"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № А-12/629 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 желтоқсанда № 8868-03 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:

      "Ақкөл ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 42, 43, 44 - жолдармен толықтырылсын:

      "

42

Белесты тоғаны

30,1 гектар

43

Тарғын бөгеті

50,8 гектар

44

Айтас көлі

18,2 гектар

      ";

      "Барлығы: 41" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 44" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "12104,5 гектар" цифрлары мен сөзі "12203,6 гектар" деген цифрлары мен сөзіне ауыстырылсын;

      "Атбасар ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 30, 31, 32 - жолдармен толықтырылсын:

      "

30

Алтындан бөгеті

14 гектар

31

Алтындан бөгеті 2

2,2 гектар

32

Барыс көлі

22 гектар

      ";

      "Барлығы: 29" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 32" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "6657,7 гектар" цифрлары мен сөзі "6695,9 гектар" деген цифрлары мен сөзіне ауыстырылсын;

      "Бурабай ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 60, 61, 62 жолдармен толықтырылсын:

      "

60

Молдабай көлі

64 гектар

61

Қарағай көлі

4,1 гектар

62

Қарашілік көлі

72 гектар

      ";

      "Барлығы: 56" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 59" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "8153,48 гектар, 73 километр" цифрлары мен сөздері "8293,58 гектар, 73 километр" деген цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      "Ерейментау ауданы" бөлімінде:

      реттік нөмірі 53 жолында "1489" цифрлары "1489 гектар" деген цифрлары мен сөзіне ауыстырылсын;

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 54 - жолмен толықтырылсын:

      "

54

Шарақты карьері

3,7 гектар

      ";

      "Барлығы: 53" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 54" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "11529 гектар, 25,4 километр" цифрлары мен сөздері "11532,7 гектар, 25,4 километр" деген цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      "Қорғалжын ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 35, 36 - жолдармен толықтырылсын:

      "

35

Науөтек көлі

33 гектар

36

Жәкен бөгеті

2,7 гектар

      ";

      "Барлығы: 34" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 36" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "31227 гектар" цифрлары мен сөзі "31262,7 гектар" деген цифрлары мен сөзіне ауыстырылсын;

      "Целиноград ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 70 - жолмен толықтырылсын:

      "

70

Көгілдір карьері

20 гектар

      ";

      "Барлығы: 69" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 70" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "17007,22 гектар, 30,5 километр" цифрлары мен сөздері "17027,22 гектар, 30,5 километр" деген цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      "Шортанды ауданы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 40, 41, 42 - жолдармен толықтырылсын:

      "

40

Ошақ бөгеті

3,8 гектар

41

Шошқалы көлі

112 гектар

42

Шейка өзенінің учаскесі

8 километр

      ";

      "Барлығы: 39" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 42" деген сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "4512,5 гектар, 43,7 километр" цифрлары мен сөздері "4628,3 гектар, 51,7 километр" деген цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      "Көкшетау қаласы" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 2 - жолмен толықтырылсын:

      "

2

Саяжай шұңқыры

13,07 гектар

      ";

      "Барлығы: 1" сөзі мен цифры "Барлығы: 2" деген сөз бен цифрасына ауыстырылсын;

      "1,3 гектар" цифрлары мен сөзі "14,37 гектар" деген цифрлары мен сөзіне ауыстырылсын;

      "Барлғы: 615" сөзі мен цифрлары "Барлығы: 632" сөз бен цифрларына ауыстырылсын;

      "165714,64 гектар, 707,5 километр" цифрлары мен сөздері "166180,31 гектар, 715,5 километр" деген цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Е.Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады