2024 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 355 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 желтоқсанда № 8663-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 355 қаулысына қосымша

2024 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Күнбағыс

15 000,0

2

Мақсары

15 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады