандарда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның ақпараттық жүйесінде мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) көрсетіледі. Референс мәні жолында мәтіндік деректер форматы бар және мәтіндік және (немесе) сандық элементтер болады.

      Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздемейтін нысандарда референс ретінде мынадай тәртіппен қалыптастырылатын ұсынылатын деректер жиынының бірегей нөмірі көрсетіледі:

      алғашқы сегіз таңба – "ЖЖЖЖККАА" форматындағы есепті күн, мұндағы "ЖЖЖЖ" – жыл, "КК" – күн, "АА" – ай;

      бір таңба – белгіленген бөлгіш "_";

      соңғы алты таңба – реттік нөмірі (000001-ден 999999-ға дейін).

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның ақпараттық жүйесінде мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) болмаса банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген алгоритмді пайдаланады.

      11. Есептілікті жасау мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеуде көрсетіледі.

      12. Қағидаларда көзделген есептер нысандарының кез келген кестесі бойынша деректер болмаған кезде ол бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке осы кесте бойынша мәліметтерді ұсынудың белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде еркін нысанда жасалған және есеп беретін ұйымның басшысы қол қойған қағаз тасымалдағыштағы немесе электрондық түрдегі тиісті хат арқылы хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады