"Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 83 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 886 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда № 35559 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен қаулы мен бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) Қағидалардың 4-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "4. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының немесе импортының күні:

      1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – тауарларға арналған декларацияда көрсетілген, тауардың экспорт немесе импорт ретінде сыртқы сауданың кедендік статистикасында есепке алынатын кеден рәсімі болып орналастырылғанын растайтын, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратта Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі көрсетілген тауарларды шығару күні;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағының ішінде өткізген кезде:

      импорт үшін – тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген тауарды есепке қабылдаған күн;

      экспорт үшін – шот-фактураның тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген күні;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жағдайларда:

      тауарларды уақытша әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген күн немесе алыс-беріс шикізатын есепке алу күні;

      қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепте көрсетілген күн;

      шет мемлекеттің тауарларына арналған декларацияда тауарлардың шығарылғанын, тауарлардың берілуін, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы нақты өткізбестен немесе Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) өткізбестен жасалғанын растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

      нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні немесе нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін электрондық шот-фактураны жазып берген күн;

      жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні болып табылады.";

      2) Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшаның қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасында есепке алынатын кеден рәсімдерінің бірі болып орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратта Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі көрсетілген тауарлар болып табылады.";

      3) Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңа есептік тіркеу банкіне Ұлттық Банкте бар мынадай:

      1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы;

      2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы;

      3) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініштер бойынша ақпарат жібереді.";

      4) Қағидалардың 37, 38 және 39-тармақтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "37. Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі бөлінісінде Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күніне дейінгі мерзімде ай сайын жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банктері болып табылатын уәкілетті банктерге және есептік тіркеу банктері болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жібереді.

      38. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі негізінде Ұлттық Банкке Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша ақпарат алуға электрондық сұратуды (бұдан әрі – электрондық сұрату) ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      Ұлттық Банк валюталық шарттың есептік нөмірі бойынша мәліметтерді қоспағанда, ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органына есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан алынған электрондық сұратуды қайта жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органы электрондық сұратуды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке ақпараттық жүйе арқылы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат береді.

      Ұлттық Банк ақпараттық жүйе арқылы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке немесе электрондық сұратуға бастамашылық жасаған есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша мемлекеттік кірістер органынан алынған ақпаратты осындай ақпаратты алған күні береді.

      Мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпаратты, Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар жүргізілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпаратты:

      жаңасына ауыстыруға байланысты кері қайтарып алу кезінде импортталған тауарлардың бағасы ұлғайған жағдайда өзгертілген және алдыңғы құн арасындағы айырманы көрсете отырып ұсыну кезінде – Еуразиялық экономикалық одақтың салық органдары тауарларды әкелу туралы өтінішті қабылдау туралы ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      алып тастауға байланысты кері қайтарып алу кезінде – тауарларды әкелу туралы өтініштің мәртебесі өзгерген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына тауарларды әкелу туралы өтініштер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта жібереді.

      39. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды адамы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру талап етілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға декларацияны ресімдеу кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы тауарларға арналған декларацияда мәлімдеген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін Қағидалардың 34-тармағына сәйкес есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша алынған ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы нақты ақпаратпен сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларға арналған декларацияға тиісті түзетулер енгізеді.";

      5) Қағидалардың 47-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "47. Мемлекеттік кірістер органы мен Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелеріндегі тауарларға арналған декларациялардан, тауарларды әкелу туралы өтініштерден алынған мәліметтерде алшақтықтардың болмау және (немесе) болу фактісі белгіленген кезде Қағидалардың 46-тармағында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Ұлттық Банкке дәйекті деректерді жіберу қажеттілігі туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар етеді.";

      6) Қағидалардың 51-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "51. Мемлекеттік кірістер органы репатриациялау талабын бақылау үшін есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты ай сайын жібереді.";

      7) Қағидалардың 53-тармағының екінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Мемлекеттік кірістер органы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты жібереді.";

      8) Қағидалардың 56-тармағының бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "56. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтайды және Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда есептік тіркеу банкінің ақшаның қозғалысы, тауарлардың өткізілуі, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі туралы ақпаратын алған сәттен бастап немесе мемлекеттік кірістер органында бар ақшаның қозғалысы, тауарлардың өткізілуі, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі туралы ақпарат негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен шығарады және Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтайды және Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Ұлттық Банктен есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерінің қайта басталуы туралы ақпаратты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен шығарады және Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.";

      Осы бірлескен қаулымен және бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктік бақылаудың жеке карточкасы – уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалының экспорттаушының немесе импорттаушының репатриациялау талабын, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір алуға берілген өтініш мерзімін, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлар туындағанын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімін бұзу белгісінің болуы туралы ақпараты;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшесі), уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты берілетін деректердің жасырындылығын және теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен беруді жүзеге асырады.

      Ұлттық Банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесінен көшіріп алу жолымен ұсынуына жол беріледі.

      Мемлекеттік кірістер органының Қағидаларда көзделген ақпаратты Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен ұсынуына жол беріледі.

      Техникалық себептер бойынша ақпаратты электрондық тәсілмен беру мүмкін болмаған кезде уәкілетті банктің (оның филиалының) ақпаратты қағаз тасымалдағышта беруіне жол беріледі. Мұндай жағдайда бұрын қағаз тасымалдағышта ұсынылған ақпарат техникалық себептер жойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық тәсілмен жіберілуге тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органы Қағидаларға сәйкес алынған ақпараттың жасырындылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алып тастайды.

      Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу экспортердің немесе импортердің еркін нысанда берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қағидалардың 26-тармағының 2), 3), 13) және 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу туралы өтініште экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың қолданылуын тоқтату туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.

      Қағидалардың 26-тармағының 5), 6), 7), 8), 15), 16), 17), 18), 19), 21) және 22) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, есептік нөмір берілген күннен кейін күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен соң міндеттемелері орындалмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қатысты Қағидалардың 26-тармағының 20) тармақшасында көзделген негіз бойынша, сондай-ақ Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу экспорттаушының немесе импорттаушының тиісті өтінішін алмастан жүзеге асырылады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорттаушының немесе импорттаушының есептік тіркеуден алу негіздерін растайтын құжаттармен бірге өтініші келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алуды жүзеге асырады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 22 және 31-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы экспорттаушыға немесе импорттаушыға еркін нысанда хабарлайды.

      Есептік тіркеуден алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша досье есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкте (оның филиалында) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалында экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде сақталады.

      26. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден шығару үшін мыналар:

      1) Қағидалардың осы тармағының 23) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық көлемде орындауы, бас тартылған, мақұлданған, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік органның актісін орындау, шығару мүмкін болмаған жағдайларда, экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы;

      2) бейрезидентке бұрын алынған тауарларды, электрондық ақшаны қайтару, бейрезидентке зияткерлік меншік объектілеріне бұрын берілген ішінара айрықша құқықтарды қайтару, бейрезидентке бұрын жалға алу үшін берген мүлкін қайтару не бейрезиденттің міндеттемелерін орындамауына байланысты бейрезиденттің импорт жөніндегі валюталық шартты төлеуге алған пайдаланылмаған аванстық төлемді импорттаушыға қайтаруы;

      3) бейрезидент тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұрын жөнелтілген тауарларды, электрондық ақшаны экспорттаушыға қайтаруы, экспорттаушыға зияткерлік меншік объектілеріне бұрын берілген ішінара айрықша құқықтарды қайтаруы, экспорттаушыға бұрын жалға беру үшін берілген мүлікті қайтаруы не экспорттаушы тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда экспорттаушы экспорт жөніндегі валюталық шартты төлеуге алған валютаны бейрезидентке қайтаруы;

      4) экспорттаушы немесе импорттаушы бейрезидент алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған бейрезидент тарапынан шағым-талаптың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;

      5) дара кәсіпкерлікті жеке жүзеге асыратын экспорттаушының немесе импорттаушының Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;

