"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35593 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Б. Омарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 118 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 70 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 139-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – кәсіпорын) басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың талаптары, оның 6-тарауын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      4. Кәсіпорын басшысын тағайындауды және аттестаттау жүргізуді, сондай-ақ оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары) жүргізеді.

      5. Кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

2-тарау. Кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі

      6. Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатураларды іріктеу кезінде мыналар негізгі талаптар болып табылады:

      1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

      2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;

      3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

      7. Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

      1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

      2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

      8. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты):

      1) конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурсты өткізу шарттарын, күні мен орнын белгілейді;

      3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырады, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өкілдерінің арасынан Комиссия төрағасын және Комиссия хатшысын тағайындайды.

      9. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      10. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) шешімді енгізеді.

      11. Кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      12. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) конкурстың өткізілетін күні мен орнын;

      2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауын, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасын;

      3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды;

      4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімін;

      5) конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

      13. Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

      Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кестесі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілінде Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін орналастырылады.

      15. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

      Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      16. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

      Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.

      17. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.

      Комиссия мүшелері ерекше пікір білдірген жағдайда, ол жазбаша нысанда баяндалып, хаттамаға қоса тіркеледі.

      Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Комиссия хаттамасы тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      18. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін 2 (екіден) кем кандидат конкурстық өтінім ұсынса не конкурстық өтінімдер түспесе немесе кері қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурстық Комиссия конкурсты өтпеді деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      19. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу

      20. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Комиссия шешімдерінің негізінде кәсіпорынның басшысын тағайындау мәселесі жөніндегі ұсынысты байқау кеңесіне келісуге енгізеді.

      21. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган

      не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.

      22. Байқау кеңесі ұсынылған кандидатура бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысын сайлау бойынша қайта конкурс өткізеді. Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұсынған кәсіпорын басшысының кандидатурасын көп дегенде 2 (екі) рет келіспеуге құқылы.

4-тарау. Басшы лауазымына тағайындау

      23. Комиссияның оң шешімін алған және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісімін алған конкурсқа қатысушымен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы еңбек шартын (бұдан әрі – шарт) жасасады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады, онымен кәсіпорынның басшысы танысады.

      Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісімін алған конкурсқа қатысушы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

      24. Шарт кемінде 1 (бір) жыл және тараптардың келісуімен айқындалатын 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шарт тараптардың келісуі бойынша ұзартылады немесе 1 (бір-ақ) рет жаңа мерзімге жасалады.

      Қайта жасалған шарттың мерзімі өткеннен кейін бұрын кәсіпорын басшысы лауазымын атқарған адам осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен конкурстық негізде кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеуге қатыса алады.

      Шартта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) шартты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұзады.

      25. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Кодекске сәйкес:

      республикалық мемлекеттік кәсіпорынның – тиісті саланың уәкілетті органымен;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның – жергілікті атқарушы органмен немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.

      Еңбек шартында Кодексте белгіленген талаптардан басқа, кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бір бөлігін бюджетке уақтылы аударылмағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.

      26. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысымен шартты бұзу мәселесін алдын ала байқау кеңестерімен келіседі.

5-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі

      27. Тиісті саланың уәкілетті органы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына ашық конкурс жариялайды.

      28. Тиісті саланың уәкілетті органы:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізу шарттарын, уақыты мен орнын белгілейді;

      3) Республикалық конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) қалыптастырады.

      29. Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде 7 (жеті) адамды құрайды.

      30. Тиісті саланың уәкілетті органы функцияларын осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жүзеге асырады.

      31. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн бұрын жарияланады.

      32. Конкурс өткізу туралы хабарландыру осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

      33. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) басшылық лауазымда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы болып табылады.

      34. Конкурсқа осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет білдіргендер қатыса алады.

      35. Конкурсқа қатысуға үміткер адам осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму бағдарламасын (бұдан әрі – даму бағдарламасы) ұсынады.

      36. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін 2 (екіден) кем кандидат конкурстық өтінім ұсынса не конкурстық өтінімдер түспесе немесе кері қайтарылып алынса, онда тиісті саланың уәкілетті органы конкурсты өткізілмеген деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және оны шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      37. 13-тармақта көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде тиісті саланың уәкілетті органы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі аппаратының) интернет-ресурсында тиісті саланың уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін қазақ және орыс тілдерінде жарияланады және тиісті саланың уәкілетті органы оны барлық құжаттармен бірге тиісті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесіне жібереді.

      38. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі, сондай-ақ кандидатуралар ұсынған даму бағдарламалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысында күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде қаралады.

      39. Даму бағдарламасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі кандидатураны қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Барлық кандидатураларды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органына қайта конкурс өткізу қажеттілігі туралы хаттамалық шешімді жолдайды.

