Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына Жамбыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі "Жамбыл ауданы Айдарлы ауылдық округі Айдарлы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 03-04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166301 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімі | Н. Ертас |