"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 194/24-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 шiлдеде № 1387-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1357-01 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      13-тармақтың 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады).";

      14-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – мүгедектігі анықталмаған қатерлі ісігі бар балалар бар аурулары;";

      43-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады);";

      43-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      жолдама құнының 20%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге (әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектерді қоспағанда);

      жолдама құнының 15%-ын төлеумен ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге (әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектерді қоспағанда);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – тегін;";

      43-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады);"

      44-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушының жеке басын куәландыратын құжат, қайтыс болу туралы куәлік.";

      52-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шипажайлық-курорттық емделу құқығы екі жылда бір рет жасы бойынша зейнеткерлер беріледі.";

      54-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жолдама өтініште көрсетілген өтініш берушіге немесе алуға сенімхаты бар басқа тұлғаға беріледі.";

      58-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Астана қаласы бойынша амбулаторлық емдеуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары (бұдан әрі – дәрілік заттардың тізбесі) әлеуметтік көмек шеңберіндегі дәрілік заттар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы өнімдердің және гигиеналық және күтім құралдарының тізбесі бойынша тегін қамтамасыз етіледі.

      Әкімші "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету үшін дәрілік заттардың тізбесін жасайды.";

      64-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "64. Ақшалай төлемдер мына мөлшерлерде беріледі:

      ай сайын:

      1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты:

      35 ш.м-ге дейiн – 1 АЕК;

      35 ш.м-ден 50 ш.м-ге дейiн – 6 АЕК;

      50 ш.м-ден 80 ш.м-ге дейiн – 7 АЕК;

      80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;

      2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 АЕК;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4,5 АЕК;

      4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан басқа да адамдарға – 4,4 АЕК;

      жылына бір рет:

      5) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады), "Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен субсидия алушылар туралы мәліметтер (тізімдер) негізінде тұрғын үй көмегін алатын азаматтарды және тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалпы соманың 50% мөлшерінде субсидия алатын адамдарды қоспағанда – 4,5 АЕК.";

      66-тармақтың жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады).";

      75-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "75. Астана қаласы әкімдігінің жанынан арнайы құрылған Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу түріне ақы төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) алдағы әрбір оқу жылына арналған мамандықтар тізбесін бекітеді.

      Комиссия гранттарды осы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген санаттар бойынша үміткерлердің тестілеу кезінде жинаған ұпайларының максималды санына қарай бөледі.

      Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, комиссия ерекше жағдайларда Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқуға ақы төлеу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.";

      87-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "87. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады) көрсетіледі.";

      92-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "92. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады) көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады