Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 "Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 шілдеде № 8789-03 болып тіркелді

      Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716-03 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      келесі мазмұндағы 37 жолмен толықтырылсын:

      "

37.

№ 790 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 63, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы. Шекаралары: Есіл ауданы, Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 63.

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі С.Балжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады