"Қонаев қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 12-21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8-12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 6146-05 болып тіркелді

      Қонаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қонаев қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 12-21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6069-05 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Бердиханов
      "КЕЛІСІЛДІ" Қонаев қаласының
      аумақтық сайлау комиссиясы

  Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8-12 шешіміне қосымша


Қонаев қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

      1. № 933 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, № 44, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 1-ден № 12-ге дейін, № 20, № 27, № 37, № 38, № 38А, № 38В.

      2. № 934 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 13, № 14, № 21-ден № 26-ға дейін, № 28-ден № 33-ге дейін, № 41/1.

      3. № 935 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан, № 26, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан: № 8-ден № 15-ке дейін, № 16, № 16А, № 18, № 20-дан № 25-ке дейін, № 30, № 47.

      4. № 936 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 9, Жеке кәсіпкер "Малыш балабақшасы".

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан: № 4, № 6, № 7, №8, № 14, № 16, № 18, № 19, с № 20 по № 23, № 24А, №24Б, № 24Г, № 26, № 27.

      5. № 937 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Искорка балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан: № 1-ден № 7-ге дейін, № 29, № 31-ден № 38-ге дейін; Энергетическая көшесі.

      6. № 938 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Қойшыманов көшесі, № 10 "В", "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұр-бөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Ивушка" шағын ауданы; Қонаев көшесі, Абай көшесі, Қойшыманов көшесі.

      7. № 939 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, "Ивушка" шағын ауданы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 18-шағын аудан.

      8. № 940 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Октябрьская көшесі, № 24, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 19-шағын аудан.

      9. № 941 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, № 1, "Алматы облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қонаев қаласының көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Жұлдыз" шағын ауданы; Әсем-Тас" шағын ауданы; Индустриальная көшесі; "Самал" шағын ауданы.

      10. № 942 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №2, "Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі № 1, № 2, № 2а, № 2б, № 3, № 5-тен № 14-ке дейін, № 16, № 16А, № 16Г, № 19, № 20, № 26А, № 26Б, № 28, № 30, № 40, № 46; 20-шағын аудан.

      11. № 943 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, № 28/1, "Қапшағай аймағының газ жүйелері" ЖШС.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Железнодорожная көшесі, ВОХР көшесі, Сейфуллина көшесі № 58, № 88; Спутник шағын ауданы; "Алтын-Алма" бағбандық серіктестігі.

      12. № 944 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Құрама жем зауыты "AгроФуд" ЖШС, Железнодорожная көшесі № 25 Б.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Рауан" шағын ауданы; "Строитель" бағбандық серіктестігі; "Строитель" бағбандық серіктестігі: Абрикосовая көшесі, Вишневая көшесі, Зеленая көшесі, Клубничная көшесі, Луговая көшесі, Яблоневая көшесі; "Энергетик-1", "Заря", "Заря Капшагая", "Связист-1", "Қапшағай Энергетик-1", "Заря Восток", "Бірлесу" бағбандық серіктестіктері.

      13. № 945 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, "Қапшағай бидай өнімдері" ЖШС, Железнодорожная көшесі № 25.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Строитель" бағбандық серіктестігі: Колосок көшесі, Малиновая көшесі, Персиковая көшесі, Садовая көшесі, Сиреневая көшесі, Степная көшесі, Цветочная көшесі, Центральная көшесі, Энергетик көшесі, Ягодная көшесі, Грушовая көшесі, Маяк көшесі, Ветеранов көшесі, Виноградная көшесі.

      14. № 946 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан: № 28А, № 28Б, № 28В, № 28Г, № 28Д, № 34, № 36-дан № 43-ке дейін; 5-шағын аудан: № 5, № 6, № 9, № 10-нан № 13А-ға дейін.

      15. № 947 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан, № 61/1, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орта мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан: № 27-ден № 30-ға дейін, № 35-тен № 39-ға дейін, № 41-ден № 43-ке дейін, № 46, № 48, № 53, № 54, № 56-дан № 58-ге дейін; 5-шағын аудан: № 22, № 23, № 25, № 28.

      16. № 948 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 25, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан: № 2А, № 2Б, № 2В, № 3, № 3/1, № 4; Қонаев көшесі № 3, № 17, № 17/3; Шенгелдинская көшесі, Зареченская көшесі, Капшагайская көшесі; 12 шағын аудан; 12а ықшам аудан; 12б ықшам аудан; Восточный ықшам ауданы; "Гүлдер" ықшам ауданы; "Арна" ықшам ауданы.

      17. № 949 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, № 13/1, Қонаев қаласының қалалық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 15-тен № 19-ға дейін; 3-шағын аудан: № 1, № 2, № 3, № 5, № 10А, № 10Б, № 10В, № 11, № 12, № 15; 4-шағын аудан: № 1-ден 4-ке дейін, № 6, № 18, № 19; Жамбыл даңғылы; Достык көшесі.

      18. № 950 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.А. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан: № 10, № 12, № 16, № 20, № 21, № 23-тен 25-ке дейін, № 26, № 61/1, № 61/2, № 61/3, № 62, № 64, № 66.

      19. № 951 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 10-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазақ орта мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 8-шағын аудан; 10-шағын аудан; "Қарлығаш" шағын ауданы; Ветеринарлық станция көшесі.

      20. № 952 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан: № 15, № 17, № 17б, № 18-ден № 21-ге дейін, № 24, № 26, № 27, № 29-дан № 31-ге дейін, № 33-тен № 38-ге дейін, № 40, № 42, № 44, № 48А, № 50А, № 53, № 55-тен № 57-ге дейін.

      21. № 956 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі, Шеңгелді ауылының Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Шеңгелді ауылы, Казахстанская көшесі, Қожахан баба көшесі, Қабан-Қаблиса көшесі, Момышұлы көшесі, Сейфуллин көшесі, Айымбетов көшесі, Жамбыл көшесі, Қадырғали Жалайыр, Сәтпаев көшесі, Өтеген Батыр көшесі, Мақатаев көшесі, Бражников көшесі, Малайсары көшесі, Бокин кошесі, Ехнич көшесі, Бақтыбай ақын көшесі, Балпық би көшесі, Бейбітшілік көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Бөлек батыр көшесі, Қ.Күрішбаев көшесі, Рысқұлбеков көшесі, А. Жылқыбайұлы көшесі; Шолақ ауылы.

      22. № 957 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, №10, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Шеңгелді ауылы, Московская көшесі, Комсомольская көшесі, Райымбек көшесі, Ескелді би көшесі, Уәлиханов көшесі, Жиенқұлов көшесі, Б. Римова көшесі, Т. Тоқтаров көшесі, К. Тоқаев көшесі, Астана көшесі, М. Өзтүрік көшесі, Балуан Шолақ көшесі, Гвардейская көшесі; "Қайнар" ықшам ауданы.

      23. № 958 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кербұлақ ауылы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Кербұлақ ауылы.

      24. № 959 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сарыбұлақ ауылы, Жалайыр көшесі, № 1, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Сарыбұлақ ауылы.

      25. № 960 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қосқұдық станциясы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосқұдық ауылындағы №9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қосқұдық станциясы; Тасқұм; Құлантөбе; Бөктер разъездері.

      26. № 961 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақөзек ауылы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақөзек ауылы.

      27. № 962 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, № 7, Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қонаев қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, № 7.

      28. № 963 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, № 10, "Шарапат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, № 10.

      29. № 964 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, "Жұлдыз" шағын ауданы, № 32363 әскери бөлімі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, № 32363 әскери бөлімшесі.

      30. № 980 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қонаев қаласы, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті Қонаев қалалық полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, № 14.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады