ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 05.04.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мопедтерді қоспағанда, көлік құралдарын тiркеу үшін оның иелерi (иелерінің өкілдері) мыналарды:"
мынадай мазмұндағы 16-4-тармақпен толықтырылсын:
"16-4. Мопедті тіркеу үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) мыналарды:
1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымы мен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
3) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес мопедті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
4) техникалық құжатты (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметті;
5) мопедтің сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді;
6) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);
7) бұрынғы КҚТК, МТНБ-ны (олар болған кезде);
8) иесінің өкілі жүгінген жағдайда келісімшартты немесе сенімхатты ұсынады."
Қағидалардың 5-қосымшасында:
8-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілген қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін |
";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 16-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Аумақтық полиция органына (көрсетілетін қызметті берушіге) Кімнен: _______________________ ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы)
______________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) не бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)) ________________________________ (заңды мекенжай) өкілі (бар болса): ____________________________________ ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________ (өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі) Мопедті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Мынадай мопедті мемлекеттік тіркеу жүргізуді сұраймын:
1. Маркасы
2. Моделі
3. Шығарылған жылы
4. Басқару құқығына санат
5. Техникалық санат
6. Сәйкестендіру нөмірі(VIN) (*болған кезде)
7. Шасси нөмірі (рамалар) (*болған кезде)
8. Жүктемесіз масса, kg
9. Рұқсат етілген max. салмағы, kg
10. Қозғалтқыш көлемі, текшені қараңыз
11. Қозғалтқыштың ат күші
12. Қозғалтқыш қуаты киловатт
13. Түсі
14. Өндіруші ел
Рамада сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде оны беру "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне 7-қосымшада белгіленген көлік құралдарын сәйкестендіруге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.
___________20____ ж. "____" _______ (қолы) (күні)