Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/7 "Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 13/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 тамызда № 8808-03 болып тіркелді

      Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8756-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4 – тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын тұтыну нормасы айына бір адамға 80 (сексен) киловатт мөлшерінде белгіленді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы Г.Мустафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады