Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруының 35 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 7 наурыздағы № 150/19-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 наурызда № 1372-01 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу немесе ауыру салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруының 35 жылдығына орай (2024 жылғы 15 ақпан) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады