Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Шортанды ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
Г.Садвокасова |
Бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № А-4/293 қаулысына және Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/3 шешіміне қосымша |
Шортанды ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылымдар | |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||
3750 | 2850 | 15 | 885 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
25000 | 19000 | 100 | 5900 |