      40. Байқау кеңесі білім беру ұйымының даму бағдарламасын қарағаннан кейін, жасырын дауыс беру арқылы және кемінде үштен екісі дауыс бере отырып, Республикалық комиссияның қарауы үшін кандидатураны (кандидатураларды) айқындайды. Кәсіпорынның басшысы дауыс беруге қатыспайды.

      41. Байқау кеңесінің хаттамалық шешімі барлық құжаттармен бірге Республикалық комиссияға беріледі.

      42. Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді және осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес Байқау кеңесінің хаттамалық шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушыларымен) әңгімелесу өткізеді.

      Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      Әңгімелесу қорытындысы бойынша кәсіпорын басшысының лауазымына кандидат айқындалады. Әңгімелесу қорытындысы тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Бұл ретте, жоғары оқу орындарында және/немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілінің болуы басқа да тең жағдайларда кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты айқындау үшін басым негіз болып табылады.

      Егер әңгімелесу нәтижесінде Республикалық комиссия кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтамаса, онда тиісті саланың уәкілетті органы конкурсты өткізілмеген деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және оны тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      43. Республикалық комиссияның шешімі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында көзделген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органының бұйрығымен кәсіпорын басшысын тағайындау үшін негіз болады.

6-тарау. Аттестаттау жүргізу тәртібі

      44. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі талабы кәсіпорын басшысының кәсіби қызметі мен оның қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі болып табылады.

      45. Кәсіпорынның басшысы осы лауазымда болған әрбір 3 (үш) жыл сайын аттестаттаудан өтеді.

      Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей өткізіледі.

      46. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аттестаттау өткізу мерзімдері және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі бекітілетін бұйрық шығарады.

      Аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің, кадр және заң қызметтерінің басшылары енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға және дауыс беру құқығы жоқ хатшы тағайындалады.

      47. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау өткізу күніне дейін бір айдан кешіктірмей оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.

      48. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездеме ресімдейді.

      49. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестациялық парақ ресімдейді, оған аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі енгізіледі.

      50. Аттестаттау әңгімелесу нысанында жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп саналады.

      Аттесталатын кәсіпорын басшысымен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Аттестаттау комиссиясының шешімдері отырыстарға қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол жазбаша нысанда баяндалады және комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.

      51. Комиссия отырысында дәлелді себептермен болмаған кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.

      52. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгімелесуден кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      53. Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.

      54. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.

      55. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап 6 (алты) айдан кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      56. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.

      57. Аттестаттау комиссиясының шешімін Заңның 139-бабына сәйкес бір ай мерзімде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы бекітеді.

      58. Заңның 139-бабына сәйкес аттестаттаудың теріс нәтижелері кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіз болып табылады.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      59. Кәсіпорын басшысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурс өткізу, оны тағайындау және аттестаттау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  Мемлекеттік кәсіпорынның
басшысын тағайындау және
аттестаттау жүргізу, сондай-ақ
оның кандидатурасын
келісу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(конкурс өткізу туралы шешім
қабылдаған тиісті саланың
уәкілетті органының
(жергілікті атқарушы
органның не аудандық маңызы
бар қала, ауыл, кент, ауылдық
округ әкімі аппаратының)
атауы)

Конкурсқа қатысуға өтініш

      Мені, ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

                        (кәсіпорынның атауы)

      кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.

      Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мекен-жай _______________________________________________________

      Байланыс телефондары ______________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________

      _________ _________________________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "____" _______________

  Мемлекеттік кәсіпорынның
басшысын тағайындау және
аттестаттау жүргізу, сондай-ақ
оның кандидатурасын
келісу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Әңгімелесуді өткізу орны, күні және уақыты

1



2



3





      __________________________________________________________________

      (Комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Мемлекеттік кәсіпорынның
басшысын тағайындау және
аттестаттау жүргізу, сондай-ақ
оның кандидатурасын
келісу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: алғашқы - О; қайта - О (Х белгісімен белгілеу)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Туған күні "____" _____________________ ______ жылы.

      3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы мен біліктілігі, біліктілігін арттыру туралы құжаттар)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      4. Атқарып отырған лауазымы және тағайындалу күні

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5. Жалпы жұмыс өтілі _________________________________________

      6. Аттестаттау комиссиясының мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      7. Аттестатталушының пікірі: __________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      8. Дауыс беру қорытындылары бойынша аттестатталушының қызметін бағалау:

      1) аттестатталды (дауыстар саны) _____________________________;

      2) аттестатталмады (дауыстар саны)____________________________;

      3) қайта аттестаттауға жатады (дауыста саны) _____________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________

      (аттестатталушының қолы)

      Аттестаттау өткізу күні 20___ жылғы "_____" _____________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері:

      _________________________________________________________________

      (қолы)

      _________________________________________________________________

      (қолы)

      _________________________________________________________________

      (қолы)

      _________________________________________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________

      (қолы)

      Ұйым мөрінің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады