Квазимемлекеттік сектордың 2025 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда № 35556 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2025 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 115 Бұйрыққа
қосымша

Квазимемлекеттік сектордың 2025 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

Р/с №

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттарының доллары*

1

2

3

4

1

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

7 501 670

15 961

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

2 722 710

5 793

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттарының доллары үшін 470 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады