Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8435 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы | Т. Көлкебаев |