Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласының әкімі | А.Кумпекеев |