      6) тараптардың міндеттемелерді балама орындауы немесе бейрезиденттің не экспорттаушының немесе импорттаушының 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың болмауы;

      7) бейрезидентті тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

      8) экспорттаушыны немесе импорттаушыны тарату және құқықтық мирасқордың болмауы;

      9) Қағидалардың осы тармағының 21) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 9-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда репатриациялау талаптарының толық орындалуы;

      10) ақшалай талапты басқаға бере отырып (факторинг) қаржыландыруға арналған шарт шеңберінде экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына ақшаның түсуі;

      11) уәкілетті банкті барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру;

      12) уәкілетті банктің (оның филиалының) тараптар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған не бейрезиденттің 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешегінің қалдығы болған кезде импорттаушы импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есеп айырысу үшін шығарған бейрезидент ұсынған вексельді есепке алуы;

      13) Қағидалардың 64-тармағын ескере отырып, бейрезиденттің келісімін растайтын құжаттар негізінде экспорттаушының немесе импорттаушының басқа резидентке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент алдындағы өз борышын аударуы;

      14) Қағидалардың 64-тармағын ескере отырып растайтын құжаттар болған кезде экспорттаушының немесе импорттаушының бейрезидентке талап ету құқығын басқа резидентке беруі;

      15) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспорттаушының немесе импорттаушының қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылуы туралы мемлекеттік орган немесе өзге уәкілетті орган құжатының болуы;

      16) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алуға жатқызған күннен бастап 3 (үш) жыл өтуі;

      17) экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидалардың 2124-тармақтарын ескере отырып, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік тіркеу банкін өзгертуі;

      18) уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату;

      19) Қағидалардың 65-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, сот органының немесе өзге де мемлекеттік органның, төреліктің бейрезиденттен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алуы және (немесе) оның өтеуі туралы шешімінің болуы;

      20) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

      21) бейрезидент пен экспорттаушы немесе импорттаушы арасындағы бастапқы міндеттемені осы тұлғалар арасындағы өзге нысандағы немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстыра отырып бейрезиденттің шарт бойынша міндеттемелерін тоқтату;

      22) КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес іскерлік қатынастарды тоқтату;

      23) экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін тоқтату туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттары (болған жағдайда) болған кезде бейрезиденттің не резиденттің 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешегі қалдығының болуы негіз болып табылады.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден шығарылған, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерінің қайта басталғаны жөнінде ақпарат беру туралы сұратуын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жібереді.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер экспорт немесе импорт жөніндегі осындай валюталық шарттар бойынша экспорттаушы алған немесе импорттаушы жіберген ақшаның жалпы сомасы есепті айда 100 000 (бір жүз) мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банк Ұлттық Банкке есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін (қоса алғанда) репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер органына берілетін, Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 100 000 (бір жүз) мың Америка Құрама Штаттарының доллары баламасынан асатын сомаға экспорт немесе импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты жібереді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған, Қағидалардың 41-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың соңғы күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органына жібереді.";

      43-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осындай шарт бойынша басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) ақша түскен кезде соңғысы өзінің резидент клиентінің банктік шотына Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті банкке (оның филиалына) экспорттаушының немесе импорттаушының тиісті нұсқауы (төлем құжаты) негізінде түскен ақшаны келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аудара отырып есепке алады. Экспорттаушы немесе импорттаушы ақша аударуға арналған нұсқауға есептік нөмір беру туралы белгі қойылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт парағының көшірмесін не валюталық шартқа есептік нөмір беру туралы еркін нысандағы хабарламаның көшірмесін қоса береді.

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай) Ұлттық Банкке Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын мынадай жағдайларда:

      1) репатриациялау мерзімі аяқталса, ал экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент орындамаған міндеттемелер сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан асқан жағдайда;

      2) экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзған жағдайда;

      3) экспорттаушы немесе импорттаушы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тараптардың экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімін бұзған жағдайда жібереді.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Ұлттық Банктен банктік бақылаудың жеке карточкасын және (немесе) Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу белгілерінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізгеннен және оны анықтағаннан кейін экспорттаушыға немесе импорттаушыға мыналарды:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын қамтамасыз етпеу, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге уақтылы өтініш жасамау, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындауын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды уақтылы ұсынбау себептері туралы жазбаша түсініктемелер;

      2) бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрату жібереді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты мынадай мерзімдерде:

      1) Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша – репатриациялау талабын орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты шығарылған сот шешімін алған немесе тұрақты орналасқан жері бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының жоқ екені анықталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) Қағидалардың 52-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша – Қағидалардың 26-тармағының 22) тармақшасында көзделген негіз бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу туралы ақпаратты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      3) Қағидалардың 52-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша – Қағидалардың 71-тармағының төртінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде жеке есепке жатқызады.

      Мемлекеттік кірістер органы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты жібереді.

      55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтауға арналған негіздер мыналар:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт жеке есепке жатқызылған күннен бастап 3 (үш) жыл өткеннен кейін;

      2) Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын, тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді қайта бастау;

      3) тараптардың экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындауы немесе Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезиденттің не резиденттің 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын берешегі қалдығының болуы;

      4) экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша жаңа есептік тіркеу банкіне ауысуы болып табылады.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен алып тастайды және Қағидалардың 56-тармағында көзделген тәртіппен оны бұрын осы шартты есептік тіркеуді жүзеге асырған уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе бұрын осы шартты есептік тіркеуді жүзеге асырған Ұлттық Банктің аумақтық филиалына валюталық бақылауға береді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен алып тастайды және Қағидалардың 56-тармағында көзделген тәртіппен оны жаңа есептік тіркеу банкіне валюталық бақылауға береді.

      56. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтайды және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда ақшаның қозғалысы, тауарлардың өткізілуі, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі туралы есептік тіркеу банкінің ақпаратын алған сәттен бастап немесе мемлекеттік кірістер органында бар ақшаның қозғалысы, тауарлардың өткізілуі, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі туралы ақпарат негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен шығарады және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтайды және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 55-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Ұлттық Банктен есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерінің қайта басталуы туралы ақпаратты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есептен шығарады және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Ұлттық Банк мемлекеттік кірістер органынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты, осы тармақтың екінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жібереді.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген, Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банктен алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 26-тармағы 16) тармақшасының негізінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алады және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      57. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысы, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету қайта басталған жағдайда Ұлттық Банкке Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жібереді (Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органы жіберетін тауарлардың қозғалысы, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі туралы ақпаратты қоспағанда).

      Ұлттық Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жібереді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Жеке сот орындаушысының шотына қызмет көрсететін банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша атқарушылық құжаттар негізінде ақша аударымы жүзеге асырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушының немесе импорттаушының есептік тіркеу банкі туралы ақпарат қамтылған жеке сот орындаушысының жазбаша келісімі негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты жібереді.";

      5-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев
     
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау жəне

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 886 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 83 бірлескен қаулы
мен бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_2

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20 ___ жылғы "____" ___________ үшін

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) есептік нөмір берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есептік тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған күннен кейін;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін.

      БСН: _______________________

      Жинау әдісі: электрондық түрде

  Есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Нөмірі

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Валютасы

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы

Бейрезидент жөніндегі ақпарат

Репатриациялау мерзімі

Валюта
лық шартты есептік тіркеуден алу

Валюталық шартты жеке есепке жатқызу

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімнің аяқталғаны туралы хабарлама

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Елдің коды

Күні

Негіздеме

Күні

Негіздеме

14

15

16

17

18

19

20

21









      Атауы _________________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы _________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ _____________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт
бойынша ақпарат"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат (индексі – XMCO_2, кезеңділігі – күн сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нысанды толтырған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 22-тармағының 3) тармақшасына, 33, 34, 55, 56 және 60-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар болған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жіберіледі:

      1) есептік нөмір берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есептік тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған.

      7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.

      9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "4" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделмеген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "5" – электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарт.

      10. 4-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

      11. 5-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      12. 6-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      13. 7-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі және егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      14. 8-бағанда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      15. 9-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

      21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік тіркеуден алынған күні көрсетіледі.

      24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 26-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.

      25. 19-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 53-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу күні көрсетіледі.

      26. 20-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 52-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі:

      "1" – экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты репатриациялау талабын орындамағаны және бұл ретте репатриацияның одан әрі бақылауына жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюта шарты бойынша ақша қозғалысының, тауарларды өткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің болмағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде шығарылған сот шешімінің болуы;

      "2" – экспорттаушының немесе импорттаушының оның тұрақты тұратын немесе тұрған жері бойынша болмауы;

      "3" – есептік тіркеу банкі болған уәкілетті банк (оның филиалы) қабылдаған экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешімнің болуы;

      "4" – есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      27. 22-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімнің аяқталу күні көрсетіледі.

      28. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрды мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      29. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 886 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 83 бірлескен қаулы
мен бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы № ______ /______/______

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_8

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ________ ай үшін

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, Ұлттық Банктің есептік тіркеу банкі болып табылатын аумақтық филиалы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай)

      БСН: _______________________

      Жинау әдісі: электрондық түрде

  Есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
____________________________

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10


2.

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат:

20


3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

21


4.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

22


5.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

23


6.

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

24


7.

Мекенжайы

25


8.

Облыс коды

26


9.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері:

30


10.

Нөмірі

31


11.

Күні

32


12.

Уәкілетті банктің БСН:

40


13.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат:

50


14.

Экспорттың немесе импорттың белгісі

51


15.

Нөмірі

52


16.

Күні

53


17.

Сомасы мың бірлікпен

54


18.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасы

55


19.

Бейрезидент бойынша ақпарат:

60


20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

61


21.

Елі

62


22.

Репатриациялау мерзімі:

70


23.

Бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат:

80


24.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт валютасымен

81


25.

Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен

82


26.

Ескертпе:

90


      Атауы _____________________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________________

      Орындаушысы _________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      ____________________________________________ _________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан "Банктік бақылаудың жеке карточкасы" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Банктік бақылаудың
жеке карточкасы"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банктік бақылаудың жеке карточкасы (индексі – XMCO_8, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Банктік бақылаудың жеке карточкасы" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай) жібереді.

      4. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нысанды толтырған кезде қолда бар ақпаратты пайдаланады:

      1) есепті айдың (репатриациялау мерзімі біткен айдың) соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент орындамаған міндеттемелер;

      2) экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өтініш мерзімін бұзуы;

      "3" – Қағидалардың 17-тармағында көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімінің бұзуы.

      5. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      6. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      7. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлігінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

      2) екінші бөлікте уәкілетті банк үшін (оның филиалдарын ескере отырып) банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

      8. 10-коды бар жолда мыналар көрсетіледі:

      "1" – бейрезиденттің есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;

      "2" – экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өтініш мерзімін бұзуы;

      "3" – Қағидалардың 17-тармағында көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімінің бұзуы.

      9. 22-коды бар жолда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      10. 23-коды бар жолда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      11. 24-коды бар жолда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      12. 26-коды бар жолда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілерінің сыныптауышы" Қазақстан Республикасы ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      13. 31-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      14. 32-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      15. 40-коды бар жолда есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалының БСН көрсетіледі.

      16. 51-коды бар жолда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      17. 52-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      18. 53-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      19. 55-коды бар жолда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. 62-коды бар жол ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің коды" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырылады.

      21. 70-коды бар жолда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      22. 81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

      23. 90-коды бар жолда уәкілетті банк, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы кез келген өзге қосымша ақпаратты көрсетеді.

      24. Банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде Ұлттық Банкке жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы алғашқы рет банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, 20-70 кодтары бар жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, осы жолдарды толтырмай, банктік бақылаудың жеке карточкасын жібереді.

      25. 32, 53-кодтары бар жолдар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      26. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады